Дәл қазір біздің шипажайда нар тұлғаның ұлы, музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Біржан Хасанғалиев отбасымен сауықтыру демалысында.
Ем болсын!
Біздің шипажайда ғимараттар жанында орналасқан жеке құмды жағажайы бар.
Жағажайда жайлы демалыс үшін барынша жағдай жасалған: киім ауыстыратын бөлмелер, қолшатырлары бар. Сондай-ақ су іс-шараларына арналған катамаранда мен қайықтар да қарастырылған. Емшарадан бос уақытта жағажайға келіп, күнге қыздырынып, шомыла аласыз.
Сауықтыру демалысында жүздескенше!
Брондау үшін:
+7 702 059 2020
Тыныс алу жаттығулары — жалпы оңалтудың маңызды әдістерінің бірі. Ауруға қарсы тұру және қалпына келу мүмкіндігін арттыру үшін дәрігерлер таңды тыныс алу жаттығуларымен бастауға кеңес береді.
Көптеген респираторлық инфекциялардың көздегені — өкпе. Себебі, кез келген вирус тыныс алу органдары арқылы ағзаға өте алады. Әсіресе, карантин кезінде қозғалыстың аздығынан үстіртін тыныс алып, газ алмасу төмендейді. Ал тыныс алу гимнастикасы қозғалыстың жетіспеушілігі мен алаңдаушылық сезімін жеңуге мүмкіндік береді. Кейбір жаттығуларды үй жағдайында жасауға болады, басқаларын кәсіби маманның қадағалауында жасаған жөн. Таза ауада, емдік қарағай орманында тыныс алу жаттығуларын жасау екі есе пайдалы!
“Оқжетпес” емдеу-сауықтыру кешенінде тыныс алу гимнастикасы демалушылар арасында өте танымал. Гимнастиканы 15 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы – Ералина Динара Исақызы жүргізеді. Жаттығу таза ауада күніне бір рет 15-20 минуттан жасалады.
Тыныс алу жаттығуларын тұрақты түрде жасай отырып, сіз иммунитетіңізді нығайтуға, жүйкеңізді тыныштандыруға,ағзаңызды қуаттандыруға көмектесесіз. Онымен қоса, әртүрлі аурулардан сақтайды.
Толық ақпаратты +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
Сіздермен біздің демалушыларымыздың игі ісімен бөліскіміз келеді. Қонақтарымыздың бастамасымен жақын маңдағы аумақтағы барлық қоқыс жиналды.
Абылай хан алаңында серуендеп жүрген қонақтарымыз Айгүл ханым мен Жаламан мырза қоқысты байқап, оны жинап, аумақты тазалауға кіріскен. Айналамыздағы сұлулықты бағалай алатын осындай керемет қонақтарымыздың табиғатымызды сақтап қалуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
Сіздерді де табиғатты сүюге және оғане қамқорлық жасауға шақырамыз!
«Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері челленджді қабылдап, «Almaty resort» шипажайындағы әріптестеріне жолдады.
Челлендждің мақсаты: әріптесімен жұмыс қызметін ауыстырып, оның қызығы мен қиындығын сезініп көру.
Осылайша, бүгін емдеу-оңалту жұмыстары жөніндегі вице-президент медбике рөліне ауысып, жалпы сұрақтар бойынша вице – президент әкімші, қаржы мәселелері жөніндегі вице – президент ресепшнға тұрып, басқарушы директор швейцар рөліне ауысты.
Мұндай челлендждер ұжымды одан әрі жақындастырып, шипажайымыздың қонақтарымен байланысты нығайтады.
Толығырақ төмендегі сілтемеге өтіп, көре аласыздар.
https://www.instagram.com/reel/CgdywMCjJCT/
Бүгіннен бастап біз «Оқжетпес» брендіне кіретін үш шипажай арасында жаңа #челлендж бастағымыз келеді.
Challenge-ге шипажай басшылары мен ұжымы қатысып, өзара қызметімен ауысып, бір-бірінің жұмысын атқарып көреді.
Бұл эксперименттің бірінші кейіпкері – «Оқжетпес» ЕСК АҚ президенті Қайрат Беркінбаев.
Бір күні бойы Қайрат мырза ресепшнге келген қонақтарды жайғастырып, Call-орталыққа түскен сұрақтарға жауап берді.
Мұндай жоба қызметкерлер арасында бір-бірінің қызметін жақсырақ түсініп, қонақтармен жақынырақ байланыс құруға көмектеседі.
Кеше шипажайда әлем халықтары жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы мырзаның шығармашылық кеші өтті.
Кеште қонақтарымыз ақыннын өлең-жинақтарымен танысып, қазақ тілінің қадір-қасиетін сөз етіп, рухани байытқан кештен ерекше әсермен қайтты.
Құрметті оқырмандар мен қонақтар!
Қазгидромет алдағы күндері ауа температурасының көтерілуін жобалады.
Күн мен сәуле соққыларын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береміз:
* бас киім киюді ұмытпаңыз, бас киім материалы барынша жеңіл әрі ашық түсті болғаны жөн
* серуендеуге таңертең немесе 16:00-ден кейін шығыңыз
* дене белсенділігінің жоғарылауынан аулақ болыңыз
* судың біркелкі мөлшерін пайдаланыңыз
* қосымша су рәсімдерін енгізіңіз
Сізге және денсаулығыңызға деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!
Біздің шипажайға тек емделу үшін ғана емес, жан мен тәннің демалуы үшін келеді.
Бүгін сіздермен емшаралардан тыс уақытта өтетін іс-шаралар кестесімен бөліскіміз келеді:
Дүйсенбі және бейсенбі күндері біздің музыканттар саксофонда ойнайды.
Сейсенбі, жұма және жексенбіде 17:00-де мультфильмдер мен 20:00-де фильмдер көрсетіледі.
Сондай-ақ, сейсенбіде біздің демалушылар караоке залына бара алады.
Сәрсенбіде сағат 20:30-да біз дискотека өткіземіз!
Әр сенбі сайын сізді концерт күтеді.
Сізге және сіздің денсаулығыңызға деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!