Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Массаж

Массаж

«Массаж» сөзін біз босаңсыту емшарасы ретінде түсінеміз. Бірақ, бұл кейбір ауруларды емдеу үшін қолданылатын тамаша емдеу әдісі де болып табылады

Оқжетпес ЕСК-де массаж механикалық, сонымен бірге қолмен жасалады.

Қолмен жасалатын массаж

Кәсіби массаж шаршағанды басады, ағзаның қалпына келуі, зат алмасуы және тіндердегі қан айналымы жақсарады. Ол адамға физикалық және жан дүниесіне де әсер етеді. Ісіктерді, экссудат және гематомдарды қайтарады, бұлшық ет тонусын көтереді, сонымен бірге тіндердің бірігіп өсуін бұзады. Рефлекторлық және психотерапевтикалық әсер етеді.

Денеге арналған массаж — 7 000 тг.

  • классикалық — 8 000 тг.
  • арома-массаж — 8 500 тг.
  • спорттық — 8 000 тг.
  • СПА релакс — 8 000 тг.
  • ломи-ломи — 8 500 тг.
  • целлюлитке қарсы — 5 000 тг.
  • арқа массажы — 4 700 тг.
  • арқаға балмен массаж — 3 500 тг.

Массаж + пилинг

Емшара ұзақтығы — 90 мин.

Бағасы — 13 800 тг.

Механикалық массаж

Қолға механикалық массаж

Адам ағзасына аппаратпен мөлшерленген механикалық және рефлекторлық әсер ету.   Қозу шеткі жүйке талшықтары арқылы миға беріліп, рефлекторлық жауап түрінде мүшелер мен тіндерге беріледі, бұзылған құрылымдарды, өзара әректтесуді және қызметті қалпына келтіреді.

Бағасы  – 600 тг.

Аяққа механикалық массаж

Аяқтың бұлшық еттеріне белсендіру әсерін беріп қана қоймай, бүкіл ағзаға қолайлы әсер ееді. Бұл емшара ішкі мүшелердің, жүйелер мен бездердің қызметін қалпына келтіреді, терінің қан айналысын және қоректенуін жақсартады, аяқтағы, арқадағы және буындардағы ауырсынуды азайтады.

Бағасы — 800 тг.

Маникюр

Маникюр

Көбіне күнделікті тіршілік, жұмыс пен үй, ата-анаға және жанұяға көмектесу қамымен әйелдер қауымы өздерінің күтіміне көңіл бөлмейді.   Шаш қию, таңертеңгі бояну және маникюрге үлгергенмен, педикюр түгілі қолға арналған косметикалық күтімді ойламайды да.

Сондықтан Оқжетпес ЕСК осы мүмкіндікті пайдаланып, демалыс кезінде өзіне көңіл бөлінуді ұсынады.  Бұған қоса біздің косметологиялық кабинетте  маникюр, педикюр және аяқ күтіміне арналған қызметтердің бірнеше түрі бар.

Шаштараз

Шаштараз

Шаш қию:

  • ерлер – 4500 – 5000 тг.
  • балалар – 3500 – 4000 тг.
  • әйелдер – 4500 тг.-ден бастап (ұзындығы мен пішініне қарай)

Шаш бояу – 7000 тг.-ден бастап (ұзындығы мен күрделілігіне қарай)

Шашты сәндеу – 5000 тг.-ден бастап (сәндеу түріне байланысты)

Химия – 10 000 тг.-ден бастап

Қызмет көрсету бағасын брондау кезінде немесе сол жерде білуге болады, шамалы төмендеу және жоғарылау өзгерістері болуы мүмкін.

«Оқжетпес» ЕСК-нің хауызы

Жүзу адам ағзасында керемет сезімдер туғызады. Төменде жүзу арқылы демалудың пайдасы туралы бірнеше деректер келтірілген. «Оқжетпес» ЕСК-де төрт жолды жүзу хауызы бар.
Ұзындығы – 25 м.
Ені – 12 м.
Тереңдігі – 1,7 м.

Жұмыс кестесі:
Сейсенбіден бастап жексенбі бойынша 08:00-ден 20:30-ға дейін
Түскі үзіліс 14:00 – 15:00.
Дүйсенбі – санитарлық күн.
3 жасқа дейінгі балаларға хауызға кіруге тыйым салынады.
16 жасқа дейінгі балаларға хауызға ата-аналарының қарауымен ғана кіру рұқсат етіледі.

Су емшараларымен айналысу қажетігінің 8 дәлелді себебі

Аз уақыт айналысу кезіндегі үлкен нәтижелер

Жүзу — бұл буындар мен сүйектерге артық күш түсірмей дене шынықтырумен айналысудың тамаша мүмкіндігі. Хауызда адам денесі едәуір жеңілдейді. Егер сіз белге дейін суға түссеңіз денеңіз 2 есеге жеңілдейді. Ал, иыққа немесе мойынға дейін терең түскен кезінде сіз дене салмағыңыздың тек 10% ғана сезінесіз, қалған 90% су көтереді. Осыдан шығатын қорытынды – хауыз спорттық жаттығулар үшін, әсіресе артрит немесе артық салмақты адамдар үшін таптырмас орта.

Бұлшық ет тонусын жақсарту

Жүзудің бұлшық ет тонусын нығайтуға және оны мықты етуге көмегі зор. Әсіресе басқа дене шынықтырулармен салыстырғанда. Мысалы, қарапайым жүгіру кезінде жүгірушінің денесіне жалғыз қарсылық – тығыздығы төмен ауа.  Судың тығыздығы 12 есе жоғары және кез келген қимыл үлкен күшті қажет етеді, сондықтан жаттығу мейлінше тиімді болып табылады.

Бұдан басқа, жүзу әйел үшін ерекше бағалы, ол етеккірден кейін әлсізденетін сүйектерді нығайтады.

Икемділік

Жүзу кезінде буындар мен сіңір байламдары үнемі жұмыс істейді: қолды айналмалы қимылдату иық буындарын, ал аяқпен созылыңқы қозғалыс тізені және жамбас буындарын жаттықтырады. Бұдан басқа, жүзудің омыртқа жотасына пайдасы зор: жүзу кезінде омыртқалар созылып, жылжып кеткендері орнына келеді, олардың қозғалғыштығы мен икемділігі жақсарады.

Сау жүрек

Пресс и трицепстен басқа, ағзадағы ең маңызды бұлшық ет жүректі өте жақсы шынықтырады. Бассейнде жаттығу кезінде түсетін күш жүректі нығайтады және оның маңызды қызметі – қанды айдай отырып үздіксіз жиырылуына көмектеседі. Бұл қанның денедегі айналысын жақсартады. Бұдан басқа, зерттеулер көрсеткендей, жүзу көбіне жүрек-тамыр ауруларына әкелетін ішкі қабыну үрдістерімен күресуге көмектеседі. Бұған қоса, жүзу әйелдер арасында жүректің қан тамыр ауруының қатерін 30-40%-ға азайтады.

Салмақты бақылау

Жүзу спорттың ең көп қуат жұмсалатын түрі  болып танылғандықтан, оны өз салмағын көңіл бөлетін және енді бақылауға алған адамдарға ұсынылады. Осылайша, мысалы, 10 минуттық брасс ішінде орташа 60 калориядан, арқамен жүзу арқылы 80-ге дейін, фристайл арқылы 100, ал баттерфляй арқылы тіпті 150 калориядан сондай уақытта арылуға болады. Артығырақ айтсақ, аптасына үш рет 30 минуттан жүзу ер адамдардың II типті қант диабеті ауруын 10%-ға төмендетеді. Әйелдер арасында өткізілген ғылыми зерттеулер одан да керемет нәтижелерді көрсетті: осы аурудың қатерін 16%-ға төмендету үшін нәзік жандыларға 5-7 күнде жарты сағаттық бір жаттығу жасаса жеткілікті.

Демікпемен күрес

Бассейндегі оңтайлы ылғалдылық жүзуді демікпемен ауыратындар үшін қолайлы етеді, сонымен бірге болашақтағы демікпе ұстамасын жеңуге көмектеседі. Ғалымдар жүргізген зерттеулер 6 айлық жаттығудан кейін демікпемен зардап шегетін балалардың көмек сұрауы әлдеқайда сирек болатындығын дәлелдеді. Олардың көпшілігін ұзақ уақыт бойы – бір жыл немесе одан көп демікпе ұстамасы мазаламаған. Тыныс алу жүйесінің ауруларынан зардап шекпесеңіз де, жүзудің өкпе көлемін арттыруға және дұрыс тыныс алуға үйренуге көмектесетінін білгеніңіз жөн.

Холестериннің деңгейін төмендету

Таң қаларлығы, ағзаның жағдайы холестеринге,  дәлірек айтқанда оның қандағы құрамына тікелей байланысты: «пайдалы» холестериннің деңгейі (ЖТЛП) төмен болған сайын, «зиянды» холестериннің» (ТТЛП) деңгейі жоғары болады және адам  өзін қолайсыз сезінеді. Жүзу қандағы липопротеиндердің қалыпты теңгерімін ұстап тұруға көмектеседі және қан мен лимфа тамырларының жағдайын жақсартады.

Мидың қызметін жақсарту және күйзеліс деңгейін төмендету

Бұл – біздің жан дүниеміздегі көңіл-күйді тікелей реттейтін «қуаныш гармоны» эндорфиндердің жоғары деңгейде бөлінуіне байланысты жүзудің тағы бір пайдасы. Бұдан басқа, жүзудің йога тәрізді босаңсыту әсері бар.  Бұл әсер бұлшық еттер мен буындардың созылу үйлесімділігі, сондай-ақ дұрыс тыныс алу техникасы арқылы туындайды. Жүзу медитацияға ұқсас, өйткені судың дыбысы тыныштандырады және миды жағымсыз ойлардан тазартады, зейінді жақсартады. Бұдан басқа, жүзу кезінде ағзада үнемі күйзелістің әсерінен жойылған жүйке жасушаларының   нейрогенезисі (жаңа нейрондардың түзілуі) белсенді жүреді. Бассейнде жүзу денсаулыққа байланысты көптеген мәселелерді шешеді және сізге сымбатты келбетке келтіреді.

Фитнес

Оқжетпес ЕСК фитнес залының жабдықтары

Фитнес – тек әдемілік пен сән үшін ғана емес, бірінші кезекте  – денсаулық үшін! Сондықтан Оқжетпес ЕСК-де жылдың кез келген мезгілінде жайлы жаттығу үшін жабдықталған фитнес залы бар.

Спорт залында:

  • Жүгіру жолдары;
  • Power Plate жаттығу құрылғысы;
  • Велотренажер;
  • Жоғары блокты шынықтыру үшін жаттығу құрылғысы ;
  • Квадрицепс-машина жаттығу құрылғысы;
  • Спорттық құрал-жабдықтар (фитболдар, шеңберлер, степ платформалар, гантелдер, штангілер және т.б.).

Жүгіру жолдары

Жаяу жүрісті көбіне жаттығудың патшайымы деп атайды. Өйткені, біріншіден бұл дене шынықтырудың мейлінше қауіпсіз түрі және оған қарсы көрсеткіштер жоқ. Екіншіден, жаяу жүріспен кез келген жаста айналысуға болады. Және үшіншіден оған Сіздің қалауыңыздан басқа ештеңенің қажеті жоқ. Қаланың ішінде, сатымен және пәтерде де жүруге болады.

«Оқжетпес ЕСК» АҚ-да жаяу жүріс үшін ашық ауада әртүрлі қашықтықтағы жаяу жүру жолы салынған, ал қолайсыз ауа-райында жаттығу құрылғысында жүруге болады. Мұндай жаттығудың ұзақтығы мен қарқындылығын дәрігер тағайындайды.

Power Plate жаттығу құрылғысы

Power Plate – жаңа буынның премиум-класс жаттығу құрылғысы, тиімділігі жоғары, әмбебап және барлық ағзаны кешенді жаттықтыруға арналған қауіпсіз құралдар.  Олар жаттығу уақытында ағзадағы зат алмасуды бірнеше рет жеделдете отырып, 100% бұлшық ет талшықтарына әсер етеді. Жаттығу құралының платформасы барлық денеге энергетикалық импульстар жібереді, олар бұлшық еттің жиырылуына әсер етеді  (25-50 рет/сек.). Осылайша, Power Plate жаттығу құрылғысында азғантай күшпен     15 минуттық жаттығу қарапайым жаттығу құрылғысында бұлшық етке әсер ету бойынша 1 сағаттық қарқынды жаттығумен тең.

Велотенажер

Велотренажерде жаттығу – бұл жалпы ағзаға арналған өте жақсы жаттығу. Бұл:

  • өкпенің көлемін ұлғайтады, тыныс алу жүйесін сауықтырады;
  • жүрек-тамыр жүйесін жалпы нығайтады, тамырлар мен жүректі шынықтырады;
  • иммунитетті нығайтады, төзімділікті дамытады;
  • денені сымбаттандырады.

Велотренажерде жаттығу кең таралған ерте жаста қаза болу себептерінің бірі болып табылатын жүрек-тамыр жүйесі патологиясының алдын алады. Сонымен бірге, дұрыс және жүйелі жаттығу қан қысымына қолайлы әсер етеді, гипертония, тромбоэмболия, инфаркт және т.б. ауруларды болдырмайды.

Бұған қоса, ағзаны жалпы жаттықтыру жұқпалы ауруларға қарсы тұрушылықты жоғарылатады.

Жоғары блокты шынықтыруға арналған жаттықтыру құрылғысы

Жаттығу құрылғысы арқаны, әсіресе жалпақ бұлшық еттерді  жаттықтыруға арналған. Бұл бұлшық ет тыныс алу кезінде кеуде қуысын кеңейтуге және қол мен иықтың жүзу кезіндегі күш түсіру сияқты жұмыс жасауына көмектеседі. Бұған қоса шыныққан арқа бұлшық еттері – бұл әдемі дене мүсіні, тік омыртқа жотасы, бас ауыруы азаюы және денсаулық басқа пайдасы да зор.

Жаттығу құралын пайдаланудан бұрын зақым алмау үшін жаттығу нұсқаулықтарымен танысу қажет. Үлкен күш түсіріп айналысуға тырыспаңыз.

Квадрицепс-машина жаттығу құрылғысы

Санның 4 басты бұлшық еттері – квадрицепс –  бұл адам ағзасындағы ең үлкен бұлшық еттердің бірі.  Ол санның барлық алдыңғы бетін алып жатыр. Квадрицепстің негізгі қызметі – балтырды тізеден бүгу және арасында санның бүгілуіне қатысу. Бұл бұлшық ет күні бойына аяқтың буындары мен буын байламдарының қызметіне көмектеседі, сондықтан оны аз күш түсіру арқылы жаттықтыру қажет, әсіресе аяқ сынығынан кейінгі оңалтудан кейін жаттықтыру өте қажет және пайдалы. Бұл бұлшық еттің күшін және созылымдылығын қайтаруға мүмкіндік береді. Осындай жаттығулардың негізі – аз салмақ. Әйтпесе тек қана зақым келтіруге болады.

Спорттық құрал-саймандар

Фитбол – бұл көптеген дене шынықтыру жаттығуларына арналған арнайы доп.  Бастапқыда оны швейцарлық физиотерапевт арқа аурулары бар адамдарға арнап әзірлеген. Фитбол арқа бұлшық еттерін нығайтуға көмектеседі, зақымдардан және отадан кейін қалыпқа келтіреді, дене мүсінін жақсартады. Қазір оны фитнес және үй жаттығуларымен бірлестіріп қолданады.

Бұдан басқа Оқжетпес ЕСК-нің фитнес залы гантельдер, штангілер, шеңберлер және басқа да қажетті спорттық құрал-саймандармен жабдықталған.

Хамам

Хамам түрік моншасы

Хамамның тарихы ғасырлар тереңінен және рим термінен басталады. Бұл буы көп монша, ауа температурасы 35-тен 50 градусқа дейін түрленеді. Түрік моншасының ерекшелігі ауаның жоғары ылғалдылығында, әдетте  бумен ауа 100%-ға дейін ылғалданады. Осының есебінен моншада жұмсақ микроклимат қалыптасады. Хамамда ағаш жантаймалар орнына мәрмәр тас тақтайшалары қолданылады. Олар бумен қызып, денені жұмсақ әрі терең жылытады. Осының нәтижесінде монша әсіресе әйелдерге, сонымен бірге барлық адамдарға да өте пайдалы.

Түрік моншасының ағзаға пайдасы?

Түрік моншасы көбіне орыс және фин моншаларынан да пайдалырақ. Біріншіден, булы, жоғары температуралы моншаларға қарсы көрсеткіштер түрік моншасына жоқ. Екіншіден, жоғары ылғалдылық хамамның пайдалы әсерін кеңейтеді. Хамамның ағзаға қолайлы әсері:

  • Май бездерін тазартады және қызметін қалыпқа келтіреді;
  • Қан айналысын жақсартады;
  • Лас және улы заттарды шығарады;
  • Тыныс алу жүйесі ауруларынан тез сауықтырады, иммунитетті нығайтады;
  • Тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде көңіл-күйді жақсартады;
  • Күйзеліс деңгейін төмендетеді, ұйқыны жақсартады, күйзелістен және ұйқысыздықтан алып шығады;
  • Теріні ылғалдандырады, тартады және жалпы жағдайын жақсартады.

Хамамның теріге пайдасы

Хамамда косметологиялық емшаралардың әсері басқа моншаларға қарағанда қарқынды жүреді. Жоғары ылғалдылықтың нәтижесінде сезімтал тері тез тазарады, ал майлы тері терең тазарады, май бездері тазарып, без бөлінуі қалыпқа келеді. Құрғақ тері қарқынды ылғылданады, серпімділігі артып, тартылады.

Хамамның жасартқыш әсері

Жасартқыш әсері  ағзадағы зат алмасу мен тіршілік әрекеттерінің өнімдері – лас және улы заттардан тез тазарту арқылы жүреді.

Қан айналымы үшін түрік моншасы

Түрік моншасының жұмсақ буы тоқырау құбылыстары мен ісіктерді жояды. Будың әсерімен тамырлар мен капиллярлар кеңеяді, лимфа ағысы күшейеді, қан айналысы, ішкі мүшелерден қанның ағып шығуы жақсарады. Осының арқасында тоқырау құбылыстары мен ісіктер толықтай жойылады.

Хамамның тыныс алу жүйесі үшін пайдасы

Түрік моншасы тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын адамдарға өте пайдалы. Мәрмәр тас тақтайшаларында ұзақ уақыт қыздырыну сауығуды тездетеді және иммунитетті нығайтады.

Буындар мен тірек-қимыл аппараты жүйесі үшін хамамның пайдасы

Артрит, ревматизм, остеохондроз және бұлшық еттердің созылып кетуі кезіндегі ауырсынулар түрік моншасына үнемі барып тұрған кезде жойылады.  Сондай-ақ, хамамға бару спортшылар үшін бұлшық еттерден сүт қышқылының бөлініп шығуын тездетеді.

Түрік моншасының жүйке жүйесі үшін пайдасы

Түрік моншасы – бұл сағаттар бойы рахаттану. Физикалық жылудың, будың, атмосфераның және косметикалық емшаралардың әсерінен ағза рахатқа бөленіп, жағымсыз ойлар жоғалады, көңіл-күй көтеріліп, эмоциналдық жағдай жақсарады. Бұдан басқа, хамам бас сақинасы бар әйелдерге ұсынылады.

Ұсынымдар

Бірақ, көптеген пайдалы әрі жағымды әсерлеріне қарамастан хамамға барудың денсаулық жағдайына байланысты бірнеше шектеулері бар.  Сондықтан, барлық нәрсенің шегі бар екенін есіңізде сақтаңыз. Оқжетпес ЕСК дәрігерлерінің кеңесін қолданған және нұсқаулықтарын бұзбаған жөн.

Сауна

Сауна және оның пайдасы

Сауна және монша сергектіктің таптырмас көзі және белгілі бір дәрежеде «емдік құрал» болып есептеледі.

Жүйке жүйесі

Зерттеулер көрсеткендей, 10 минут уақыт саунада болғаннан кейін қозғалыс реакциясы мен координация  жоғарылайды, ал 20 минуттан кейін төмендей бастайды. Бұл, жүйке жүйесінің босаңсыңуынан және қалпына келтіру үдерістерінің басталуынан пайда болады.  Бұдан басқа сауна ішкі сезімге әсер етеді. Бұл жерде интерьер, сауна жайының ұйымдастырылуы, қосымша емшаралар және серіктестер маңызды рөл атқарады.

Жүрек-тамыр жүйесі

Саунада болу жүрекке оң әсер етеді, бірақ ұзақ уақыт болған кезде бас айналып, жүрек соғуы жиілейді. Ал бас миында тамырларға қан құйылу күшеюі байқалады. Саунада дұрыс булану кезінде жүрек-тамыр жүйесі 1 сағат демалыстың ішінде қалпына келеді.

Бұлшық еттер

Саунаның жылулық әсері тонусты төмендетеді, онымен бірге бұлшық еттер де босаңсиды, олардың серпімділігі артып, дәнекер тіндері жұмсарады.

Тыныс алу

Саунада жылудың әсерінен тыныс алу жиілейді және өкпенің көлемі орташа алғанда 100 мл-ге ұлғаяды. Салқын тию аурулары кезінде, әсіресе өкпеде қақырық жиналған кезде сауна қолайлы әсер етіп, адам тез сауығады. Ал, егер буға эвкалипт, қарағай және жалбыз эфирлерін қосса ингаляция тәрізді әсер етеді.

Тері

Саунада тері температурасы 41-42 градусқа және одан да жоғарылауы мүмкін. Бұл жылу реттеу механизмін, тер бөлінуін, қан айналысын, терінің сезімталдығын және оның тыныс алу белсенділігін күшейтеді.  Жоғарыда аталған үдерістердің барлығы терінің жылу реттелу, тыныс алу, қорғаныш, жанасу, бөлу  қызметін жақсартады. Ішкі мүшелердің қызметі жақсарады және ауруларға қарсы тұрушылық жоғарылайды.

Салмақ

Саунада салмақты азайту ылғалдың біршама мөлшерде шығуынан жүреді. Арықтаудың қарқындылығы булануда болу уақытына, температураға және ылғалдылыққа, денсаулық жағдайына және ағзаның жеке ерекшелігіне байланысты. Қазіргі уақытта мамандармен арықтауға және қалыпты салмақты ұстап тұруға қатысты көптеген нұсқаулықтар әзірленді. Бірақ, ең тиімдісі диетадан кейін спортпен айналысу және монша емшаралары. Монша емшаралары кезінде қатты арықтау денсаулыққа зиянды екенін есте ұстаған жөн.

Алдын алу және иммунитет

Саунада дұрыс булану кезінде гипертониктердің артерия қысымы төмендейді, бүйрек ауруымен ауыратын адамдардың көңіл-күйі, сонымен қатар зат алмасуы жақсарады.  Орталық және шеткі жүйке жүйесін емдеу кезінде, мысалы, остеохондроз, құяң, созылмалы полиартритте массаж жасау арқылы булану тиімді. Сауна шаршағанды басады, мазасыздану төмендейді. Осының арқасында, ағзаның көптеген тіршілік әрекеттері жылдамдайды, зақымдалған жұмсақ тіндер мен буындар тез жазылады.

Саунадан кейін ертеңгі күні өзіңіздің көңіл-күйіңізге назар аударыңыз. Егер өзіңізді жеңіл және сергек сезінсеңіз, яғни сіз емшараны дұрыс қолдандыңыз. Егер, көңіл-күйіңіз өзгермесе немесе бұзылса, онда сіз бір нәрсені дұрыс істемедіңіз немесе нашар булануды таңдадыңыз.

Қарсы көрсеткіштері: кардиоваскулярлық аппараттың кейбір аурулары, жоғары қан қысымы, тыныс алу аурулары, жедел аурулар, жүкітілік және т.б.

Демалыс және саунада болу кезінде емшара пайдалы болу үшін Оқжетпес ЕСК дәрігерлерінің кеңестерін қолдануыңызды сұраймыз.

Инфрақызыл сауна

Оқжетпес ЕСК-дегі инфрақызыл сауна

Инфрақызыл сауна — бұл соңғы кезде танымал болған саунаның жаңа түрі. Сыртынан қарағанда саунаға ұқсайды. Бұл инфрақызыл қыздырғыштармен жабдықталған шағын кабина.

Инфрақызыл саунада қыздырыну инфрақызыл қыздырғыштың жылу сәулеленуі есебінен жүреді. Бұл жұмсақ жылу ауаны емес денені жылытады. Жылу толқындары қарапайым фин саунасына қарағанда денеге 10 есе тереңдікте енеді. Бұл тер бөлінуін күшейтеді, осының арқасында ағза улы және лас заттардан белсенді тазарады.  Жай булану кезінде ағзадан 95% су шығады және қалдықтардың тек 5% шығады.  Осындай тер бөлінуі кезінде инфрақызыл саунада лас заттар, майлар және улы заттар 4 есе көп шығады.

Инфрақызыл саунаның сауықтыру тиімділігі

Зерттеулер көрсеткендей, инфрақызыл саунаның ағзаға оң әсері мол:

  • тамырлардың қабырғаларын нығайтады ;
  • қан айналысын және зат алмасуды жақсартады;
  • холестериннің мөлшерін төмендетеді;
  • мазасыздық пен күйзелісті басады, ұйқысыздықты жояды;
  • миға оттегі келуінің күшеюінен мидың белсенділігі мен есте сақтау қабілетін жақсарады.
  • иммунитет күшейеді;
  • зақымдалған сүйектер мен жұмсақ тіндер қалпына келеді;
  • спорттық күш түсіру кезінде бұлшық еттерден сүт қышқылының шығуы жылдамдайды;
  • ауырсыну симптомдары жойылады;
  • арықтауға және целлюлиттен арылуға көмектеседі;
  • теріні безеу, дерматит және т.тб. тазартады;
  • созылмалы ЛОР аурулары кезінде жағдайды жақсартады.

Сеанс ұзақтығы

Қай нәрсенің де шегі бар, сондықтан кез келген медициналық және сауықтыру емшаралары ұсынылған мөлшерден артық пайдалану кезінде зиянын тигізуі мүмкін, соның ішінде инфрақызыл сауна.  Оқжетпес ЕСК дәрігерлері ИҚ саунада 20-30 минуттан артық болмауға кеңес береді. Егер сіз жүрек-тамыр немесе жүйке ауруларымен ауыратын болсаңыз, саунада болу ұзақтығы 5-10 минут. Емшараны аз уақыттан бірнеше реттен қолданған жөн.

Спорт залы

Спорт залы

Спорт залы – бұл мезгілсіз қартаюдың, иммундық жүйені нығайтудың алдын алу үшін жоғары тиімді әдіс және көңілді де белсенді ойын-сауықтарды өткізу орны.

Оқжетпес ЕСК спорт залы волейбол торы, шағын футболға арналған қақпа, баскетбол кәрзеңкесі және осы спорт түрлеріне арналған доптармен жабдықталған. Спорт алаңы спорттың барлық түріне қарай белгіленген.

Залдың көлемі:

  • ұзындығы – 38 м.
  • ені – 24 м.

Оқжетпес ЕСК спорт залында жылдың кез келген мезгілінде корпоративтік тимбилдингтер мен жарыстар өткізуге болады.

Емшара кабинетінің қызметтері

Емшара кабинеті

Емшара кабинетінде зертханалық талдау үшін қан алынады және әртүрлі препараттарды егу жүргізіледі.

  • Көк тамырға дәрі егу – 650 тг.
  • Бұлшық ет ішіне дәрі жіберу – 1 650 тг
Брондау Онлайн төлем Оператор