Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Біздің шипажайға келудің 5 себебі

Бірінші себеп: Бурабайдың саф ауасы түрлі дертке дауа. Сол себепті біздің шипажайда сіз емдік шаралармен қатар, сұлулығы көздің жауын алатын Бурабайдың табиғатын тамашалап, таза ауасымен тыныстап, шипалы демалысқа қол жеткізесіз.

Екінші себеп: Шипажайымыздың емдеу курстары 6,10,14 күнді құрайды. Осы аралықта дәрігер демалушының денсаулық жағдайын ескере отырып, емдеу және сауықтыру емшараларынан тұратын әр демалушыға жеке бағдарлама құрады.

Үшінші себеп: Өзінің емдік қасиеттерімен еш жерде қайталанбайтын «Құлагер-Арасан» мен «Май балық» көлінің минералды суы келушілерге беріледі.

Төртінші себеп: Демалушыларға адам ағзасына пайдалы шөптермен емдеу әдісі де қарастырылған. Берілетін дәрілік өсімдіктердің құрамында табиғи емдеу және адам ағзасына әртүрлі, жан-жақты әсер ететін күрделі химиялық қосылыстар бар.

Бесінші себеп: Қырық ауруға ем саналатын ұлттық сусынымыз – қымызбен емдеу әдісі бар.

Ең бастысы: Covid-19-бен ауырып тұрғандар үшін арнайы жасалған оңалту бағдарламасы бар.

Жайлы демалыс, сапалы медициналық қызмет пен уақытты пайдалы әрі ұмытылмастай өткізгіңіз келсе, біздің шипажай сізді асыға күтеді!

Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша жауап алуға болады.

Брондау Онлайн төлем Оператор