Анар дәмді ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы жеміс. Құрамындағы дәрумендер (B, C, E, P) адам денсаулығына оң әсер етеді.
1. Гемоглобинді арттырады. Анардың ең танымал қасиеті – қан аздақпен күресу. Қан аздық кезінде 2 ай бойына тамақтан 30 минут бұрын күніне 3 рет 0,5 шыныаяқпен сұйылтылған анар шырынын қолданыңыз. Гемоглобинді ұлғайту үшін анарды қолдану қажет. Сонымен қатар құрамында темірдің сіңірілуіне ықпал ететін көп мөлшерде С дәрумені бар.
2. Қысымды төмендетеді. Анар тұқымы гипертониялық науқастардың артерия қысымын төмендетеді. Құрғақ және шайға қосылған анар жемісінің жарғақтары жүйке жүйесін тыныштандырады, мазасыздықты болдырмайды және түнгі ұйқыны қалыпқа келтіреді.
3. Гормондардың белсенділігін арттырады. Анар сүйектерінің құрамында гормоналдық теңгерімді қалпына келтіретін майлар бар. Сондықтан анар тұқымдарын лақтырмаңыз, оларды етеккір кезінде ауырсыну, бас ауыру және климакс кезінде жеуге болады.
4. Ауыз қуысы мен тамақты залалсыздандырады. Анар қабығының қайнатпасы немесе оның шырыны тамақты (ангина және фарингит кезінде), ауыз қуысын (гингивит және стоматит кезінде) шаю үшін қолданылады. Илік заттектер ауырсынуды жеңілдетеді, ал органикалық қышқылдар инфекцияны жояды.
5. Инсулинді алмастырады. Анар жемістері – бұл қант диабетімен ауыратын адамдарға рұқсат етіледі және өте пайдалы. Бұл үшін тамақтанудан бұрын күніне 4 рет 60 тамшы шырын қабылдау қажет. Сіз үшінші күні қандағы қант деңгейінің едәуір төмендегенін байқайсыз.
6. Радиацияны шығарады. Анар шырыны радиоактивті изотоптармен жұмыс істейтін немесе жоғары сәулелену аймағында өмір сүретін адамадар үшін б өте пайдалы.
7. Қабынуды басады. Түрлі қабыну аурулары (бүйрек, бауыр, құлақ және көз, буын, гинекологиялық органдар) кезінде анар қабығының қайнатпасын ішу тез жазылуға көмектеседі. Дайындалуы: 2 шай қасық ұсақталған анар қабығына 1 стакан ыстық су құйыңыз, 30 минут бойы су буында ұстаңыз, сүзіңіз, сығыңыз, одан соң қайнаған сумен араластырыңыз. Тамақтанудан 30 минут бұрын күніне 2-3 рет 50 г-нан қабылдаңыз.
8. Теріні емдейді. Егер сіздің теріңізде безеу немесе іріңді бөртпелер пайда болса кілегей немесе зәйтүн майы қосылған, аздап қуырылған, ұнтақталған анар қабығының маскасын пайдаланыңыз. Оны тоңазытқышта сақтау қажет және аптасына 2 реттен артық емес теріге жағыңыз. Кептірілген анар жемісінің ұнтағымен күйіктерді, жарықтарды және болмашы жараларды тиімді емдеуге болады.
Сіздің денсаулығыңызға қамқорлықпен, «Оқжетпес» ЕСК» АҚ!