Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Әріптесімізді құттықтаймыз!

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің «Almaty resort» филиалында өзгеріс!
Шипажай директоры лауазымына әріптесіміз Яков Стерлигов тағайындалды.
Яков Стерлигов осы уақытқа дейін біздің кешенде жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент қызметін атқарды. Мамандығы бойынша журналист, заңгер.
Үш тілді де меңгерген, қазақ және орыс тілінде еркін сөйлейді.
Әріптесімізге жаңа қызметте сәттілік тілейміз!

Әңгімелер мен кеңестер

Терренкур маршрутымен серуендеп, қонақтарамыз әдемі және көркем жерлерді тамашалудан бөлек, тарихымызды оқып, дәрігерлерімізің кеңестерін оқи алады.
Келушілердің қызығушылығын ояту үшін әңгімелер бірнеше бөлікке бөлінген. Мысалы, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу туралы аңызбен терренкурдың бір нүктесінде танысып, 100 метр серуеннен кейін оқиғаның жалғасын оқи алады. Серуенмен бірге пайдалы ақпараттарды оқи отырып, біз қымбатты қонақтарымыздың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар олардың пайдалы уақыт өткізуіне де назар аударамыз.
Бізбен бірге пайдалы серуенге қосылыңыз!

Біздің құрметті қонақтар

Дәл қазір біздің шипажайда нар тұлғаның ұлы, музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Біржан Хасанғалиев отбасымен сауықтыру демалысында.
Ем болсын!

ЖАҒАЖАЙ МАУСЫМЫ

Біздің шипажайда ғимараттар жанында орналасқан жеке құмды жағажайы бар.
Жағажайда жайлы демалыс үшін барынша жағдай жасалған: киім ауыстыратын бөлмелер, қолшатырлары бар. Сондай-ақ су іс-шараларына арналған катамаранда мен қайықтар да қарастырылған. Емшарадан бос уақытта жағажайға келіп, күнге қыздырынып, шомыла аласыз.
Сауықтыру демалысында жүздескенше!
Брондау үшін:
+7 702 059 2020

Маңызды ақпарат!

Құрметті оқырмандар! 1 тамыздан бастап балаларға арналған тегін жолдама жасы 3 жасқа ұлғайғанын хабарлаймыз. Енді 3 жасқа дейінгі балалар ата-анасымен бірге ақысыз демала алады.
Ал 3 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға жолдама құны өзгеріссіз – 10,500 теңгені құрайды;
8 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға – 19,000 теңге.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі нөмір бойынша хабарласа аласыздар:
+7(702)-059-20-20

ТЫНЫС АЛУ ГИМНАСТИКАСЫ — ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ

Тыныс алу жаттығулары — жалпы оңалтудың маңызды әдістерінің бірі. Ауруға қарсы тұру және қалпына келу мүмкіндігін арттыру үшін дәрігерлер таңды тыныс алу жаттығуларымен бастауға кеңес береді.
Көптеген респираторлық инфекциялардың көздегені — өкпе. Себебі, кез келген вирус тыныс алу органдары арқылы ағзаға өте алады. Әсіресе, карантин кезінде қозғалыстың аздығынан үстіртін тыныс алып, газ алмасу төмендейді. Ал тыныс алу гимнастикасы қозғалыстың жетіспеушілігі мен алаңдаушылық сезімін жеңуге мүмкіндік береді. Кейбір жаттығуларды үй жағдайында жасауға болады, басқаларын кәсіби маманның қадағалауында жасаған жөн. Таза ауада, емдік қарағай орманында тыныс алу жаттығуларын жасау екі есе пайдалы!
“Оқжетпес” емдеу-сауықтыру кешенінде тыныс алу гимнастикасы демалушылар арасында өте танымал. Гимнастиканы 15 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы – Ералина Динара Исақызы жүргізеді. Жаттығу таза ауада күніне бір рет 15-20 минуттан жасалады.

Тыныс алу жаттығуларын тұрақты түрде жасай отырып, сіз иммунитетіңізді нығайтуға, жүйкеңізді тыныштандыруға,ағзаңызды қуаттандыруға көмектесесіз. Онымен қоса, әртүрлі аурулардан сақтайды.
Толық ақпаратты +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

 

Қонақтарымыздың игі бастамасы

Сіздермен біздің демалушыларымыздың игі ісімен бөліскіміз келеді. Қонақтарымыздың бастамасымен жақын маңдағы аумақтағы барлық қоқыс жиналды.
Абылай хан алаңында серуендеп жүрген қонақтарымыз Айгүл ханым мен Жаламан мырза қоқысты байқап, оны жинап, аумақты тазалауға кіріскен. Айналамыздағы сұлулықты бағалай алатын осындай керемет қонақтарымыздың табиғатымызды сақтап қалуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
Сіздерді де табиғатты сүюге және оғане қамқорлық жасауға шақырамыз!

«Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері челленджді қабылдап, «Almaty resort» шипажайындағы әріптестеріне жолдады

«Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері челленджді қабылдап, «Almaty resort» шипажайындағы әріптестеріне жолдады.
Челлендждің мақсаты: әріптесімен жұмыс қызметін ауыстырып, оның қызығы мен қиындығын сезініп көру.
Осылайша, бүгін емдеу-оңалту жұмыстары жөніндегі вице-президент медбике рөліне ауысып, жалпы сұрақтар бойынша вице – президент әкімші, қаржы мәселелері жөніндегі вице – президент ресепшнға тұрып, басқарушы директор швейцар рөліне ауысты.
Мұндай челлендждер ұжымды одан әрі жақындастырып, шипажайымыздың қонақтарымен байланысты нығайтады.
Толығырақ төмендегі сілтемеге өтіп, көре аласыздар.

https://www.instagram.com/reel/CgdywMCjJCT/

Челлендж

Бүгіннен бастап біз «Оқжетпес» брендіне кіретін үш шипажай арасында жаңа #челлендж бастағымыз келеді.
Challenge-ге шипажай басшылары мен ұжымы қатысып, өзара қызметімен ауысып, бір-бірінің жұмысын атқарып көреді.
Бұл эксперименттің бірінші кейіпкері – «Оқжетпес» ЕСК АҚ президенті Қайрат Беркінбаев.
Бір күні бойы Қайрат мырза ресепшнге келген қонақтарды жайғастырып, Call-орталыққа түскен сұрақтарға жауап берді.
Мұндай жоба қызметкерлер арасында бір-бірінің қызметін жақсырақ түсініп, қонақтармен жақынырақ байланыс құруға көмектеседі.

Жазушы Айыпберген Балтабаевтың шығармашылық кеші

Кеше шипажайда әлем халықтары жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы мырзаның шығармашылық кеші өтті.
Кеште қонақтарымыз ақыннын өлең-жинақтарымен танысып, қазақ тілінің қадір-қасиетін сөз етіп, рухани байытқан кештен ерекше әсермен қайтты.

Брондау Онлайн төлем Оператор