Тыныс алу жаттығулары — жалпы оңалтудың маңызды әдістерінің бірі. Ауруға қарсы тұру және қалпына келу мүмкіндігін арттыру үшін дәрігерлер таңды тыныс алу жаттығуларымен бастауға кеңес береді.
Көптеген респираторлық инфекциялардың көздегені — өкпе. Себебі, кез келген вирус тыныс алу органдары арқылы ағзаға өте алады. Әсіресе, карантин кезінде қозғалыстың аздығынан үстіртін тыныс алып, газ алмасу төмендейді. Ал тыныс алу гимнастикасы қозғалыстың жетіспеушілігі мен алаңдаушылық сезімін жеңуге мүмкіндік береді. Кейбір жаттығуларды үй жағдайында жасауға болады, басқаларын кәсіби маманның қадағалауында жасаған жөн. Таза ауада, емдік қарағай орманында тыныс алу жаттығуларын жасау екі есе пайдалы!
“Оқжетпес” емдеу-сауықтыру кешенінде тыныс алу гимнастикасы демалушылар арасында өте танымал. Гимнастиканы 15 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы – Ералина Динара Исақызы жүргізеді. Жаттығу таза ауада күніне бір рет 15-20 минуттан жасалады.
Тыныс алу жаттығуларын тұрақты түрде жасай отырып, сіз иммунитетіңізді нығайтуға, жүйкеңізді тыныштандыруға,ағзаңызды қуаттандыруға көмектесесіз. Онымен қоса, әртүрлі аурулардан сақтайды.
Толық ақпаратты +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.