Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«ОҚЖЕТПЕС» ШАРШАУ ТУҒЫЗАТЫН ТАҒАМДАР

Тамақты мөлшерден тыс қабылдағаннан кейін қатты шаршау сезімі жиі пайда болады.

Дегенмен, ұйқышылдықтың себебі тым көп тамақ қабылдау ғана емес.

Шаршау сезімдерін туғызатын топ-өнімдер:

Тәттілер.

Көп мөлшердегі қант денеде глюкозаның деңгейін күрт арттырады, ал ол сондай-ақ күрт құлдырағанда, адам өзін жайсыз сезінеді. Осындай әсерді пісірілген нан өнімі және макарон туғызуы мүмкін.

Күркетауық.

Осы құс етінің құрамында адам ағзасына  босаңсыту әсерін беретін белоктың ерекше түрі болады.Сондықтан, түскі асқа негізгі тағам ретінде күркетауықты таңдау керек емес: жұмыс қабілеті кейде азаяды.

Қуырылған тағамдар.

Әсіресе майға қуырылған азықтарды қорытуға адам ағзасы көп күш жұмсайды, сондықтан адамдар тез шаршайды. 

Энергетикалық батончиктер.

Мұндай тағамдарды жаттығулар алдында ғана қабыдаған жөн, себебі олардың құрамында калориялар көп. Егер сіз олардың жылдам қорытылуына мүмкіндік таба алмасаңыз, онда сіз олардың артықшылығынан шаршайсыз.

Газдалған және спирт сусындары.

Газды сусындардың құрамында қант және кофеин жиі біріктіріледі. Сонымен бірге олар тез сіңетін глюкозаның кенеттен көбеюіне әкеледі, ол алдымен қысқа мерзімді қуат береді, содан кейін қатты ұйқышылдыққа әкеледі.Алкоголь ішімдіктерімен жағдай басқаша болады: олар да босаңсытып, ұйқыға шақырады, бірақ ұйықтау уақытында адам денесі энергияны қалпына келтіруге емес, улануға жұмсайды.

Кофе.

Таңертеңгі бір шыныаяқ кофе – бұл сергектік көзі, бірақ қандағы кофеиннің жоғары деңгейі кері әсер беруі мүмкін.Ғалымдардың пікірінше, кофенің мөлшері тәулігіне бір шыныаяқ – көп дегенде екі шыныаяқ.

Дұрыс тамақтаныңыз және салауатты өмір сүріңіз!

Брондау Онлайн төлем Оператор