Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Қонақтар пікірі

«Оқжетпес» ЕСК әкімшілігіне, әсіресе Любовь Васильевна мен Нұрсұлтанға адами жылы қарым-қатынасы үшін алғысымды білдіргім келеді…» – дәл осылай 2ГИС қосымшасында қонағымыз өз пікірін осылай бастайды.

Біз сізді қызықтыратын сұраққа қашан да жауап беруге және кез келген жағдайды шешуге көмектесуге әрқашан қуаныштымыз.

Сізге деген қамқорлықпен, “Оқ-Жетпес” емдеу-сауықтыру кешені!

Тәні саудың – жаны сау

Біздің шипажайда толық жабдықталған фитнес залы бар. Сіздің қолайлығыңыз үшін фитнес зал жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді.

Спортзалда:

* Жүгіру жолдары;

* Power Plate Тренажерлары;

* Жаттығу велосипеді;

* Жоғарғы блокты тартуға арналған тренажер;

* Квадрицепс машинасы;

* Спорттық құрал-саймандар бар (фитболлар, құрсау, степ платформалар, гантельдер, штангалар және т.б.).

Брондау бөлімімен байланысу үшін 8702-059-2020 номеріне хабарласа аласыз.

Жаңа жылды «Оқжетпеспен» қарсы ал!

Жаңа жылға бар-жоғы 60 күн ғана қалды.

Егер сіз жаңа жылдық мерекелерді қайда өткізуге болатынын іздеп жүрген болсаңыз, онда «Оқжетпес» шипажайы сізге жақындарыңызбен пайдалы, жағымды және денсаулыққа қауіпсіз демалыс өткізуді ұсынады!

Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

+7(702)-059-2020

Команда жинап, біздің қызметкерлер тобын жең!

Әр дүйсенбі біздің «Оқжетпес» құрама командасы кез келген қатысушымен волейбол ойнауға дайын.

Егер сіз осы қызықты спорт түрін ойнағанды ұнатсаңыз немесе жанкүйері болсаңыз, бүгін сағат 18:00-де шипажай спорт залына келіңіз.

Бас жүлде – жақсы көңіл-күй!

Жайлы сауықтыру демалысы

Күз мезгілінде күн салқындап бастаған соң бәріміз жылулық пен жайлылықты аңсаймыз!

Салқын ауа-райында ыстық саунада жылынудан жақсы не болуы мүмкін? Онымен қоса, сергітетін бассейнде жүзу мен түрлі процедуралмен толықтырсаңыз ше? Фитобардағы шөптен жасалған емдік шаймен жылыну тіпті бөлек әңгіме.

Сіздің жайлы демалысыңыз үшін біздің шипажайда:

  • Бассейн
  • Фитнес-зал
  • Төрт түрлі фин саунасы
  • Инфрақызыл сауна
  • Фито-бар
  • Спорт залы бар.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

«оқжетпес» шипажайы несімен ерекше?

Ең бірінші – Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең әдемі көлінің жағасында орналасуы.

Радонды терапия. Меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсетуімен;

173 демалушыға арналған нөмірлік қоры бар. Жыл бойы жұмыс істейді, бұл дегеніміз, сіздің бізбен бірге сауықтыру демалысын өткізуіңіз үшін 365 күніңіз бар!

Физиотерапевтік кабинеттер, балшықпен емдеу, урологиялық, стоматологиялық, массаж және емшара кабинеттері бар;

Әр терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық негізге ие;

Мониторингтің ең маңызды әдістері – ультрадыбыстық, функционалды, электрокардиографиялық, зертханалық диагностиканы ұсынады;

Онымен қоса, «Оқжетпес» шипажайы Еуропалық стандарттарға сәйкес, жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылысы үшін «Еуропалық сапаға лайықты» халықаралық марапатына ие болған.

Сіздерді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде күтеміз!

Тыныс алу жолдарының ингаляциясы

Күз – бұл суық тию мен тұмаудың уақыты. Cондықтан осы маусымның барлық “сыйлығынан” аулақ болу үшін тыныс алу жолдарының ингаляциясын жиі жасауға кеңес береміз.

Ингаляция әсіресе коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту аясында маңызды және пайдалы.

Емдік компоненттер ретінде біз шөптерді, минералды суды, эфир майларын қолданамыз.

Біздің кешенде басқа оңалту процедураларымен бірге ингаляция курсынан өтуге болады.

Қосымша ақпарат:

+7(702)059 20 20

Біздің жұлдызды қонақтарымыз

Белгілі киноактер Жан Байжанбаев бізде сауықтыру демалысында. Бейне шолуды төмендегі сілтемеден көре аласыз:

https://www.instagram.com/p/CVKnTDaD8Sx/

Көңіл бөліп, жылы сөздеріңіз бен шынайы тілектеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сізді сауықтыру демалысында тағы да күтеміз!

Шипажайға өзіңмен бірге не алып келу керек?

Көптеген адамдар сауықтыру демалысына келер алдын өзімен бірге не алуға болатыны жайлы жиі ойланады. Біз сіздерге ең қажетті заттардың тізімін жасадық. Сақтап алуды ұмытпаңыздар!

  • Құжаттар (жеке куәлік, санаторлы-курорттық карта, ересектер мен 5 жастан асқан балаларға коронавирустық инфекция жоғын растайтын ПЦР-тест анықтамасы (үш күн жарамды).
  • 5 жасқа дейінгі балалар учаскелік педиатрдан эпидемиологиялық орта туралы анықтама және туу туралы куәлік);
  • Ыңғайлы киім және аяқ киім (Спорттық костюм, джинсы, кроссовки және бассейнге арналған аяқ киім);
  • Мейрамханаға немесе караоке-клубқа баруға арналған сәнді киім (қалауы бойынша)
  • Гигиеналық керек-жарақтар (тіс пастасы мен тіс щеткасы, сусабын мен кондиционер, сабын, тарақ, ұстара сынды керек-жарақтар);
  • Ұялы телефон, зарядтау құрылғылары, фотоаппарат (міндетті емес)

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Толық ақпаратты сіз мына телефон арқылы ала аласыз:

+7 702 059 2020

«ОҚЖЕТПЕС» ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ КҮЗГІ АТМОСФЕРА

Сиқырға толы мына суреттерге назар аударыңыз! Табиғат тек сұлулығымен емес, ағзаңызға тигізер жақсы әсерімен де тамсандыра алады!

Біз сіздерді шипажайдың таңғажайып әдемі көріністерімен ғана емес, емдік пейзаждарымен де рахаттануға, тамсануға шақырамыз!

Табиғат сұлулығынан шабыт алыңыз, таза ауада жиі серуендеп, сау болыңыз!

Сізге деген қамқорлық, «Оқжетпес» ЕСК!

Брондау Онлайн төлем Оператор