Дұрыс тамақтану мықты денсаулық кепілі деп бекер айтылмаған, өйткені барлық зат алмасу үрдістері дұрыс және тез жүре бастағанда ғана қоректік заттардың көп бөлігі сіңіріледі, ағза тұрақты және қалыпты жұмыс істейді.
Иммунитетті күшейтудің ең тиімді және жеңіл әдісі теңдестірілгентағам болып табылады. Күнделікті тамақтану рационы жаңа піскен көкөністер мен жемістерге бай болса, сіз дәрумендердің тапшылығынан зардап шекпейсіз.Жемістерде, жаңғақтарда және өсімдіктерде жеткілікті мөлшерде кезедесетін микроэлементтер адам ағзасына өте пайдалы: мырыш, йод, селен, кальций, темір жетіспесе жақсы иммунитет болуы мүмкін емес. Күнделікті тағамға көкөністерді көбірек жиі қосып отырсаңыз ағзадағы микроэлементтердің деңгейі жоғарылайды.
«Окжетпес» ЕСК» АҚ демалушылардың мәзіріне ерекше назар аударады. Біздің аспаздарымыз сіздің ағзаңызды барлық қажетті калория, қоректік заттар және биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуге тырысады. Бізде 4 мезгіл тамақтану ұйымдастырылған. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануға мұқтаж жеке топтар үшін дәрігерлердің тағайындауымен қосымша тамақтану белгіленеді немесе ерекше, жеке тамақтану кестесі тағайындалады. Сондай-ақ, сіздің ағзаңыздың ерекшелігін ескере отырып тиімді мәзір жасайтын біздің диетолог дәрігерімізден жеке кеңес алуыңызға болады.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да емдік тамақтануды ұйымдастыру емдеу үрдісінің бір бөлігі ретінде жалпы медициналық қызмет көрсетудің негізгі шараларының бірі.
Өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз, көңіл-күй – денсаулық кепілі, сондықтан әрдайым жақсы көңіл-күйде жүріңіз.
Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
Минералды су бұл әдеттегі химиялық заттардан басқа көп мөлшерде минералдар мен микроэлементтерден тұратын табиғи текті су. Мұндай су өте пайдалы және оны шығаратын ұңғыма неғұрлым тереңірек болса, ол таза әрі құнды болып есептеледі. Адам ағзасында жетіспеген микроэлементтерді минералды судың көмегімен толтыруға болады. Минералды судың химиялық құрамы хлор (Cl), натрий (Na), магний (кальций), кальций (Ca), сульфат (SO4) және гидрокарбонат (HCO3), осы 6 негізгі компоненттен құралған әртүрлі комбинациядан тұрады. Сондықтан минералды сулар гидрокарбонатты, сульфатты, хлоридті және басқа да минералды суларға бөлінеді.
Минералды судың пайдасы:
Әртүрлі минералды судың өзінің емдік қасиеттері болады.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да «Құлагер-Арасан» сульфатты-хлоридті натрийлі-магнийлі минералды су қолданылады. Оның құрамында «арнайы компоненттер» жоқ, аралас анион-катионды, сәл минералданған, емдік-асхана суы ретінде қолданылады. Маңызды артықшылығы – биологиялық белсенді микроэлементтердің жиынтығы: йод, селен, мыс, мырыш, кобальт, марганец, фтор, бром. Терапиялық әсері өттің бөлінуін және өтімділігін белсендіретін сульфатты және магнийлі иондардың болуымен ерекшеленеді. Сульфат иондары асқазанның көп мөлшерде сөл бөлуін айтарлықтай төмендетеді, ішектердің толқи жиырылуын күшейтіп, тағамдық заттардың аш ішектің бойымен сіңірілуін жоғарылатады, асқазандағы шырыш қоюланады. Натрий мен калий иондары су-тұз алмасуын реттейді.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да минералды су қабылдау күніне 2 рет және тұру құнына кіреді.
Көрсеткіштері: созылмалы өт жолының қабынуы, созылмалы ұйқы безінің қабынуы, асқазан мен 12 елі ішектің жарасы, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы, зат алмасуының бұзылуы (семіздік), созылмалы шаршау белгілері.
Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.