Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

1. Серіктестермен
Жұмыста күн ішінде жоспарланған тамақтанудан басқа, шай ішу, әріптестердің туған күндері, үй тағамдарымен сый-сияпаттар болып жатады – осылайша қосымша  салмақ қосылады.
Бұдан құтылудың жолы: Азық-түліктер біздің көз алдымызда тұрғанда, әлдеқайда көбірек жейміз. Дұрысы, тәттіге көз түсірмегеніңіз жөн, ал әріптестеріңізге тағамның сіздің диетаңызға сай келмейтінін айтып, сыпайы түрде бас тартуға үйреніңіз.

2. Ас талғамаушылық
Біз күн сайын кафеден дұрыс тамақтанам немесе үйден әкелем деп өзімізге уәде береміз. Бірақ, түс болған кезде бизнес-ланчке шыға алмайтынымызды түсінеміз, осылайша тапсырыс беруге тура келеді. Таныс оқиға ма?
Бұдан құтылудың жолы: Арнайы күнделік бастаңыз. Осылайша, тағамдардың санын және сапасын бақылап, зиянды әдет пен артық тамақтанудан аулақ бола аласыз.

3. Кеңседе жарық жеткіліксіз немесе өте суық
Ғалымдар жарық жеткіліксіз болған кезде адамның тағамды көбірек жейтінін анықтады.  Суық болған кезде де солай болады. Норма: жарықтандыру – 500 люкс, температура – 23 ° C.
Бұдан құтылудың жолы: көп уақытыңызды күн астында өкізуге тырысыңыз — түскі уақытта шағын серуендеуге шығыңыз. Егер суық болса, жылы кеудеше немесе жамылғыны жұмыста ұстаңыз. Басшылықпен кеңседегі температура мен жарық мәселесін талқылаңыз.

4. Тым көп жұмыс
Үнемі артық жұмыс істеу  мына екі себеп бойынша салмақтың артуына әкеледі: Біріншіден, спортпен және қимыл белсенділігімен айналысуға болатын бос уақыттың жоқтығы. Екіншіден, ұйқының қанбауы және ұйқының сапасының нашарлығы. Мұның бәрі тәбеттің артуына әкеледі.
Бұдан құтылудың жолы: кез келген тәсілмен белсенділікті арттырамыз.Жеделсатыны пайдаланбаңыз, күндіз қыдырыңыз, жұмысқа дейін және жұмыстан үйге дейін жаяу жүріңіз. Және тым ұзақ отырмаңыз.

5. Күйзеліс және мәңгі дедлайн.
Жұмыста бәрі жайлы болмаған кезде, біз жүйкеміз тозып және күйзеліс аламыз. Біріншіден, май және қанттың мөлшері көбейеді.
Бұдан құтылудың жолы: Еске салсақ, азық-түлік бұл мәселені шеше алмайды.Ұйқы, жаттығу және тыныс алу жаттығуларын медитация ретінде жасаңыз.

Дұрыс тамақтаныңыз және салауатты өмір сүріңіз!

Брондау Онлайн төлем Оператор