Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ШИПАЖАЙДАҒЫ ХАМАМ МОНШАСЫ

Хамам моншасының ағаза пайдасы туралы баршаға мәлім. Бұл монша біздің де шипажайлк бар. Ондағы ауа температурасы 35-тен 50 градусқа дейін өзгереді.

Шипажайдағы хамам түрік моншасы жолдама құнына кіреді.

Моншаның тірек-қимыл аппараты үшін үлкен пайдасы бар. Тұз жиналу, артрит, ревматизм, бұлшықет созылуы және басқа аурулар кезінде хамамға 2-3 рет барғаннан кейін ұзақ уақыт бойы сізді мазаламайды. Хамам суық тию ауруларын емдеуге көмектеседі.

Сауықтыру демалысында кездескенше!

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз – барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астында біріктіретін ең көне және құрметті мерекелердің бірі. Жаңа жылды қарсы алу ғана емес, сонымен бірге көктемгі күннің теңесуімен қатар, бұл көктем мерекесі, тіршіліктің оянуы, табиғаттың жаңаруы.

Наурыз адамзатты біріктіріп, бейбітшілікке, ізгілік пен өзара көмекке деген ұмтылысты түп-тамырымен жандандырады.

Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен амандық әкелсін!

Сіздерге денсаулық, бақыт, адал достар, мықты отбасы, еңбекте жеміс, көктемгі көңіл-күй мен өмірлік қуаныш тілейміз!

САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Біздің сауықтыру кешенінде 10 емдеу бағдарламасы бар:

  • Covid-19 және пневмониядан кейін науқастарды оңалту. (Емдеу курсы – 7-14 күнді құрайды)
  • Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу – 10-14 күн
  • Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – 10-14 күн
  • Әйел денсаулығы – 10 күн
  • Ерлер денсаулығын нығайту – 10 күн
  • Буындарды нығайту – 10-14 күн
  • Артропатия: подагра – 10-14 күн
  • Ағзаны шлактардан тазарту және бұзылған функцияны қалпына келтіру – 6 күн
  • Сау омыртқа бағдарламасы – 10 күн
  • Тамыр аурулары – 10 күн

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін біздің сайтымыздан таба аласыз.

Брондау бөлімінің байланыс нөмірі: +77020592020

 

 

САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫН АЛДЫН АЛА ЖОСПАРЛАҢЫЗ

Құрметті оқырмандар! 9 наурыздан 22 наурызға дейін шипажайда бос орындардың бар екендігі туралы асыға хабарлаймыз!
Сауықтыру демалысын алдын ала жоспарлау үшін:

  1. Біздің ресми сайтымыз okzhetpes-burabay.kz көмегімен алдын ала брондауға болады;
  2. +7(702)-059-2020 номеріне хабарласып, бос күндерді таңдап, жоспарлай аласыз;
  3. Әлеуметтік желідегі парақшамыздағы direct-те жазып, аты-жөніңіз бен байланыс номеріңізді көрсетіп, брондай аласыз. Сондай-ақ, 10% жеңілдікпен демалыс пакетіне акция жарияланғанын қуана хабарлаймыз.

Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы Сіздерді жылдың ең нәзік мерекесі-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздерге барлық армандарыңыздың орындалуын, көңіл-күйіңіздің әрқашан көтеріңкі болуын тілейміз! Сіздердің нұрлы жүздеріңізді ешқашан мұң шалмасын, дендеріңіз сау, бауырларыңыз бүтін, отбасыларыңыз аман болсын!

Көктемнің жарық күніндей өміріңіз сәнді болғай!

 

 

 

КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІМЕН!

Көктем — табиғаттың оянып, жаңаратын сәті. Шабыт пен гүлдену уақыты. Бұл мезгіл – сұлулық, тазалық, жылулық, жарық және махаббат сыйлайтын кез. Сондықтан, өзіңіз бен өз денсаулығыңызға ерекше назар аударыңыз!

Баршаңызды көптен күткен көктемнің басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

 

 

 

ШИПАЖАЙДАҒЫ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ

Бүгінгі күні диагностикалық аспаптық процедуралардың ең қолжетімді түрі, диагноз қою диагнозды растаудың ең сенімді әрі қажетті әдісі ультрадыбыстық зерттеу – УДЗ болып табылады.

УДЗ барысында зерттелетін мүшелердегі құрылымдық өзгерістерді бағалауға және бақылауға болады. Ол дәрігерлерге дер кезінде ем тағайындап, науқастың өмірін сақтап қалуға үлкен мүмкіндік береді.

“Оқжетпес” емдеу-сауықтыру кешенінде емделушілерге арналған УДЗ-дің келесі түрлері бар:

  • Өт қабының, ұйқы безі және көкбауыр УДЗ
  • Кіші жамбас мүшелерін УДЗ
  • Қуық алды безін және қуықты қалдық зәрді анықтауға арналған УДЗ
  • Қалқанша безін УДЗ
  • Сүт бездерінің УДЗ
  • Бүйректі УДЗ

Процедураны “Оқжетпес” ЕСК-нің дәрігер-терапевты тағайындайды.

Демалысыңызды сауықтырумен бірге үйлестіріңіз!

Толығырақ ақпаратты сіз +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы ала аласыз.

ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ПРОЦЕСІ СӘТТІ ӨТУІ ҮШІН ШИПАЖАЙДА НЕШЕ КҮН БОЛУ КЕРЕК?

Біздің шипажайда емдеу курсы 5, 7, 10 және 14 күнді құрайды. Дәрігер сіздің денсаулық жағдайыңыздың бәрін ескере отырып, медициналық және сауықтыру процедураларын қамтитын жеке бағдарлама жасайды.

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтер:

  • Аппараттық физиотерапия
  • Озокериттік аппликациялар
  • «Майбалық» минералды сумен стоматологиялық суару
  • Гидротерапия
  • Бальнеотерапия
  • Минералды су қабылдау
  • Фитотерапия
  • Оттегі коктейлі
  • Тамақтану
  • Қымызбен емдеу
  • ЕДШ, емдік гимнастика
  • Терренкур бойынша емдік серуендер
  • Ингаляциялар

Брондау бөлімінің байланыс телефоны:
+7(702)-059-2020

 

 

«АНТИКҮЙЗЕЛІС» САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені денсаулықты оңалтуға арналған 10 сауықтыру бағдарламасын ұсынады. Оның бірі, «Антикүйзеліс» сауықтыру бағдарламасы.

Қарбалас тіршілікте күйзеліске бой алдырмау қиынның қиыны. Кейде бәрінен бір сәтке алыстап, ағза мен миға жай ғана тыныштық сыйлаудың өзі күйзелістен шығудың бір жолы. Эмоциоционалды жағдайды ретке келтіру үшін «Оқжетпес» ЕСК күйзеліске қарсы бағытталған сауықтыру бағдарламасын ұсынады.

Кешенді сауықтыру бағдарламасының ұзақтығы – 10 күн.

Егер сізде:

  • созылмалы шаршау синдромы;
  • вегато-тамырлық дистония;
  • астено-невротикалық синдром байқалса, осы бағдарлама аясындағы емшаралардан өтуге кеңес береміз.

Әсері:

  • көңіл-күйді жақсарады;
  • жұмыс қабілеттілігін арттырады;
  • вегетативті жүйке жүйесін қалпына келтіреді;
  • барлық органдар мен жүйелердің жұмысын оңтайландырады.

Брондау бөлімінің байланыс нөмірі:
+7(702)-059-2020

АРНАЙЫ ҰСЫНЫС: ДЕМАЛЫС ПАКЕТІ

Демалыс күндеріне арналған пакетке 10% жеңілдік қосылғанын қуана хабарлаймыз.

Жолдама құнына жұмадан жексенбіге дейінгі емдеу-сауықтыру бағдарламасы кіреді. Демалыс күндерінің пакетіне мыналар кіреді:

• 2 орындық нөмірде тұру
• Күніне төрт рет тамақтану
• Check-up
• Жолдама құнына кіретін кез келген бір емшараны таңдау
• Бассейнге, саунаға, фитнес-залға бару (+спортзал мен бильярд)
• Галокамера
• Терренкурмен серуендеу

Брондау бөлімінің байланыс нөмірі: +7 (702) 059 2020

Брондау Онлайн төлем Оператор