Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Игі істер айы

Біздің кешен үшін жыл сайын өзгермейтін дәстүр бар. Қазан айы біз үшін игі істер айы.
Өткен сенбіде бүкіл Қазақстан қарттар күнін атап өтті. Осы күннің құрметіне біз де 30-40 жылдан астам уақыт жұмыс істеген кешеніміздің 59 ардагеріне сыйлық дайындадық.
Біздің қызметкерлер бүгіннен бастап бір ай бойы әр ардагердің үйіне барып, сыйлық себеттерін табыстайды.
Олардың әрқайсына ерең еңбегі мен біздің емдеу-сауықтыру кешеніміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреміз! Мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Чек-лист: Емшарадан бос уақытта қайда баруға болады?

Емшарадан бос уақытыңызда сіз:
⦁ Абылай хан алаңына барып, тарихи деректермен танысып, серуендеп қайтуға болады.
Алаң шипажайға үш минуттық қашықтықта орналасқан.
⦁ Бурабай көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан Кенесары хан үңгірінеде барып серуендеуге болады.
⦁ Интерактивті мультимедиялық кешенге бара аласыз. Тек біздің қонақтар үшін “Burabay resort” кешенге 15% жеңілдік ұсынады.
Жеңілдік купондарын ресепшннен алуға болады

ІС-ШАРАЛАР КЕСТЕСІ

Біздің шипажайға тек емделу үшін ғана емес, жан мен тәннің демалуы үшін келеді.
Бүгін сіздермен емшаралардан тыс уақытта өтетін іс-шаралар кестесімен бөліскіміз келеді:
Дүйсенбі және бейсенбі күндері біздің музыканттар саксофонда ойнайды.
Сейсенбі, жұма және жексенбіде 17:00-де мультфильмдер мен 20:00-де фильмдер көрсетіледі.
Сондай-ақ, сейсенбіде біздің демалушылар караоке залына бара алады.
Сәрсенбіде сағат 20:30-да біз дискотека өткіземіз!
Әр сенбі сайын сізді концерт күтеді.
Сізге және сіздің денсаулығыңызға деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!

Маңызды ақпарат!

Құрметті шипажай қонақтары!
2022 жылғы 20 қыркүйектегі жарлыққа сәйкес шипажайға келер алдын ПТР-тестін тапсыру енді қажет емес екенін хабарлаймыз.
Біз үшін ең бастысы – сіздің денсаулығыңыз. Сізге деген қамқорлықпен, «Оқ-Жетпес» шипажайы.

СУЫҚ МЕЗГІЛДЕ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

Ауа-райы салқындаған сайын адам ағзасының жұмыс режимі айтарлықтай ерекшеленеді. Тамақтану – біздің ағзамыздың жұмысының маңызды бөлігі. Осыған орай, суық мезгілде тамақтану туралы бірнеше кеңестер ұсынамыз.

Кеңес №1. Аштыққа жол бермеңіз!
Қысқы тағамның калория мөлшері жазға қарағанда жоғары болуы керек. Бұған ауыр ақуыздар көп балық, құс еті, ет тағамдарын тұтынуды көбейту арқылы қол жеткізу қажет. Қыста онымен қоса, көмірсудан бас тартпағаныңыз жөн. Оларды диета үшін тамақтану рационынан алып тастау иммунитеттің төмендеуіне және вирустық ауруларды оңай қабылдауға қауіп төндіреді.

№2 Кеңес. Витаминдер мен дәрумендер!
Тамақтану тәртібіне дәрумендерге бай тағамдарды қосу керек. Қыста олар өте үлкен рөл атқарады. Атап айтқанда, Е дәрумені теріні ауа-райынан және аяздан қорғауға көмектеседі.

№3 Кеңес. Су ішуді ұмытпаңыз!
Тіпті қыста сіз кем дегенде 1.5 литр сұйықтық ішуіңіз керек. Кем дегенде бір литр таза су! Қалған сұйықтық компот немесе жылы шай түрінде болуы мүмкін.

№4 Кеңес. Ыстық тамақ!
Ыстық тағамдарды немесе жылы сусындарды ішуді ұмытпаңыз. Егер сіз жолда тамақтануыңыз керек болса, онда тағамды ыстық шаймен ішкен жөн.

№5 кеңес. Әртүрлі рацион!
Мәзіріңіздің барынша алуан түрлі болуын қамтамасыз етіңіз. Өнімдерді күн сайын ауыстырған жөн. Ыдыс-аяқтың әртүрлілігі және тамақтанудың бөлшек қағидасы сіздің денеңізге қыс мезгілінде белсенді өмір сүру үшін жеткілікті қуат береді.
Сіздің денсаулығыңызға деген қамқорлықпен «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені.

ЖАЙЛЫ САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫ

Күз мезгілінде күн салқындап бастаған соң бәріміз жылулық пен жайлылықты аңсаймыз!
Салқын ауа-райында ыстық саунада жылынудан жақсы не болуы мүмкін? Онымен қоса, сергітетін бассейнде жүзу мен түрлі процедуралмен толықтырсаңыз ше? Фитобардағы шөптен жасалған емдік шаймен жылыну тіпті бөлек әңгіме.
Сіздің жайлы демалысыңыз үшін біздің шипажайда:
⦁ Бассейн
⦁ Фитнес-зал
⦁ Төрт түрлі фин саунасы
⦁ Инфрақызыл сауна
⦁ Фито-бар
⦁ Спорт залы бар.
Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Таңертең біз Instagram-да сауалнама жүргіздік, онда респонденттердің 35% – ы біздің шипажайдағы тамақтану тақырыбына қызығушылық танытты.
Олай болса, бүгін шипажайдағы тамақтану рәсімі туралы сөз қозғайық.
Тамақтану – емдеу процесінің маңызды бөліктерінің бірі. Сондықтан, қонақтарымызға тамақ дайындау барысында оның құрамы мен сапасына біз ерекше назар аударамыз.
Біздің кешеннің мейрамханасында өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейді. Мәселен, суреттегі Қымбат ханым біздің бас аспазымыз. Біздің кешенде 13 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді.
Жыл сайын біздің аспаздар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Мысалы, тамыз айында біздің аспазшыларға Президенттің жеке аспазы шеберлік-сағатын өткізді.
Күн сайын тамақ берілгенге дейін барлық тағамды дәрігерлеріміз алдын ала тексереді, өлшейді. Әр қонағымыз тағам түрін өзі алдын ала таңдай алады.
Тамақтану төрт реттік және ол жолдама құнына кіреді.

Жекпе-жекті шипажайда тамашалуға шақырамыз!

Құрметті шипажай қонақтары! Геннадий Головкиннің барша жанкүйерлерін ертеңгі реваншты бізбен бірге тамашалауға шақырамыз!
Жекпе-жек көрсетілімі «Оқжетпес» Бурабайда таңғы 6-да конференц-залда;
«Almaty resort» шипажайында 8-де кинотеатрда өтеді.

Күзгі маусым

Күзгі маусым – бұл иммунитетті көтеру және де Бурабайдың алтын бояуларынан ләззат алу үшін ең жақсы уақыт.
Маусым аралығында созылмалы аурулардың өршуі басталатынын бәріміз білеміз. Сондықтан, бұл өзгерістерге алдын-ала дайындалу өте маңызды.
Таза ауаның, тау панорамаларының және қайталанбас табиғи ландшафттың арқасында біздің санаторий адамның психикалық және физикалық жағдайына өте пайдалы болып келеді.
Біздің жоғары білікті мамандарымыз денсаулықты жақсартуға көмектеседі.
Брондау бөлімінің байланыс номері: +7(702)-059-2020.

Шарко душының жұлдызы

Бүгін сіздерге көпшілігіңіз жақсы көретін Шарко душынының мейірбикесі туралы айтқымыз келеді.
Бұл емшараны жоғары білікті маман – Күлия Егінбайқызы жүргізеді. Күлия ханым біздің кешенде 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Біз ол туралы 30-дан астам пікірлер мен хабарламалар алдық. Біздің демалушылар атап өткендей: «Ол үнемі күліп жүретін адам, өте мейірімді әрі өз жұмысын шын жүрекпен істейтін адам».
Бүгінгі видеода (storis-те) баршаңызға алғыс айтады!

Брондау Онлайн төлем Оператор