Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Сауықтыру демалысын алдын ала жоспарлаңыз

Құрметті оқырмандар! 9 наурыздан 22 наурызға дейін шипажайда бос орындардың бар екендігі туралы асыға хабарлаймыз!

Сауықтыру демалысын алдын ала жоспарлау үшін:

1) Біздің ресми сайтымыз okzhetpes-burabay.kz көмегімен алдын ала брондауға болады;

2) +7(702)-059-2020 номеріне хабарласып, бос күндерді таңдап, жоспарлай аласыз;

3) Әлеуметтік желідегі парақшамыздағы direct-те жазып, аты-жөніңіз бен байланыс номеріңізді көрсетіп, брондай аласыз.

Сондай-ақ, 10% жеңілдікпен демалыс пакетіне акция жарияланғанын қуана хабарлаймыз.

Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы Сіздерді жылдың ең нәзік мерекесі-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздерге барлық армандарыңыздың орындалуын, көңіл-күйіңіздің әрқашан көтеріңкі болуын тілейміз! Сіздердің нұрлы жүздеріңізді ешқашан мұң шалмасын, дендеріңіз сау, бауырларыңыз бүтін, отбасыларыңыз аман болсын!

Көктемнің жарық күніндей өміріңіз сәнді болғай!

Көктемнің алғашқы күнімен!

Көктем — табиғаттың оянып, жаңаратын сәті. Шабыт пен гүлдену уақыты. Бұл мезгіл – сұлулық, тазалық, жылулық, жарық және махаббат сыйлайтын кез. Сондықтан, өзіңіз бен өз денсаулығыңызға ерекше назар аударыңыз!

Баршаңызды көптен күткен көктемнің басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

 

КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!

«Оқжетпес» ЕСК АҚ баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды! Жаңа жылда, ең бастысы, мықты денсаулық, толағай табыстар мен әр бастамаңызға сәттілік тілейміз!
Біздің шипажайды таңдап, сенім артқан Сіздерге шексіз алғыс! Иммунитетіңіз жоғары, деніңіз сау болсын! Жарқын жүздесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер дәл осы жылы молынан орын алсын!

 

 

ЖЫЛЫНА 365 КҮН, АПТАСЫНА 7 КҮН ЕМДІК ШАРАЛАР!

«Оқжетпес» ЕСК» өз қонақтарына емдеу және сауықтыру рәсімдерін әрқашан ұсынуға дайын. Енді емдеу бөлімі демалыс күндері де жұмыс істейтінін хабарлаймыз! Тіркелу қай күні түсетініне қарамастан, дәрігер сізді қабылдайды және емдеуді тағайындайды.
Емдеу-сауықтыру кешені төмендегілерді қамтиды:

⦁ Мамандардың қабылдауы: терапевт, диетолог, отоларинголог.
⦁ Емдік дене шынықтыру (Стрельников жүйесімен тыныс алу гимнастикасы, бодифлекс, тірек-қимыл аппаратының аурулары бар топ, скандинавиялық серуендеу, жеке жаттығу сабақтары);
⦁ Минералды сумен, дәрілік препараттармен ингаляция;
⦁ Ванналар (минералды, радонды, маржанды, төрт камералы, қылқанды);
⦁ Душтар («Шарко» душы, су асты душ-массаж, өрлемелі душ);
⦁ Балшықпен емдеу;
⦁ Озокеритті-парафинді емдеу;
⦁ Ересектер мен балаларға арналған галокамера;
⦁ Қызыл иекті стоматологиялық суландыру;
⦁ Оттегі коктейлі, фитотерапия;
⦁ Физиотерапиялық емдеу және тағы басқалары.
Біз өзіміздің қонақтарымызға қызмет көрсетуді үнемі жетілдіріп отырамыз! Сіздерді «Оқжетпес» ЕСК-де сауықтыру демалысына күтеміз!

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

Ұрпақтар сабақтастығы – үзілмейтін байланыс. Ол ата жолын мұра еткен ұрпағының өткенге және болашаққа деген ерекше құрметі. Біздің шипажайда да бұл дәстүр өз жалғасын тауып жатыр.
Суретте біздің кешеннің басқарушы директоры – Ақмұрзин Аян.
Оның атасы – Ақмұрзин Әбілхақым Ақмағамбетұлы 1998-2008 жылдар аралығында біздің кешеннің директоры қызметін атқарып, кешеннің дамуына елеулі үлес қосқан құрметті азамат.
Денсаулық саласына ерең еңбегі сіңген атасының өнегесін көрген Аян да дәл осы саланы таңдап, біршама жылдан бері емдеу-сауықтыру кешенінде администратордан бастап, басқарушы директорға дейін қызмет етіп келеді.
Біздің кешенге қонаққа келсеңіз, бірінші күннен бастап Аян мырза сіздермен тікелей байланыста болады.
Сауықтыру демалысында жүздескенше!

ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Жаңа жылға дейін аз күн қалды. Жаңа жылды тойлау кезінде қауіпсіздікді сақтау өте маңызды. Бүгін біз сіздерге осы тақырып бойынша пайдалы нұсқаулық дайындадық. Төмендегі ережелерді сақтап алуға кеңес береміз.

⦁ Егер сіз пиротехниканы (жарылғыш заттарды) қалай пайдалану керектігін түсінбесеңіз, ал нұсқаулық қоса берілмеген немесе ол сізге түсініксіз тілде жазылса, оны пайдаланбағаныңыз жөн;
⦁ Шыршаны тек өнеркәсіптік электр гирляндаларымен жарықтандыру керек;
⦁ Жұмыс істемеген пиротехниканы жөндеуге және екінші рет пайдалануға болмайды;
⦁ Пиротехниканы қатты жел кезінде пайдалануға болмайды;
⦁ Зымырандар мен отшашуларды адамдарға бағыттауға, аяқтың астына тастауға болмайды;
⦁ Жағылған пиротехникалық бұйымдардан 15 метр алыс тұру керек;
⦁ Жағылған отшашулардың үстінен еңкейіп, қарауға болмайды;
⦁ Шыршаны мата және пластикалық ойыншықтармен безендірмеңіз;
⦁ Шыршаның төменгі бөлігін мақтамен жаппаңыз;
⦁ Пиротехниканы қалтаңызға салмаңыз;
Жоғарыдағы сақтық шараларын сақтап, сау жүріңіз!

ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ПРОЦЕСІ СӘТТІ ӨТУІ ҮШІН ШИПАЖАЙДА НЕШЕ КҮН БОЛУ КЕРЕК?

Біздің шипажайда емдеу курсы 5, 7, 10 және 14 күнді құрайды. Дәрігер сіздің денсаулық жағдайыңыздың бәрін ескере отырып, медициналық және сауықтыру процедураларын қамтитын жеке бағдарлама жасайды.

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтер:

⦁ Аппараттық физиотерапия
⦁ Озокериттік аппликациялар
⦁ «Майбалық» минералды сумен стоматологиялық суару
⦁ Гидротерапия
⦁ Бальнеотерапия
⦁ Минералды су қабылдау
⦁ Фитотерапия
⦁ Оттегі коктейлі
⦁ Тамақтану
⦁ Қымызбен емдеу
⦁ ЕДШ, емдік гимнастика
⦁ Терренкур бойынша емдік серуендер
⦁ Ингаляциялар
Брондау бөлімінің байланыс телефоны: +7(702)-059-2020

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ «ОҚЖЕТПЕСТЕ» ӨТКІЗ

Желтоқсан айы мерекелік күндерге толы ай. Олардың ішіндегі ең сиқырлы әрі ұмытылмас әсер сыйлайтыны, әрине, Жаңа жыл.
Егер сіз жаңа жыл алдындағы мерекелерді өткізу үшін идеялар іздесеңіз, онда «Оқжетпес» Сізге жақындарыңызбен пайдалы және жайлы демалыстың келесі нұсқаларын ұсынады:
Қысқы ойын-сауық. «Оқжетпес» ЕСК-де сауықтырудан бөлек әр қонағымыз өз уақытын белсенді өткізе алады. Шаңғымен сырғанау, скандинавиялық серуендеу, әткеншек, терренкурмен серуендеу және тағы басқалары біздің әр қонаққа қолжетімді!
SPA – мерекелік күндерге дейін тәніңізді қалпына келтіру. «Оқжетпес» шипажайында жолдама құнына бассейн, фитнес –зал, фин және инфрақызыл сауналары, фито-бар және спорт залға бару кіреді. Сонымен қатар, жолдама құнына кірмейтін бірқатар басқа да SPA процедуралары бар.
Жайлы интерьер және тамаша көрініс. Бурабайдың әсем табиғаты,бірегей таза ауасы мен 5 мезгіл тамақтану сіздің тонусыңызды арттырып, хал-жағдайыңызды жақсарта алады. Шипажайдың нөмірлік қоры стандартты, люкс және Отбасылық деп бөлінеді.
Тұзды шахта. Тұздың ағзаға пайдасы зор, сондықтан процедураны вирустық инфекциялардың алдын алу үшін жүкті әйелдер мен жас балалар да ала алады.
Жаңа жылдық мерекелерді қайда өткізу жайлы ойланып жүрсіз бе? «Оқжетпес» шипажайымен жайлы әрі пайдалы демалысты біріктіріңіз!
Толығырақ ақпаратты сіз келесі телефондар бойынша ала аласыз:
+7 (702) 059 20 20

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!

Тәуелсіздік – сан ғасырлар бойы халқымыз аңсаған ұлы күн. Туған жерге деген сеніміңіз, үмітіңіз және сүйіспеншілігіңіз, өз күшіңізге деген сеніміңіз бен қуат көзіңіз таусылмасын, игі істеріңіз Ұлы Отанымыздың даңқын арттыра берсін!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның ұжымы әрбір қазақстандық үшін шынайы бақыт, мықты денсаулық, бейбітшілік, амандық, өзара түсіністік пен келісім, келешекке деген сенім тілейді!

Брондау Онлайн төлем Оператор