Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Жеңіс күнімен!

«Оқжетпес» шипажайының ұжымы бүгін барлық қонақтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Мерекеге орай, ашық алаңда барлық сақтық шараларын сақтай отырып, мерекелік кеш пен ас берілді.

Барша оқырмандарымызды да Ұлы мерекемен шын жүректен құттықаймыз! Көк туымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!

Отан қорғаушылар күнімен!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ барлық ерлер қауымын және біздің шипажайдың мықты, ақылды қорғаушыларын шын жүректен мерекемен құттықтаймыз!

Сіздердің әрқайсыларыңыз – өз Отанын, өз отбасын, өз ошағын қорғайтын азаматтарсыздар.  Сіздердің қаруларыңыз –  ақыл, кәсібилік пен қолдау көрсете алу! Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!

Қонақта «Atameken business channel» телеарнасының тілшілері

Бүгін шипажайда «Atameken business channel» телеарнасына арналған деректі фильмнің түсірілімі өтті.⠀

Деректі фильм Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді. Фильмде осы жылдар ішіндегі өңірлердің дамуын көрсетеді.

Телеарна редакциясы «Оқжетпес» шипажайын Ақмола облысының ең үздік сауықтыру кешені ретінде таңдады.

Кадрда жалпы мәселелер жөніндегі Вице-президент – Яков Васильевич Стерлигов.

Байқау жеңімпаздары сауықтыру демалысында

1 сәуір күні @okzhetpes_borovoe парақшасында ең алғашқы ауқымды инстаграм байқауын жариялаған едік. 14 күнге созылған байқау нәтижесі кездейсоқ сандар генераторының көмегімен тікелей эфирде анықталды. Байқау қорытындысымен @Abildaevy_2015 аккаунты жеңімпаз атанып, жолдасымен бірге 5 күндік демалысқа біздің шипажайға сауықтыру демалысына келді.

Байқауға қатысып, бізге сенім артқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздың бейне-пікірін мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://www.instagram.com/p/CO9pd6sne7T/

Ата-аналарға ең жақсы сыйлық – денсаулық!

Біздің қонақтар балалардың бізге жібергені туралы мақтанышпен айтқан кезде, біз олармен бірге қуанамыз! Өйткені, ең құнды нәрсе – бұл ата-ана денсаулығы және ұзақ өмір сүруі. Әрине, біз оны нығайтуға үлес қоса алатынымызға екі есе қуаныштымыз!

Сеніміңіз үшін рақмет!

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Брондау үшін:

+7 702 059 2020

Осы сенбі сағат 10: 00-де бізді «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар!

«Хабар» телеарнасында «Tangy Fresh» таңғы бағдарламасында ертең «Оқжетпес» шипажайы туралы сюжет көрсетіледі.

«Tangy Fresh» -қызықты қонақтармен және денсаулық туралы түрлі айдарлармен 60 минутқа созылатын ақпараттық-танымдық бағдарлама.

«Хабар» телеарнасының журналистері «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенін таңдап, «Отбасылық демалыс» айдарында қай жерде демалып, сауықтыру емінен өтуге болатынын және Covid-19-дан қалпына келтіруге арналған арнайы бағдарлама жайлы айтып берді.

Тікелей сілтеме:

https://youtu.be/xHezYpVNmZg

Жеңімпазды құттықтаймыз!

Тікелей эфирдің толық нұсқасын мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://www.instagram.com/p/CNHTPaXHoK3/  Тікелей эфир IGTV-де сақталып тұр.

Барлық шарттар мұқият тексерілді. Жеңімпазды құттықтаймыз! @abildaevy_2015

Белсенді оқырмандарымызға мың алғыс! Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Тікелей эфирде жеңімпазды жариялаймыз!

Құрметті достар! Ертең (15 сәуір) сағат 16:00-де instagram парақшамыздың тікелей эфирінде жеңімпазды жариялаймыз! Қосылуды ұмытпаңыздар!

Суретте жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент – Яков Васильевич Стерлигов және Басқарушы директор – Нұрсұлтан Жұмабекұлы Иманбердиев.

Тікелей эфирде жүздескенше!

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Қасиетті Рамазан айының басталуымен баршаңызды құттықтаймыз!

Рамазаннан Рамазанға, оразадан оразаға есен-саулықпен жете берейік!

Ниет қабыл болсын!

Қонақтарымыз біз туралы

«Міне, менің «Оқжетпес» шипажайындағы демалысым аяқталды. Ұйымның барлық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін!

Емдеу блогының медицина қызметкерлеріне, дәрігер Г.К. Азбаеваға, «Шарко» душ кабинетінің мейірбикесі – Күлия Сүлейменоваға, сумен емдеу емшарасындағы – Айгүл Әлімбетоваға, массаж кабинетіндегі – Жазираға кәсібилігі мен игілікті еңбегі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін!

Мейрамхана аспаздарына дәмді тағамдары үшін, даяшыларға жеделдігі мен нақты жұмысы үшін алғысымды білдіремін!

Сондай-ақ, супервайзерлерге тазалық пен жайлылық, бассейн қызметкерлеріне демалушыларға ықыласты қарым-қатынасы үшін алғыс айтамын.

Әсіресе, демалушылардың өтініштеріне жедел жауап бергені үшін Instagram парақшасының әкімшісіне алғысымды білдіремін!

Сіздерге шын жүректен денсаулық,бақыт және амандық тілеймін! Құрметпен, демалушы Бағжан Мұхаметбек!»

Кері байланыс үшін көп рақмет! Сізді тағы да сауықтыру-демалысында күтеміз!

Брондау Онлайн төлем Оператор