Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Жаңа жылға дейін 10 күн қалды. Жаңа жылды тойлау кезінде қауіпсіздікді сақтау өте маңызды. Бүгін біз сіздерге осы тақырып бойынша пайдалы нұсқаулық дайындадық. Төмендегі ережелерді сақтап алуға кеңес береміз.

Егер сіз пиротехниканы (жарылғыш заттарды) қалай пайдалану керектігін түсінбесеңіз, ал нұсқаулық қоса берілмеген немесе ол сізге түсініксіз тілде жазылса, оны пайдаланбағаныңыз жөн;

Шыршаны тек өнеркәсіптік электр гирляндаларымен жарықтандыру керек;

Жұмыс істемеген пиротехниканы жөндеуге және екінші рет пайдалануға болмайды;

Пиротехниканы қатты жел кезінде пайдалануға болмайды;

Зымырандар мен отшашуларды адамдарға бағыттауға, аяқтың астына тастауға болмайды;

Жағылған пиротехникалық бұйымдардан 15 метр алыс тұру керек;

Жағылған отшашулардың үстінен еңкейіп, қарауға болмайды;

Шыршаны мата және пластикалық ойыншықтармен безендірмеңіз;

Шыршаның төменгі бөлігін мақтамен жаппаңыз;

Пиротехниканы қалтаңызға салмаңыз;

Жоғарыдағы сақтық шараларын сақтап, сау жүріңіз!

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!

Тәуелсіздік – сан ғасырлар бойы халқымыз аңсаған ұлы күн. Туған жерге деген сеніміңіз, үмітіңіз және сүйіспеншілігіңіз, өз күшіңізге деген  сеніміңіз бен қуат көзіңіз таусылмасын, игі істеріңіз Ұлы Отанымыздың даңқын арттыра берсін!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның ұжымы әрбір қазақстандық үшін шынайы бақыт, мықты денсаулық, бейбітшілік, амандық, өзара түсіністік пен келісім, келешекке деген сенім тілейді!

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ИНСТА-БАЙҚАУ

Біз өз оқырмандарымызды инста-байқау арқылы тағы да қуантқымыз келеді. Байқау жеңімпазына 5 күндік 2 жолдама сыйлаймыз.

Байқау шарттары:

* @okzhetpes.borovoe парақшасына жазылыңыз;

* Байқау жарияланған посттың астына 5 досыңызды белгілеңіз;

(жалған парақшалар қабылданбайды)

* Соңғы 10 суретке лайк басыңыз;

* Парақшадағы кез келген суретті өз stories-іңізге жүктеп, міндетті түрде @okzhetpes.borovoe парақшасын белгілеу керек;

Байқау кезінде парақшаңыз ашық болуы шарт. Жеңімпазды 20 желтоқсан кездейсоқ сандар генераторының көмегімен тікелей эфирде анықтаймыз.

Сәттілік!

Шипажай президенті жаңа жаста

Шипажай ұжымы атынан шын жүректен «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ Президенті Беркінбаев Қайрат Шерәліұлын туған күнімен құттықтаймыз!

Осы сәтті пайдалана отырып, Қайрат Шерәліұлына зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн Тәуелсіздік жылдарында өткен жолдар мен барлық қазақстандықтардың мемлекетті нығайту мақсатындағы бірлескен еңбегі және Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елдің дамуына қосқан зор үлесін еске түсіретін айтулы күн.

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейміз! Бәрімізге ортақ мемлекетіміз – Қазақстан өсіп, дами берсін!

Сауықтыру және емдеу бағдарламаларының түрлері

Біздің сауықтыру кешенінде 10 емдеу бағдарламасы бар:

* Covid-19 және пневмониядан кейін науқастарды оңалту. (Емдеу курсы – 7-14 күнді құрайды)

* Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу – 10-14 күн

* Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – 10-14 күн

* Әйел денсаулығы – 10 күн

* Ерлер денсаулығын нығайту – 10 күн

* Буындарды нығайту – 10-14 күн

* Артропатия: подагра – 10-14 күн

* Ағзаны шлактардан тазарту және бұзылған функцияны қалпына келтіру – 6 күн

* Сау омыртқа бағдарламасы – 10 күн

* Тамыр аурулары – 10 күн

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін біздің сайтымыздан таба аласыз.

Шығармашылық концерттен бейне есеп

Кеше шипажай акт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, флейташы Байсағатов Бекболаттың біздің қонақтарымызға арналған шағын шығармашылық кеші өтті.

Назарларыңызға концерттен үзінді ұсынамыз. Тікелей сілтеме:

https://www.instagram.com/tv/CWc8J_1DGkc/?utm_medium=copy_link

«Сиқырлы флейта» шығармашылық кешіне шақырамыз!

Ертең,18 қараша, кешкі 20:30-да шипажай акт залында өтетін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, флейташы Бекболат Байсағатовтың «Сиқырлы флейта»  атты шағын шығармашылық кешіне шақырамыз!

Шипажайға барар алдында нені білу керек?

Шипажайға адамдар күш-қуатын арттыруға, сауығуға және денсаулығын қалпына келтіруге келеді.

Бұл ең алдымен:

* Табиғи күштердің (климаттың, минералды сулардың, емдік балшықтардың) сауықтыру әсері,

* Және қазіргі заманғы медицинаның жетістіктері (дұрыс тамақтану, әртүрлі емшаралар, жаңа жабдықтар және емдеу мен сауықтырудың инновациялық әдістері) арқылы өзіңізге және денсаулығыңызға уақыт бөлу.

Бос орындар 19 желтоқсаннан бастап бар.

Брондау бөлімінің байланыс телефоны: 8702-059-2020

«Оқ-Жетпес» брендімен біріккен үздік шипажайлар

Назарларыңызға «Оқ-Жетпес» брендімен біріккен шипажайлар туралы сюжетті ұсынғымыз келеді.

Деректі фильмнің толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы өтіп, көре аласыз:

Брондау Онлайн төлем Оператор