Әлем бойынша короновирусты инфекцияның таралуына байланысты біз Сіздерді инфекцияның алдын алу шараларына ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз.
- Қолыңызды жиі сабынмен жуыңыз, антисептикалық құралдарды қолданыңыз;
- Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеуге тырысыңыз;
- Адам көп жиналатын жерлерде бірреттік медициналық масқаларды киіңіз;
- Түшкіру немесе жөтелу кезінде аузыңыз бен мұрныңызды сүрткімен/шынтақпен жабыңыз (сүрткіні қоқыс контейнеріне бірден лақтырыңыз);
- Азық-түлік қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз (шикі және дайын тағамдарды бөліп/жеке ұстаңыз, жануартекті өнімдерді мұқият термиялық өңдеуден өткізіңіз);
- Адамдар жаппай жиналатын жерлерге барудан аулақ болыңыз;
- Тыныс алу жолдарының инфекциясы белгілері бар адамдармен мүмкіндігінше байланыс орнатпаңыз (арақашықтық 1 метрден жақын болмасын);
- Шетелге, әсіресе короновирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерге бармаңыз;
- Егер Сіз осындай елдердің бірінен келген болсаңыз, Сізді бұдан әрі медициналық бақылауға алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі дәрігерге жүгінуіңіз қажет.
Коронавирустық инфекцияның негізгі белгілері:
- Тыныс тарылу;
- Демігу;
- Жоғары температура, 38С және одан жоғары;
- Жөтел, тамақтың ауруы.
Білу маңызды! Инфекцияның симптомсыз ағымы болуы мүмкін. Жиі симптомдар жалпы суық тиюге / тұмауға ұқсас болады
Егер Сіз өзіңізде тән белгілері байқасаңыз, үйде болыңыз және шұғыл турде медициналық көмекке жүгініңіз
Денсаулығыңызға қамқорлықпен, “Оқжетпес” ЕСК!