Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

АСТАНА КҮНІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бүгінгі таңда Астана – әлемдегі ең әдемі және жас астаналардың бірі. Ол өзіне әртүрлі елдерден туристер мен қонақтарды тартады, ірі халықаралық іс-шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығы болып отыр. Астананың бейбіт атмосферасы қайталанбас архитектуралық көрініспен, Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен, Қазақстан халқының мәдениеті мен салтының барлық байлығымен ұштастырылады.

Осы маңызды мерекемен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Біздің елордамыз гүлдене берсін, әр отбасының өмірі қуанышты оқиғаларға, шаттық пен болашаққа деген нық сенімге толы болсын!

Сіздерге зор денсаулық, мол табыс пен бақыт тілейміз!

ЕЛОРДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

Құрметті шипажай қонақтары! Баршаңызды 7 шілде, елорда күніне орай өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз! Кеш қонағы еліміздің танымал шоқ жұлдызы, әнші – Бейбіт Қорған.
Мерекелік кеш шипажай аумағында кешкі 20:30-да өтеді.
Көріскенше!

САДАҚ АТУ, ҚЫМЫЗБЕН ЕМДЕУ: ШИПАЖАЙДАҒЫ ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫ

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ағзаны сауықтыру – «Оқжетпес» шипажайының негізгі бағыты. Кейінгі жылдары мұндағы емдеу шаралары да, сауықтыру бағдарламасы да қазақи нақышпен қанықтырылып жатқаны туралы жиі айтылып жүр.

Биыл шипажай «Kazakh Nomad Resort» тұжырымдамасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы халық медицинасын ұсынады. Оған: табиғи емдік шөптермен емдеу, қымыз терапиясы, киіз үйдегі релаксация кіреді. Одан бөлек, шипажай аумағындағы этно-ауылда әр бейсенбі қазанда пісірілген ыстық бауырсақ, садақ ату ұйымдастырылған.

Әр бөлме қазақи интерьермен сәнделген. Мұның бәрі – Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасының бір бөлшегі. Қазақи стильде безендірілген бөлмелер, қымыз, бауырсақ, жент пен жаңа ұйытылған айран Kazakh Nomad Resort тәсілінің шипасына тән мен жанды қатар иландырады.

«Біз қазақ мәдениетінің ең бай элементтерін, дәстүрлерін қызметімізге, тамақ мәзіріне, бөлмелерді нақыштауға пайдаландық. Көл жағасындағы 100 метр сайын орнатылған тақтайшалар арқылы сейіл құра жүріп емдік серуенге қалай бойлап кеткеніңізді аңдамай қалуыңыз мүмкін. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат хикаясы да осы тақтайшаларда бейнеленген. Әр тақтайша қазақ тарихының бір кезеңін суреттейді. Мұның бәрі тән мен жанды қатар емдеу үшін ойластырылған», — дейді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Яков Стерлигов.

КИІЗ ҮЙ ТЕРАПИЯСЫ

Ароматерапия және музыкалық терапия арқылы оңалту. Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасының маңызды жаңалығы – киіз үй терапиясы. Санаторий аумағында психологиялық арылуға арналған киіз үй-бөлме жайғасқан. Келушілер киіз үйдің шипалы ауасымен тыныстап, денені босаңсытатын саз тыңдайды, медитация жасап, от тұтатып, оның хош иісінен ләззат алады.

Киіз үйде ыңғайлы дивандар мен креслолар, жағымды тыныштандыратын музыкасы бар жеке құлаққаптар және айналасында жағымды хош иіс орнатылған.

Сауықтыру демалысында кездескенше!
+7702-(059)-2020

ШИПАЖАЙДАҒЫ ЙОГА КҮНІ

Шипажайымызда Халықаралық йога күніне орай Үндістан мәдени орталығымен ашық аспан астында йога жаттығулары өтті.

Іс-шараға ҚР Үндістан елшілігінің Свами Вивеканд атындағы мәдени орталығының бірінші хатшысы, директоры – Санджай Веди және екінші хатшысы әрі кеңсе басшысы – Виджай Сингх қатысты.

Іс-шараның негізгі үйлестірушісі «Оқжетпес» ЕСК» АҚ өкілдігінің «OqJetpes» бірыңғай операторы.

Біздің санаторийлерде «Жан терапиясы» жаңа сауықтыру бағдарламасының аясында қызықты іс-шаралар әрі қарай жалғасатын болады.

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІМЕН!

Бүгін «Оқжетпес» Бурабай шипажайында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай құттықтау кеші өтті.

Біршама қызметкерлеріміз ел алғысынан бөлек, ҚР Президентінің Іс басқарушысы атынан, ПІБ Медициналық орталығынан, Денсаулық сақтау министрлігі және шипажай басшылығы атынан марапатталды.

Қиын әрі жауапты мамандық өкілдері мен осы салаға қатысы бар барша қызметкерлерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

БУ РЕЛАКСАЦИЯСЫ АЯСЫНДА ОМЫРТҚА АУРУЛАРЫН ТРАКЦИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕМДЕУ

Бүгін шипажайда бу релаксациясы аясында омыртқа ауруларын тракциялық әдіспен емдеуге арналған жаңа аппарат туралы айтып бергіміз келеді.

Емдеудің негізгі әсерлері:

  • омыртқаның жақсаруы;
  • омыртқааралық дискілерге қоректік заттардың ағынын арттыру;
  • омыртқалы баған мен аяқтың қанмен қамтамасыз етілуі мен трофизмінің жоғарылауы;
  • омыртқааралық дискілердің биіктігін арттыру;
  • омыртқаның бұлшықет корсетін нығайту;
  • тірек-қимыл аппаратының ауруы кезінде барлық буындардағы ауырсынудың азаюы, жоғалуы (ревматоидты полиартрит және артрозоартрит, тізе және білек буындары);

Бу релаксациясы аясында омыртқаны емдеудің 10 сеансын алған кезде, терлеу салдарынан салмақ 5-7 кг-ға азаяды, бұл емделушінің жағдайына жағымды әсер етеді.

Брондау бөлімінің байланыс телефоны: +7 (702)-059-2020

ШИПАЖАЙДАҒЫ АС МӘЗІРІ

Тамақтану – бұл емдеу процесінің маңызды компоненттерінің бірі. Сондықтан біз сіздер үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыруда ерекше назар аударамыз.⠀

Біздің емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану режимі, сондай-ақ қымыз қабылдау рәсімі ұйымдастырылған.

  • Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін қонақтар үшін дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақтану белгіленеді немесе жеке тамақтану тәртібі тағайындалады.

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін өз таңдауыңыз арқылы келесі күні алдын-ала тапсырыс беру жүйесін қолданамыз.

Тамақтану жиілігі емдік кезеңге және диетолог тағайындаған диетаға байланысты төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.

Тамақтану тұру құнына кіреді, ал мәзір әр түрлі және оны өзіңіз таңдай аласыз.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз! +7(702)059 20 20

ЕМШАРАЛАР ҚАЛАЙ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?

Шипажайға келген күні сізді міндетті түрде емдеуші дәрігердің қабылдауына жібереді. Дәрігер сіздің денсаулығыңызға қатысты ақпарат арқылы емшаралар тізімін тағайындайды.

⦁ Ол тізімге міндетті түрде жолдама құнына кіретін қызметтер де кіреді.

⦁ Уақыты мен күні сіздің санаторлық-курорттық картаңызда көрсетілген.

Емдеу-сауықтыру кешенінде жүздескенше! Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7702 059 2020 номеріне хабарласуға болады.

ШИПАЖАЙДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП-5 ЕМШАРА

Біз қонақтарымыздың арасында сауалнама жүргізіп, біздің кешенде сұранысқа ие әрі көпшіліктің ең сүйікті медициналық процедураларын анықтадық. Үздік бестікке мына емшаралар кіреді:

  1. Шарко Душы. Бұл сумен емдеу әдістерінің бірі, жоғары қысымды су ағыны арқылы массаж ретінде жасалады.

Айтпақшы, бұл процедураның «жұлдызы» – медбике Күлия ханым. Сол кісінің арқасында емшара ерекше сұранысқа ие. Ол туралы тіпті танымал БАҚ-та бірнеше мақалалар бар.

  1. Панталы бу саунасы немесе панталы бөшке деп те аталады – бұл ағзаны жалпы сауықтыруға арналған емшара. Ол марал пантасы сығындысының буымен толтырылған ағаш бөшкеде, көбінесе балқарағай бөшкесінде жүргізіледі.

 

  1. Озокеритті бастырмалар. Озокериттің емдеу әсері жылу және механикалық шарттар арқылы беріледі. Озокерит әсер ету аумағында 4-5 см тереңдікте қысқа мерзімді (5-40 с.) тарту арқылы терінің температурасын 2-3°С жоғарылатады, соның салдарынан тамырлар кеңейіп қан ағысы күшейеді, қабыну жойылады , зат алмасу жақсарады, бұлшық еттер босаңсып, жұмсарады, ауырсыну басылады.

 

  1. Балшықпен емдеу. Бұл курорттық терапияның ең танымал және өте тиімді әдістерінің бірі. Балпаш көлінің балшықтары құнды химиялық, биологиялық қасиеттерге ие, зат алмасуын қалпына келтіреді, терідегі жүйке ұштарына және жасуша элементтеріне әсер етеді және қабынуға қарсы әсері бар.

 

  1. Массаж. Бізде механикалық және қолмен жасалатын массаждың түрлері бар. Сонымен қатар, биоэнергетикалық массаж процедурасы бар.

Емшаралар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, +7702-059-2020 нөміріне хабарласуға болады.

Брондау Онлайн төлем Оператор