«Оқжетпес» ЕСК» АҚ барлық ерлер қауымын және біздің шипажайдың мықты, ақылды қорғаушыларын шын жүректен мерекемен құттықтаймыз!
Сіздердің әрқайсыларыңыз – өз Отанын, өз отбасын, өз ошағын қорғайтын азаматтарсыздар. Сіздердің қаруларыңыз – ақыл, кәсібилік пен қолдау көрсете алу! Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!
Хамам моншасының ағаза пайдасы туралы баршаға мәлім. Бұл монша біздің де шипажайлк бар. Ондағы ауа температурасы 35-тен 50 градусқа дейін өзгереді.
Шипажайдағы хамам түрік моншасы жолдама құнына кіреді.
Моншаның тірек-қимыл аппараты үшін үлкен пайдасы бар. Тұз жиналу, артрит, ревматизм, бұлшықет созылуы және басқа аурулар кезінде хамамға 2-3 рет барғаннан кейін ұзақ уақыт бойы сізді мазаламайды. Хамам суық тию ауруларын емдеуге көмектеседі.
Сауықтыру демалысында кездескенше!
Кеше біздің шипажайда Қазақстанның танымал суретшілерінің суреттерін көрсетуге арналған кеш өтті.
Көрмеге келесі суретшілер қатысты:
* Алпысбай Қазғұлов – суретші, “Парасат” орденінің иегері, Суретшілер одағының мүшесі;
* Әлжан Серікпай – суретші, «Мәдениет қайраткері» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* Хамол Хамиров – суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі;
* Нодир Бобомурадов – Өзбекстанның үздік суретшісі, Жас суретшілер одағының мүшесі;
* Динара Нугер – суретші, өнертанушы, “Мәдениет үздігі”;
* Қабықожаева Әлия – суретші, ҚР Жас одақтастар одағының мүшесі;
Барлық тілек білдірушілер өздерін суретші ретінде сезініп, шеберлік сабағына қатыса алды. Көрмеден алған эмоциялар ұзақ уақыт бойы қатысушылардың жүрегін жылытатыны анық!
Бүгін біз сізге лазерлік терапия процедурасы туралы айтқымыз келеді.
Бұл процедураға жасқа қарсы көрсетілімдер жоқ, мысалы, балалардағы аденоидтерді лазерлік терапия процедурасымен емдеудің тиімділігі дәлелденген.
Біздің шипажайда бұл емшара жүйке жүйесінің, тыныс алу жолдарының бұзылуы, тері аурулары, жүрек-тамыр жүйесі, тірек-қимыл жүйесі, зәр шығару жүйесінің бұзылуы сияқты ауруларды оңалту және алдын-алу үшін қолданылады.
Біз лазерлік терапияны балшықпен емдеу, минералды сумен емдеу сынды емшаралармен қатар тағайындаймыз. Мұның бәрі жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Денсаулығыңызды бүгіннен бастап қолға алыңыз, ал біз сізге көмектесеміз!
Брондау бөлімінің байланыс номері: +7(702)-059-2020
Біздің шипажай басшылығы қашан да кері байланысқа ашық және қонақтармен қатар, шипажай ұжымымен де жиі кездесулер өткізіп тұрады. Бүгін де сағат 16.00-де шипажай акт залында басшылықтың ұжыммен кездесуі өтті. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша ұйымды дамытудың негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы президент Қайрат Беркінбаев ұжым алдында баяндама жасады.
Талқылау барысында қызметкерлер өндірістік сипаттағы мәселелерді көтеріп, жұмыс барысы мен әлеуметтік пакеттерге қатысты қызықтырған сұрақтарын да қойды. Кездесу қорытындысы бойынша, басшы жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алды.
Әңгімелесудің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы өтіп, көре аласыз: https://www.instagram.com/tv/Cc7nZ4ujjDC/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Ингаляция – емдік мақсатта биологиялық активті заттарды не дәрі-дәрмектерді дем арқылы ағзаға енгізу әдісі. Бұл суықты және жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған тамаша құрал. Ингаляция емі тыныс алу жолдары ауруларында, суық тигенде және созылмалы өкпе қабынуы сынды ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Процедураның негізгі мақсаты – қақырықты сұйылту және оны өкпе мен бронхтан шығару. Ингаляция емдік шөптер немесе эфир майларын қосу арқылы да жасалады.
Ағзаға енгізілген дәрі-дәрмекке байланысты келесі емдік әсерлерге қол жеткізуге болады:
қабынуға қарсы;
антимикробтық;
қақырық түсіретін;
бронхолитикалық;
иммунитетті күшейтетін;
тыныштандыратын әсер.
Әсіресе, коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту бағдарламасында ингаляцияның маңызды және пайдасы зор. Ингаляция курсын басқа да оңалту процедураларымен бірге біздің шипажайда өтуге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы қоя аласыздар.
Біздің кешеннің қызметкерлері “Birge – taza Qazaqstan”республикалық экологиялық акциясын қолдады. Сенбілік аясында жаңа ағаштар отырғызылып, ауланың барлығы толығымен тазартылды.
Шипажайда гирудотерапия жаңа медициналық процедурасы іске қосылды
Гирудотерапия – денені сүліктермен табиғи емдеудің ең көне әдісі.
Бұл процедура біршама асқынуларды алдын алады. Сүліктер омыртқалы дискілердің арасына, зардап шеккен аймақтың үстіне және астына қойылады. Емшара массажбен, дәрі-дәрмектермен, дәрігер ұсынған диетамен бірге жүреді.
⠀
Сүліктердің саны мен емдеу ұзақтығын гирудотерапевт пациенттердің ауруының диагнозы мен сатысы бойынша тағайындайды.
⠀
Сүліктермен емдеудің пайдалы әсерін сезінгіңіз келсе, біздің шипажайға келіңіз!
Адамға оттегі қажет екенін бәріміз білеміз. Бірақ, оттегі терапиясы Сұлулық пен денсаулықты сақтаудың тиімді әдісі болады деп ешкім болжай алмады. Ұзақ уақыт бойы ең танымал және өте дәмді әдіс – оттегі коктейльдерін қабылдау болды.
⠀
* Біздің фитобарымызда күн сайын біз қонақтарға ең пайдалы оттегі коктейльдерін дайындаймыз.
⠀
Курсты қабылдау кезінде:
– Оттегі тапшылығының тез орнын толтыру
– 250 мл оттегі коктейлі таза ауада серуендеудің 2-3 сағатын алмастырады
– Жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жолдарының жұмысы жақсарады
– Бауыр жұмысы жақсарады
– Аштық сезімі азаяды
– Шаш пен тырнақ терісінің жағдайы жақсарады
– Ағзаның жасаруына септігін тигізеді.
⠀
Сіздің денеңіз, әсіресе көктем мезгілінде, қолдауды қажет ететінін ұмытпаңы!
⠀⠀
Брондау бөлімінің байланыс номері: +7(702)-059-2020
Құрметті қонақтар! Шипажай бассейні шағын жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылғанын қуана хабарлаймыз!
⠀
Жұмыс уақыты:
• Сейсенбі мен жексенбі аралығында 8:00-ден 20:30-ға дейін;
Түскі үзіліс 14:00-15:00 аралығында;
• Дүйсенбі – санитарлық күн;
• Су температурасы 27 градус.
Брондау үшін:
+7 702 059 2020