Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Күзгі маусым

Күзгі маусым – бұл иммунитетті көтеру және де Бурабайдың алтын бояуларынан ләззат алу үшін ең жақсы уақыт.
Маусым аралығында созылмалы аурулардың өршуі басталатынын бәріміз білеміз. Сондықтан, бұл өзгерістерге алдын-ала дайындалу өте маңызды.
Таза ауаның, тау панорамаларының және қайталанбас табиғи ландшафттың арқасында біздің санаторий адамның психикалық және физикалық жағдайына өте пайдалы болып келеді.
Біздің жоғары білікті мамандарымыз денсаулықты жақсартуға көмектеседі.
Брондау бөлімінің байланыс номері: +7(702)-059-2020.

Шарко душының жұлдызы

Бүгін сіздерге көпшілігіңіз жақсы көретін Шарко душынының мейірбикесі туралы айтқымыз келеді.
Бұл емшараны жоғары білікті маман – Күлия Егінбайқызы жүргізеді. Күлия ханым біздің кешенде 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Біз ол туралы 30-дан астам пікірлер мен хабарламалар алдық. Біздің демалушылар атап өткендей: «Ол үнемі күліп жүретін адам, өте мейірімді әрі өз жұмысын шын жүрекпен істейтін адам».
Бүгінгі видеода (storis-те) баршаңызға алғыс айтады!

Білім күнімен!

«Оқжетпес» ЕСК баршаңызды білім күнімен шын жүректен құттықтайды! Жаңа оқу жылы жаңа белестер, пайдалы білім мен жақсы дағдыларды, берік достық пен сенімді достарды әкелсін!
Жаңа шыңдарды бағындыру жолында сіздерге мықты денсаулық тілейміз!

30 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ

Бүгін әр тұрғынның құқығын айқындайтын, мүддесі мен меншіктерін қорғайтын Конституция күні. Ата Заң – қашан да биік тұратын тұғырлы құжат.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ барлық қазақстандықтарды еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бейбітшілік, еңбекте табыс және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілейді!

ШИПАЖАЙ АКТ ЗАЛЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

Бүгін біздің шипажайдың акт залында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президентінің қатысуымен Конституция күніне арналған шағын концерт өтті.
Барлық сүйікті оқырмандарымызды маңызды мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз және жайлы демалыс тілейміз!

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР

Ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі: балалар шипажайға ата-анасымен бірге келе ала ма? Біз қонақтарымыздан жиі келетін негізгі сұрақтар мен жауаптар тізімін дайындадық.
– Әрине, біз қашан да сіздермен қатар кішкентай қонақтарымызды да қуана қарсы алуға дайынбыз!
* Балаларды орналастыру үшін қандай құжаттар қажет?
– Туу туралы куәлік, эпидорталығы туралы анықтама.
* Ата-аналар емшарада кезде балалар не істейді?
– Ата-аналар емшарадан өтіп жатқан уақытта балалармен аниматорлар уақыт өткізеді.
* Балаларға қандай емшаралардан өтуге рұқсат етіледі?
– Балалар тұзды шахта, ингаляция және УФО сияқты процедуралардан өте алады.
Сонымен қатар, балалар шипажай жағажайында шомыла алады, бассейнге түсіп, катамарандарға міне алады және әр кеш сайын кинотеатрда мультфильмдер көрсетіледі.
Сауықтыру демалысында жүздескенше!

АТА-АНАМЕН САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫНА!

Біз ересек балалардың ата-аналарын сауықтыру демалысына қалай әкелетініне және бірлескен демалыстың әр минутынан ләззат алатынына жиі куә боламыз. Мұндай сыйлыққа сіздің ата-анаңыз да лайық!
Ата-анаңызбен пайдалы уақыт өткізгіңіз келе ме? Бізге келіңіздер!
Бос орындар туралы толық ақпаратты төмендегі байланыс номері арқылы біле аласыздар:
+7 702 059 20 20

Омыртқа ауруларын емдеудің тракциялық әдісіне арналған жаңа аппарат

Шипажайда бу релаксациясы аясында омыртқа ауруларын тракциялық әдіспен емдеуге арналған жаңа аппаратты іске қосылды.
Емдеудің негізгі әсерлері:
1. омыртқаның жақсаруы;
2. омыртқааралық дискілерге қоректік заттардың ағынын арттыру;
3. омыртқалы баған мен аяқтың қанмен қамтамасыз етілуі мен трофизмінің жоғарылауы;
4. омыртқааралық дискілердің биіктігін арттыру;
5. омыртқаның бұлшықет корсетін нығайту;
6. бүкіл денеде терінің күйін жақсарту;
7. тірек-қимыл аппаратының ауруы кезінде барлық буындардағы ауырсынудың азаюы, жоғалуы (ревматоидты полиартрит және артрозоартрит, тізе және білек буындары);
Бу релаксациясы аясында омыртқаны емдеудің 10 сеансын алған кезде, терлеу салдарынан салмақ 5-7 кг-ға азаяды, бұл науқастың жағдайына жағымды әсер етеді.
Броньдау бөлімінің байланыс телефоны: +7 (702)-059-2020

Әріптесімізді құттықтаймыз!

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің «Almaty resort» филиалында өзгеріс!
Шипажай директоры лауазымына әріптесіміз Яков Стерлигов тағайындалды.
Яков Стерлигов осы уақытқа дейін біздің кешенде жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент қызметін атқарды. Мамандығы бойынша журналист, заңгер.
Үш тілді де меңгерген, қазақ және орыс тілінде еркін сөйлейді.
Әріптесімізге жаңа қызметте сәттілік тілейміз!

Әңгімелер мен кеңестер

Терренкур маршрутымен серуендеп, қонақтарамыз әдемі және көркем жерлерді тамашалудан бөлек, тарихымызды оқып, дәрігерлерімізің кеңестерін оқи алады.
Келушілердің қызығушылығын ояту үшін әңгімелер бірнеше бөлікке бөлінген. Мысалы, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу туралы аңызбен терренкурдың бір нүктесінде танысып, 100 метр серуеннен кейін оқиғаның жалғасын оқи алады. Серуенмен бірге пайдалы ақпараттарды оқи отырып, біз қымбатты қонақтарымыздың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар олардың пайдалы уақыт өткізуіне де назар аударамыз.
Бізбен бірге пайдалы серуенге қосылыңыз!

Брондау Онлайн төлем Оператор