Заманауи медицина соңғы жылдары қарқынды алға жылжып, ағзаны емдеудің көптеген түрлері пайда болды. Бүгін біз сіздерге ультрадыбыспен емдеу туралы ақпарат дайындадық.
Ультрадыбыстың адам ағзасына қабынуға қарсы, анальгетикалық, қалпына келтіретін, десенсибилизаторлық әсері бар.
Ультрадыбысты қолдана отырып, теріге ультрафонофорез препараттарын енгізуге болады.
Біздің шипажайда ультрадыбыстық емдеу ағзаның көптеген ауруларына қарсы қолданылады, мысалы, артрит немесе артроз, гинекологиялық, урологиялық аурулар, жарақаттар, перифериялық жүйке жүйесінің аурулары және т.б.
Өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз, сауықтыру демалысында кездескенше!
Елордада көктемгі экологиялық айлық басталды. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық іс-шара 6 мамырға дейін жалғасады.
«Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында жалпықалалық сенбілікке «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің 200-ге жуық қызметкері қатысты.
Інжу ваннасы – емдеу-сауықтыру кешендегі ең танымал және жағымды гидромассаж процедураларының бірі.
Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл інжу тәрізді ұсақ оттегі көпіршіктерімен денеге массаж жасау. Ол бүкіл дененің релаксациясын қамтамасыз етеді және ұйқысыздықты емдейді.
Ваннаны жылдың кез келген уақытында қолдануға болады. Олар әсіресе қыста, суық мезгілде тиімді.
Ваннаның бұл түрі жиі кездесетін стресстік жағдайлардан, тамақтанудың бұзылуынан, ұйқысыздықтан арылу үшін тағайындалады.
Інжу ваннасы ағзадағы қан айналымын жақсартады, теріні жақсартады, метаболизмнің бұзылуы қалпына келеді.
«Оқ-Жетпес» ЕСК демалушылары інжу ванналарын бірнеше рет мақтап, өзгерістердің нәтижелері бірнеше сессиядан кейін байқалатыны туралы пікірлерін айтты.
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені денсаулықты оңалтуға арналған 10 сауықтыру бағдарламасын ұсынады.
Оның бірі, «Антикүйзеліс» сауықтыру бағдарламасы.
Қарбалас тіршілікте күйзеліске бой алдырмау қиынның қиыны. Кейде бәрінен бір сәтке алыстап, ағза мен миға жай ғана тыныштық сыйлаудың өзі күйзелістен шығудың бір жолы. Эмоциоционалды жағдайды ретке келтіру үшін «Оқжетпес» ЕСК күйзеліске қарсы бағытталған сауықтыру бағдарламасын ұсынады.
Кешенді сауықтыру бағдарламасының ұзақтығы – 10 күн.
Егер сізде:
– созылмалы шаршау синдромы;
– вегато-тамырлық дистония:
– астено-невротикалық синдром байқалса, осы бағдарлама аясындағы емшаралардан өтуге кеңес береміз.
Әсері:
-көңіл-күйді жақсарады;
-жұмыс қабілеттілігін арттырады;
-вегетативті жүйке жүйесін қалпына келтіреді;
-барлық органдар мен жүйелердің жұмысын оңтайландырады.
Брондау бөлімінің байланыс нөмірі:
+7(702)-059-2020
Біздің шипажайда:
Қазір «Демалыс күндеріне арналған пакет» бойынша акция жүріп жатыр. Барлық нөмірге 10% жеңілдік қарастырылған.
Брондау бөлімімен байланысу үшін: +7702 059 2020
Демалыс күндеріне арналған пакетке 10% жеңілдік қосылғанын қуана хабарлаймыз.
Демалыс күндерінің пакетіне мыналар кіреді:
Брондау бөлімінің байланыс нөмірі: +7 (702) 059 2020
САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Біздің сауықтыру кешенінде 10 емдеу бағдарламасы бар:
⦁ Covid-19 және пневмониядан кейін науқастарды оңалту. (Емдеу курсы – 7-14 күнді құрайды)
⦁ Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу – 10-14 күн
⦁ Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – 10-14 күн
⦁ Әйел денсаулығы – 10 күн
⦁ Ерлер денсаулығын нығайту – 10 күн
⦁ Буындарды нығайту – 10-14 күн
⦁ Артропатия: подагра – 10-14 күн
⦁ Ағзаны шлактардан тазарту және бұзылған функцияны қалпына келтіру – 6 күн
⦁ Сау омыртқа бағдарламасы – 10 күн
⦁ Тамыр аурулары – 10 күн
Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін біздің сайтымыздан таба аласыз.
Брондау бөлімінің байланыс нөмірі: +77020592020
Бүгін қасиетті Рамазан айының бесінші күні. Барлық ораза ұстаушылар үшін бізде арнайы мәзір бар.
Тамақ – энергия, дәрумендер, макро-және микроэлементтер көзі. Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау кезінде дұрыс тамақтану өте маңызды.
Ауызашардағы мейрамханада біз өз қонақтарымыз үшін барлық ережелерді сақтай отырып, сондай-ақ тағамдардың қажетті құнарлығын ескеріп, аспаздарымыз жасаған арнайы мәзірді ұсынамыз.
Онымен қоса, біздің қонақтар үшін кешкі астан кейін сәресіне арналған тағамды нөмірлеріне арнайы жеткіземіз.
Қабыл болсын!
Суретте шипажай бас аспазы мен аспаз көмекшісі.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Наурыз – барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астында біріктіретін ең көне және құрметті мерекелердің бірі. Жаңа жылды қарсы алу ғана емес, сонымен бірге көктемгі күннің теңесуімен қатар, бұл көктем мерекесі, тіршіліктің оянуы, табиғаттың жаңаруы.
Наурыз адамзатты біріктіріп, бейбітшілікке, ізгілік пен өзара көмекке деген ұмтылысты түп-тамырымен жандандырады.
Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен амандық әкелсін!
Сіздерге денсаулық, бақыт, адал достар, мықты отбасы, еңбекте жеміс, көктемгі көңіл-күй мен өмірлік қуаныш тілейміз!
SPA – бұл керемет демалудың, толықтай босаңсу, жан-дүниенің үйлесімділігіне жету, күш-қуат пен денсаулықты қалыпқа келтірудің бірегей мүмкіндігі. Сіздердің назарларыңызға «Ай және Күн» – азиялық массаж сфералары бар сергіткіш SPA-күтімін ұсынамыз.
Бұл процедура тәніңіз бен жаныңызға нағыз рахат сыйлайды әрі теріні қалпына келтіреді. Ол екі түрлі сфераны қолдана отырып, екі массаж әдісін біріктіретін күтім.
Қызғылт сары «Күннің» жылуымен толтырылған сфералар бұлшықет кернеуін жеңілдетеді.
Индиго түсінің «Ай» сфералары үйлесімділік пен тыныштық сезімін қайтарады. Күн мен Айдың бұл одағы әрқайсымызға ерекше күш пен жұмсақтықты символдық түрде біріктіреді.
Нәтижесінде өмірлік энергия мен тері тонусы қалпына келеді, бүкіл денеде сергектік пен жеңілдік сезімі пайда болады. Сонымен қатар, теріні тез ылғалдандыратын әсері бар.
Сіздерді сұлулық пен сауықтыру демалысында күтеміз!
+7(702)059 20 20