Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Андрогин

Андрогин – ерлер мен әйелдердің жыныс жүйесі қызметтерінің бұзылуы мен қабыну аруларын, гармоналдық бұзылу кезіндегі несеп-жыныс жүйесінің созылмалы ауруларын емдеу.

– 6350 тг.

Гидроколондық терапия

Гидроколондық терапия – жиналған лас заттарды шайып шығару, уытсыздандыру, және ішек микрофлорасын қалпына келтіру  мақсатында тоқ ішекті жұмсақ  шаю.

– 11050 тг.

БАЯНҒАЛИ ТОҚАНҰЛЫ ӘЛІМЖАНОВ

Қазақ ақыны, драматург, прозалық жазушы, суырып салма ақын, жырау-әңгімеші, сықақшы, режиссер, сценарийші және кинорежиссер – Баянғали Әлімжанов «Оқжетпес» АҚ-да демалуда. 1954 жылы туған. «Қиқыматтың хикаялары», «Ұя», «Жынды қаратайының қасіреті», «Ауылдың ақ самалы», «Алаш пен Манас», «Әзіл шуағы» «Деген екен», «Аңыз бен аспан», «Қиянатқа қарсылық» , «Өмірдің өзі…» деген сияқты 20-дан аса прозалық, ақындық, драматургиялық және әдеби сыни кітаптардың және «Шыршадағы шытырман» балаларға арналған өлеңдер жинағының авторы, Баянғали Әлімжанов «Аран», «Айхан» фильмдеріндегі сценарийші, режиссер және басты рөлді орындаушы, «Ән мен анаша», «Асау толқын» фильмдеріндегі режиссер және актер, «Қазақфильм» киностудиясында шығарылған «Сказители», «Ақын», «Балуан» деректі фильмдер сценарийінің авторы,  «Халық қазынасы», «Бес баспана» танымал телеарналарының және жыршылар жарыстарының жетекшісі ретінде белгілі.

Баянғали Әлімжанов 1984 жылдан 2004 жылға дейін 216 республикалық, халықаралық және облыстық айтысқа қатысты, жиырма екі Гран-приді жеңіп алды және бірнеше рет жеңімпаздар арасында, Жыршы-әңгімелесушілердің жарыстарында екі Гран-придің жеңімпазы болды. Қырғызстанда өткен және «Манас» эпосының 1000 жылдығына орай өткізілген «Манасчи» халықаралық байқауының арнайы жүлдегері.

1995 жылы Баянғали Әлімжанов Композиторлар Одағының және Қырғызстан Мәдениет министрлігінің А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болды.

«Оқжетпес» кітапханасына «Абылай хан мен оның батырлары», «Ұлы дала аңыздары», «Жалмауызды жеңген бала», «Қорасан қарақшының қолмергені» атты өзінің үш тамаша кітабын сыйға тартты.

ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР, «ОҚЖЕТПЕС» ЕСК» АҚ ҰСЫНАДЫ!

26 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған шоу бағдарлама көрсетіледі!

Бағдарламада ұлттық аспаптарда әдемі би, эстрадалық әндер орындалады және виртуоздық ойындар көрсетіледі.

Елдің ең жақсы емдеу-сауықтыру кешені «Оқжетпесте» демалу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Тел.: +7(71636)78 101, + 7(702) 059 20 20

«Алтын кезең» акциясы

Достар, күз мезгілінде және қыстың алдында күш-қуат жинау және денсаулықты нығайту қажет! Сіздерді «Алтын кезең» акциясына қатысуға шақырамыз және тұру үшін 20%-ға дейін жеңілдік ұсынамыз.

Акция шарттары:

  • 10% жеңілдік 3 тәулікке дейін тұру кезінде;
  • 15% жеңілдік 4-7 тәулік тұру кезінде;
  • 20% жеңілдік 8 тәуліктен артық тұру кезінде

Акция оң жақтағы брондау нысаны арқылы немесе Оқжетпес ЕСК-нің брондау бөліміне телефон арқылы хабарласып нөмірді брондаған жеке тұлғаларға әрекет етеді;

Балалар жолдамаларына және қосымша ересектер орындарына таралмайды.

Акция басқа жеңілдіктер мен акциялармен бірге  жинақталмайды.

Акцияның жарамдылығы: 20 қыркүйек –  20 қазан 2017 жылғы.

Жайлы демалыңыз!

Құрбан айт

«Оқжетпес» ЕСК Сіздерді әрбір мұсылман үшін үлкен маңызы бар мейраммен шын жүректен құттықтайды.

Құрбан Айт – адамдардың бірі-біріне ізгі ниеттер тілейтін, әрдайым күш-қуат беретін, оң және нәтижелі жолға ұмтылдыратын мереке.

«Оқжетпес» Сізге мықты денсаулық, бақыт және махаббат теңізін тілейді.Есіңізде болсын, осы өмірде не нәрсе де жайдан жай болмайды, бірақ бәрі де Алланың еркі екенін ұмытпау керек.

Мерекеңізбен! Әрдайым шыдамды, мейірімді және жомарт болыңыз. Мерекені қуанышты да лайықты өткізіңіз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Оқжетпес» ЕСК»АҚ сіздерді басты және шын мәнінде жалпы халыққа ортақ мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен шын жүректен құттықтайды.

1995 жылы қазақ халқы өзінің тарихи таңдауын жасап, мемлекетті одан әрі дамыту жолын анықтады. Бұл барлық қазақстандықтар үшін жаңа қоғамның құрылуына сенімді негіз болған ерекше оқиға болды.

Конституция, егемендік кепілі ретінде, біздің бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен үйлесімділіктің негізі болды, жаратылыстың символы және ұлы істердің бастауы мен қазіргі жеңістердің көзі болды.

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз!

Мемлекеттегі демократиялық үдерістерді дамыту мен одан әрі қалыптастыруда жетістіктер мен табыстар тілейміз, олардың ең құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Мықты денсаулық және бейбіт болашақ тілейміз!

Диагностика в Астане

Диагностика

«Оқжетпес» ЕСК емдеу-оңалту бөлімшесі

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ емдеу-оңалту бөлімшесінде мына дәрігерлер қабылдау жүргізеді:

  • Терапевт;
  • Отоларинголог;
  • Диетолог;
  • Гинеколог;
  • Ультрадыбыстық диагностика дәрігері;
  • Дәрігер-зертханашы.

Қажет болған жағдайда басқа мамандардың кеңесін ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

Бөлімшенің мүмкіндіктері

Клиникалық-диагностикалық зертхана

Зертханада келесі зерттеулер жүргізіледі:

  • жалпы клиникалық;
  • гематологиялық;
  • биохимиялық.

Зертхана зәр талдау, қанның биохимиялық көрсеткіштерін, қанды толық әрі сапалы талдауды қамтамасыз ететін, 1-10 минут ішінде жылдам диагностика жүргізуге арналған бірегей жабдықпен жабдықталған. Сонымен бірге 1000 есе үлкейтіп көрсететін микроскоп, зәр талдағыш, гематологиялық аппарат бар.

Функционалдық диагностика кабинеті

Функционалдық диагностика бөлмесі спирографияға арналған тіреуіші бар 12 арналы электрокардиографпен (BTL-08 MTECG, Ресейде өндірілген) жабдықталған. Бұл жүйе егжей-тегжейлі талдауды дозиметрлік бақылауды, диагностиканы, сондай-ақ ЭКГ-ны жазуға арналған, қызметі кең ауқымды және пайдалануы қарапайым. Құрылғы аккумулятор батареяларымен жабдықталғандықтан қолайлы болып табылады. Кардиолог дәрігер жүректің соғу жылдамдығын немесе қан қысымын бақылау үшін Холтерлік мониторлау жүргізіп, қан қысымын күнделікті өлшейді (СМАД). Бұл сынақтар өте маңызды, себебі олар жүректің соғу жылдамдығын және артерия қысымын ұзақ уақыт бойы бақылауға мүмкіндік береді, емделуші құрылғыны киіп тұрған кезде басқа күнделікті дағдылы әрекеттерін орындай алады.

Гинекологиялық кабинет

Бұл кабинет ACRON (Англия) үлгісіндегі қашықтан басқару түймесі бар креслолармен жабдықталған.

УДЗ кабинеті

Іш қуысы мүшелерінің, жамбас мүшелерінің, қалқанша без, сүт бездерінің аурулары және т.б. ауруларды диагностикалауға арналған «ЛОДЖИК-5» құрылғысымен жабдықталған.

Урологиялық кабинет

«Андро Гин КАП- ЭЛМ -01» аппаратымен жабдықталған, емшаралар дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

Ішекті сулау кабинеті

Испанияда өндірілген, ішекті мониторлық тазалауға арналған «TRANSCOM NS-2000» аппаратымен жабдықталған.

Пневмопрессотерапия кабинеті (лимфа дренажы)

Кабинет BTL-6000 LYMPHASTIMEASY құрылғысымен жабдықталған, ол негізінен аяқ-қолдың лимфа ісіктерін емдеуге, сондай-ақ аяқ-қолдағы қан айналымын жақсартуға мүмкіндік береді. Құрылғы оқтын-оқтын қысу-емдеу қағидаты бойынша жұмыс істейді. Емдеу үшін аяқ-қолдар үрілген жеңдерге орналастырылады, жеңдер басқару блогымен реттелетін құбырлар жүйесі арқылы қысылған ауаға толтырып аяқ-қолға массаж жасайды. Әрбір жең алдын ала белгілі бір циклдерде толтырылған көптеген өзара байланысты ауа камераларынан тұрады. Лимфа дренажы лимфа жүйесіндегі лимфа ағысын белсендіреді, өтуі қиын жерлерде лимфаның өтуін жақсартады және зат алмасуын жылдамдатады. Лимфа жүйесінің арналары ағзадан бөлінетін өнімдердің ағып келуі мен қайта ағып шығуына жауап береді. Лимфа жүйесі адамның иммундық жүйесінде шешуші рөл атқарады.

Магнитті терапия кабинеті

Кабинет «АЛМА» магнитті терапия құрылғысымен жабдықталған, ол адамның барлық ағзасына бір мезгілде бір текті төменгі жиілікті, циклді-айналмалы магнитті өріспен әсер ету арқылы емдейді.

Жалпы магнитті терапия

Көрсеткіштері:

  • иммунның бұзылуы;
  • бас миының қан тамыр аурулары;
  • миға қан келмеу салдары;
  • жоғары қан қысымы аурулары;
  • тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхтың өткізгіштігі бұзылып, қабынуы, бронх демікпесі);
  • жатырдың қатерсіз ісігі.

Төменгі жиілікті магнитті терапия

Емдеу АELF-984, ықшам АМТ-02 магнитті терапия аппараттарымен жүргізіледі.

Көрсеткіштері:

  • бас миының ішкі зақымдалу салдары, әртүрлі себептен жүйке жасушаларының жойылуы, миға қан келмеу;
  • ойық жаралар, көк тамырдың қабынуы, көк тамырдағы түйіндер ;
  • шеткі жүйкенің бұзылысы;
  • қант диабетінен аяқ-қолдың жансыздануы және қан тамырларының зақымдалуы.

Лазерлі терапия кабинеті

«Мустанг 2000», BTL-5000Combi-1 (магнитпен-лазермен емдеу) құрылғыларымен жабдықталған.

Көрсеткіштері:

  • терінің зақымдалуы және аурулары (ойық жаралар, күйіктер, қышыма тері аурулары және басқа);
  • тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы және аурулары (созылмалы, аяқ-қолдың ұсақ буындарының қабынуы, буынның тән емес аурулары, шынтақ буынының қабынуы, сүйек сынықтары);
  • жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары (жүрекке қан келмеу, жоғары қан қысымы);
  • тыныс алу жүйесі аурулары (бронх қабынуы, өкпе қабынуы, бронх демікпесі);
  • шеткі жүйке жүйесінің арулары (белгілі бір жердегі жүйке бағанының ауыруы, жүйке қабынуы, омыртқа жіктерінің орнынан жылжып кетуі).

Жарықпен емдеу кабинеті

Кабинетте ЛСН -1 үстел соллюксі, УГН-1, УГН-01 М, ОРК 02М сәулелендіргіштері бар.

Көзге көрінетін сәулелендіру

Көрсеткіштері:

  • баяу жазылатын жарақаттар мен жаралар, соның ішінде ойық жара және жүйкенің тозуы.

Ультракүлгін сәулелендіру

Көрсеткіштері:

  • ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын жоғарылату;
  • ағзаны шынықтыру;
  • терінің кең таралған іріңді ауруларын емдеу;

балалардың мешел ауруының алдын алу және емдеу;

  • қан түзілуін ынталандыру;
  • ультракүлгін жетіспеушіліктің орнын толтыру.

Жергілікті ультракүлгін сәулелендіру

Көрсеткіштері:

  • пайда болу себебі әртүрлі буын қабынуы;
  • кеңірдек, бронхтың қабынуы;
  • іріңді жарақаттар, жаралар, тілме-терінің қызарып ісетін аурулары;
  • Құлақ, мұрын, тамақ аурулары (мұрын кілегей қабығының, мұрын қуысының қабынуы);
  • Қабыршақты теміреткі, терінің созылмалы бөртпесі, терінің іріңді қабынуы.

Электрмен емдеу кабинеті

Ультражоғары жиілікті терапия

УВЧ-80-04 «СТРЕЛА» құрылғысымен жүргізіледі.

Көрсеткіштері:

  • ағзаның әртүрлі аумағындағы  қабыну, жедел іріңдеу;
  • әртүрлі ішкі мүшелердің жедел және жеделдеу қабынуы;
  • тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы және аурулары.

Қысқа толқынды терапия

BTL-6000 Combi құрылғысы – қысқа толқынмен (дециметрлік) емдеудің бір түрі.

Көрсеткіштері:

  • ішкі мүшелердің жеделдеу және созылмалы қабыну аурулары;
  • тірек-қимыл жүйесінің аурулары.

Төменгі жиілікті электрлі терапия

ЕТ-10. ЕТ-20, Радиус-01 ФТ, «Поток-1» құрылғыларымен жүргізіледі.

Көрсеткіштері:

  • шеткі жүйке жүйесінің зақымдалуы және аурулары салдары (жүйке өрімдерінің қабынуы, құяң, белгілі бір жердегі жүйке бағанының ауыруы);
  • орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы және аурулары (бас-ми зақымдары, ми және жұлын қан айналысының бұзылуы);
  • жүйке жүйесінің бұзылуынан ағзаның жағдайының жалпы нашарлауы, жүйкенің жұқаруы;
  • ас қорыту мүшелерінің аурулары;
  • жоғары және төменгі қан қысымы аурулары;
  • жүрек ұстамасы.

Ультрадыбыстық терапия

NT 10 құрылғысымен жүргізіледі

Көрсеткіштері:

  • сыздап ауыратын буынның қабыну және пішінін өзгертуі;
  • сүйек-бұлшық еттердің жарақаттары және зақымдалу салдары;
  • шеткі жүйке жүйесінің қабыну арулары;
  • тыныс алу, асқорыту, несеп-жыныс мүшелерінің аурулары;
  • отадан және екпеден кейінгі жергілікті көгерулер;
  •  Рейно ауруы – алақан саусақтарының жансыздануы;
  • Құлақ, мұрын, тамақ мүшелерінің аурулары.

Жергілікті дарсонвализация

«Искра -3» құрылғысымен жүргізіледі.

Көрсеткіштері:

  • Ауырсыну туғызатын  шеткі жүйке жүйесінің аурулары;
  • дыбыс қабылдау құрылғыларының әсерінен құлақтың естімей қалуы ;
  • жүйке жүйесінің бұзылуынан ағзаның жалпы нашарлау жағдайы;
  • бас сақинасы;
  • аяқ көктамырларының кеңеюі;
  • терінің ойық аурулары, созылмалы бөртпесі, жүйке-аллергиялық тері қабынуы.

Соқпалытолқынды терапия

enPuls version 2 құрылғысымен жүргізіледі.

Соқпалы толқын жұмсақ тіндердің, сіңірлердің жазылуын, қалпына келуін  жылдамдатады, ауырсынуды басады, тіндердегі қан айналысын жақсартады.

Көрсеткіштері:

  • өкше сүйелі;
  • буындардың пішінін өзгертуі ;
  • сіңір аурулары;
  • арқаның, буындардың ауырсынулары;
  • бұлшық ет ауырсынулары;
  • буын, сіңір, бұлшық еттерде тұз жиналу.

Сіз біздің кешенде сырқатыңызды, күйзеліс, шаршағаныңызды ұмытып, күш-қуатыңызды, жан-дүниеңіздің үйлесімділігін қалпына келтіресіз.

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтер

Емдеу курстары 6, 10, 14 күн. Дәрігер демалушының денсаулық жағдайын ескере отырып төмендегі емдеу және сауықтыру емшараларынан тұратын жеке бағдарлама құрады:

Дәрігер мамандардың кеңесі

  • ЛОР (құлақ, мұрын, тамақ дәрігері);
  • УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу);
  • Терапевт (жалпы емдеу дәрігері)

Аппараттық физикалық терапия

Бұл белгілі бір физикалық шарттарды қолдану арқылы емдеудің бір түрі: тоқ,

магнит өрісі, лазер, ультрадыбыс, әртүрлі сәулелендіру: инфрақызыл, ультракүлгін.

Емдеу әсері: қан, лимфа айналысын жақсартады, ауырсынуды басады, иммунитетті жоғарылатады, ісікті басады, мүшелер мен тіндердің қызметін қалыпқа келтіреді, еңбекке қабілеттілікті жоғарылатады.

Озокеритті бастырмалар

Озокерит – табиғи текті бірегей зат.

Озокериттің емдеу әсері жылу және механикалық шарттар арқылы беріледі. Озокерит әсер ету аумағында 4-5 см тереңдікте қысқа мерзімді (5-40 с.) тарту арқылы терінің температурасын 2-3°С жоғарылатады,  соның салдарынан тамырлар кеңейіп қан ағысы күшейеді, қабыну жойылады , зат алмасу жақсарады, бұлшық еттер босаңсып, жұмсарады, ауырсыну басылады.

«Майбалық» минералды суымен қызыл иекті стоматологиялық сулау 

Минералды судың қабынуға қарсы әсері бар және жоғары сезімталдықты азайтады, жасуша мембраналарының өткізгіштігін төмендетеді, қызыл иектің қанауға бейімділігін азайтады,  сүйек тіндері мен тістің өсуіне қолайлы жағдай туғызады.

Сумен емдеу

  • Шарко душы;
  • Су асты душ-массаж;
  • тарамды душ;
  • айналмалы душ.

Сумен емдеу – бұл емдеу және жасарту емшарасы.

Сумен емдеудің негізіне денеге сумен механикалық, температуралық және химиялық әсер ету жатады. Теріде орналасқан жүйке ұштары тітіркеніп, соның салдарынан жүйкенің жұмысы белсенеді.

Ағзаға жылумен әсер ету кезінде зат алмасу мен қан ағысы жақсарады, ұйқы безі мен асқазанның сөл бөлуі күшейеді.

Жылы немесе ыстық су тыныштандырады және ауырсынуды басады, бұлшық еттерді босаңсытады, эндокринді жүйенің қызметін ынталандырып, иммунитетті белсендіреді .

Бальнеологиялық емдеу

Ванна түрлері:

  • минералды;
  • радонды;
  • маржанды;
  • қылқанды;
  • 4 камералы;
  • панталы ванна.

Бальнеоемдеу жалпы адам ағзасына оң әсер етеді.

Күйзеліске қарсы әсері  – тыныштандырады, ауырсынуды, шаршағанды басады, күйзеліс жағдайларын жояды, ұйқыны қалыпқа келтіреді.

Сергіту әсері – есте сақтауды жақсартады, қабынуға қарсы,  ауырсынуды басады, сергітеді, мидың жұмысын белсендіреді.

Минералды су

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да минералды су қабылдау күніне 2 рет.

Сульфатты-хлоридті натрийлі-магнийлі «Құлагер-Арасан» минералды суы құрамы анионды-катионды аралас «арнайы қоспасыз» әлсіз минералды су. Емдік-асхана суы ретінде қолданылады. Емдеу әсері өттің бөлінуін жақсартатын сульфат және магний иондарының болуымен ерекшеленді. Сульфат иондары асқазанның сөл бөлуін айтарлықтай азайтады, ішектің жиырылуын күшейтеді және аш ішектің бойымен тағамдық заттардың таралуын жылдамдатады, олардың әсерінен асқазандағы сөл бөліну бәсеңсиді.  Натрий және калий иондары су-тұз алмасуын реттейді.

Көрсеткіштері: созылмалы өт және он екі елі ішектің қабынуы, қанауға бейім емес, басылған асқазан және 12 елі ішек жарасы, асқазан-ішек жолы ауруларының ықтимал қатерлі өсуге ұласуы, зат алмсау бұзылуы (семіздік), созылмалы шаршау белгілері.

Шөппен емдеу

Шөппен емдеу – өсімдіктер мен олардан алынған препарттардың дәрілік қасиеттерін пайдалануға негізделген емдеу әдісі. Дәрілік өсімдіктердің құрамында табиғи емдеу және адам ағзасына әртүрлі, жан-жақты әсер ететін күрделі химиялық қосылыстар бар.

Оттегі коктейлі

Оттегі коктейлі – бұл оттегіне қанықтырылған, құрамында витаминді қоспасы бар сусын. Қан қысымын қалыпқа келтіреді, асқазан-ішек жолдарының микрофлорасын, бүйректің қан ағысын жақсартады, улы заттар мен зат алмасу өнімдерін тез шығарады.

Емдәмдік тамақтану

Оқжетпес ЕСК-де емдәмдік тамақтану белсенді қолданылады.  Әртүрлі ауру топтары кезінде дәрігерлер емдәмді сақтауды ұсынады.

  • Ас қорыту мүшелері (жоғары немесе жеткіліксіз сөл бөлу, қалыпты сөл бөлу және асқынбаған, қимылдау-жылжыту қызметінің бұзылуы кезінде асқазан қабынуы, асқазан-он екі елі ішек қабынуы, басылған асқазан жарасы, ота жасалған асқазанның кейбір аурулары, созылмалы бауыр қабынуы, өт қабының қабынуы, өт жолдарының қабынуы, өт қабының және өт шығару жолдарының жиырылу қызметінің бұзылуы және т.б.);
  • Несеп-жыныс жүйесі (бүйрек жеткіліксіздігі белгісінсіз бүйрек қабынуы, созылмалы қуық қабынуы және басқа);
  • Зат алмасу бұзылуы (семіздік, қант диабеті, минералдар алмасуының бұзылуы, құяң және басқа);
  • Йод жеткіліксіздігі ауруының алдын алу және емдеу (қалқанша безінің үлкеюі);
  • Жүрек-қан тамыр жүйесі (ЖИА-жүрек ұстамасы 1-11 ФК, 1 сатыдан жоғары емес қан айналысының жеткіліксіздігі және қан тамырлары бітелуі кезіндегі 1-11 А сатысындағы жоғары қан қысымы, тамыр қысылуы);
  • Жүйке жүйесі (жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылу басымдылығымен жүйкенің жұқаруы, жүйке жүйесінің бұзылуынан ағзаның жалпы нашар жағдайы);
  • Тірек-қимыл жүйесі, бұлшық ет түйілуі;
  • Созылмалы шаршау, күйзеліс;
  • Ауыр металдармен және басқа да созылмалы уланулар.

Қымызбен емдеу

Оқжетпес ЕСК-де сүт қышқылды өнім –қымыз жыл бойына қолданылады,  қымыз физикалық, биологиялық және химиялық қасиеті жағынан бағалы емдік қоректік тағам болып табылады. Бұл дәруменді сусынды емдеудің барлық түріне қолдану өте тиімді. 200 мл. қымыздың құрамында 3,2 ккал. белок, 2,0 ккал. май, 10,0 ккал. көмірсулар, 78.0 ккал бар. Қымызды қабылдау уақытында оның құрамындағы сүт қышқылы ішектегі шіру үдерісін басады, соның нәтижесінде  жалпы ағзаның жағдайы жақсарады, асқазан аумағында, оң жақ қабырға астында ауырсынулар жойылады, үлкен дәрет қалпына келеді, ішектің кебуі азаяды. Қымыз жүрек-қан тамыр жүйесі, тыныс алу және аз сөл бөліну себебінен асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде өте пайдалы, өйткені қымыздың құрамындағы сүт және көмір қышқылдары асқазан сөлінің бөлінуін реттеп, тәбеттің ашылуын жақсартады.

Емдік дене шынықтыру, емдік гимнастика

ЕДШ, емдік гимнастика – медициналық оңалтудың күшті емдеу құралы, бұл тірек-қимыл жүйесін емдеуге және алдын алуға бағытталған физикалық жаттығулар жиынтығы. Арқа бұлшық еттерін нығайтады, буын қозғалысын жақсартады,омыртқаға жүк түсуді азайтады, сондай-ақ ағзаны кешенді сауықтырады.

Емдік жаяу жүру жолымен серуендеу (скандинавиялық жаяу жүріс)

Таяқтармен белсенді жаяу жүрудің пайдасы жүгіргенмен бірдей, жүгіруге қарағанда зақым келу қаупі мүлдем жоқ. Егде адамдарға, бастауыш спортшыларға, омыртқа жотасы ауыратын және қозғалуы қиын толық  адамдарға ұсынылады.

Скандинавиялық жаяу жүрістің пайдасы:

  • дене бұлшық еттерінің 90%-ын шынықтырады;
  • тізе мен буындарға түсетін салмақты азайтады;
  • жүректің және қан тамырларының жұмысын жақсартады;
  • қандағы эндорфин санын ұлғайтады;
  • майды ыдыратады;
  • аяқты тиімді шынықтырады.

Ингаляциялар

Салқын тию және жоғары тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуде өте жақсы құрал.

Оқжетпес ЕСК-де емдеу-сауықтыру демалысына негізгі көрсеткіштер

Оқжжетпес  ЕСК ауруларды емдеу және алдын алуда табиғаттың жаратылыс күштерін басым пайдаланады.

Ауасы қолайлы климат

Тыныс алу мүшелерінің туберкулёз емес ауруларын емдеуге қолайлы.

Ересектер ұшін:

  • Созылмалы бронх и тән емес немесе кәсіптік емес кеңірдек қабынулары.
  • Жедел өкпе қабынуынан кейін қалған жағдайлар, құрғақ немесе эксудативті өкпе үлпершегінің қабынуы.
  • Аллергиялық, жұқпалы-аллергиялық, кәсіптік, жеңіл және орта ауырлықтағы, басылған I-II дәрежелі өкпе жеткіліксіздігі кезіндегі бронх демікпесі (емдеу тек жылы уақытта).
  • Басылған, 1 дәрежеден жоғары емес өкпе-жүрек жеткіліксіздігі кезінде бронх кеңеюі.

Балалар үшін:

  • Қайталанған және пішінін өзгерткен, басылған сатыдағы бронх қабынулары.
  • Жедел өкпе қабынуынан, ұзақ уақыт бронх қабынуынан, асқынбаған,  бітелген бронх қабынуынан кейінгі сауығу (тек жылы кезде емделеді).
  • Өкпенің отадан кейінгі жағдайы, отадан кейін 6 айдан ерте емес.

Қарағай орманы

Жүрекқан тамыр жүйесі аурулары кезінде пайдалы.

Ересектер мен балалар үшін:

Асқынудан кейін 6-8 айдан соң,  соның ішінде қалпына келу жағдайындағы жүректің сол жақ құлақшасының ақауы нәтижесінде

белсенді емес жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуымен буын ауруы (ревматизм).

  • I дәрежеден жоғары емес қан айналысы жеткіліксіздігі кезінде ырғағы мен өткізгіштігі бұзылмаған сирек ұстамалы I-II функционалды класты ЖИА( жүрекке қан келмеу ауруы).
  • I  дәрежеден жоғары емес қан айналысы жеткіліксіздігі кезінде жүрек ырғағы мен өткізгіштігі бұзылмаған, жүрек ұстамасынсыз, жүрек бұлшық еті тіндерінің бірігіп кетуі.
  • I дәрежеден жоғары емес қан айналысы жеткіліксіздігі кезінде жүрек ырғағы бұзылмаған, қатерсіз I-II сатыдағы жоғары қан қысымы.
  • I  дәрежеден жоғары емес қан айналысы жеткіліксіздігі кезінде ұстамасыз немесе сирек жеңіл ұстамамен, екі жыл бұрынғы жүрек бұлшық еті жансыздануынан кейінгі жүрек бұлшық еті тіндерінің бірігіп кетуі.
  •  Жоғары, төменгі қан қысымымен, белгісіз және аралас түрдегі біркелкі және жалпыжүйке жұқаруы белгісімен жалпы ағзаның жағдайының нашарлауы.

Құлақ, мұрын, тамақ мүшелерінің аурулары кезінде өте пайдалы.

Ересектер мен балалар үшін:

  • қайталамалы және созылмалы мұрын, жұтқыншақ аурулары (ринит, фарингит, тонзиллит).
  • Отадан кейін 2 айдан ерте емес, хирургиялық емдеуден кейінгі жағдай.
  • Созылмалы тамақ қабынуы.
  • Мұрынның қосалқы қуыстарының созылмалы аурулары.
  • Созылмалы құлақ қабынуы: басылған мезотимпаниттер мен эпитимпаниттер.

Сонымен бірге, жүйке жүйесінің аурулары кезінде.

Ересектер үшін:

  • Созылмалы сатыдағы шеткі жүйке жүйесінің аурулары (сегізкөздің қабынуы, шеткі жүйкелердің қабынуынан қол, аяқ сезімталдығының бұзылуы).
  • Бет жүйкесінің және беттегі үшкіл жүйкенің басылған қабынуы.
  • Омыртқа жотасы жіктерінің орнынан жылжып кетуінен болатын жүйке бұзылыстары (жауап-әрекеттің, жүйке жасушаларының, түбіршекті жүйкенің).
  • Вегетативті – ағзаның ішкі мүшелерінің қызметін реттейтін дербес жүйке жүйесі) жүйке жүйесінің аурулары (вегето-тамыр жүйесінің бұзылысы, бас сақинасы, Рейно ауруы –қол саусақтарының жансыздануы).
  • Қалпына келу сатысындағы бас, ми зақымдануының салдары
  • Жеделдеу және жедел бас миының қан тамыр аурулары, инсульттан көп уақыттан кейінгі салдар.
  • Өркениет аурулары: шамадан тыс күш түсу және күйзеліс әсеріне байланысты аурулар (қатты шаршау, селқостық, бас ауруы, мазасыздық, арнайы емес аурулар).

Балалар үшін:

  • Вегето-тамырлық дистония  (жүйке жүйесінің бұзылуынан ағзаның жалпы нашарлау жағдайы).
  • Қалпына келу сатысындағы бас, ми зақымдануынан көп уақыттан кейінгі салдар.
  • Бала жастағы жүйкенің жұқаруы.

Құрамында жоғары мөлшерде бром және магний тұздары бар Май-Балық көлінің минералды суы

Минералды ванналар қабылдаудың көп пайдасы бар. Ваннадағы минералды сулар  адам ағзасына физикалық, химиялық әсер етеді, – терідегі жүйке ұштарын тітіркендіреді. Судан бөлініп шыққан газ ауамен бірге өкпеге барады. Бұдан басқа, тері және кілегей қабықшалары арқылы қанға судың кейбір элементтері, газ және теріде минералды судың әсерінен түзілетін белсенді биологиялық заттар түседі. Осының нәтижесінде адам ағзасында әртүрлі физиологиялық жүйелерді, мүшелер, тіндер, зат алмасуды, орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерін белсендіретін әртүрлі реакциялар туындайды. Жүрек, өкпе, асқорыту мүшелері, қан жасау органдары, несеп-жыныс жүйесінің жұмысы едәуір жақсарады. Белок, көмірсу, май және басқа алмасулардың барлық түрлері жақсарады.

Балпаш-Сор көлінің лайлы балшығы

Оқжетпес ЕСК-де балшықпен емдеу кеңінен қолданады, бұл курорттық терапияның танымал және тиімді түрінің бірі. Балпаш Сор көлінің лайлы балшығы физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттер жиынтығымен адам ағзасына оң әсер етеді. Құрамында жоғары мөлшерде коллоидты темір (0,33),  кристалды қаңқа(14,37),  көп мөлшерде коллоидты кешен (10,07) болғандықтан жоғары илемді емдеу балшығы болып есептеледі.

Оқжетпес ЕСК аумағындағы радонды бұлақ көзі

Тері ауруларына өте тиімді.

Ересектер мен балалар үшін:

  • Терінің  созылмалы бөртпелері (созылмалы сатыдағы, қысқы түрі) –  себореялық (ұсақ бөртпелер), бет, табан, алақанның ішкі, сыртқы жағындағы бөртпелер,  .
  • Асқынбаған тері аллергиясы (шектеулі, қабынған).

Қабыршақты теміреткі (шектеулі бөртпелер, созылмалы сатысы, тері жабындысының және буындардың зақымдалуынсыз қысқы түрі).

  • Асқынбаған безеу бөртпелері.

Ерлердің қуық-жыныс жүйесі ауруларын сауықтыруға тиімді.

  • Созылмалы, тән емес қуық алды безінің қабынуы, басылу сатысындағы, қалдық несепсіз және зәр шығару арналары тарылмаған аталық жыныс безі қосалқысының қабынуы.
  • Жыныстық қызметтің бұзылысы.

Қалпына келтіре емдеу үшін кешенді тәсіл жүргізіледі. Шипажайдың медициналық персоналы ауруларды оңтайлы және жеке емдеу үшін негізделген тәсілдерді табуға тырысады.  Дәстүрлі кешенді санатриялық-курорттық емдеумен қатар қалпына келтіру үрдісінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз ететін, әртүрлі аурулармен емделушілерге арналған оңалту бағдарламалары ұсынылады.

Қымызбен емдеу

Клиникалық және ғылыми зерттеулер дәлелдегендей қымыз адам ағзасына жан-жақты әсер етеді және көптеген ауруларды емдеуде тиімділігі жоғары:

  • асқазан және он екі елі ішек жарасы;
  • созылмалы асқазан қабынуы, өт қабының қабынуы, аш және тоқ ішектің бір мезгілде қабынуы;
  • өт қабы мен тоқ ішектің қызметінің бұзылуы;
  • өкпенің созылмалы тән емес аурулары;
  • қан тамырларының лас заттармен бітелуі;
  • жоғары қан қысымы;
  • орталық жүйке жүйесінің аурулары;
  • қан жасау мүшелерінің аурулары

Қымыздың ауруларға қарсы тұрушылықты жоғарылату қасиеті оны жұқпалы, аутоиммундық және онкологиялық ауруларды кешенді емдеуге, тұмау, жедел салқын тию ауруларының алдын алуға, ота жасауға дайындық кезінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Емдәмдік терапия

Ас қорыту мүшелерінің аурулары кезінде қолданылады.

Ересектер мен балалар үшін:

  • жоғары, жеткіліксіз, қалыпты сөлу бөлумен және асқынудан тыс асқазанның қозғалыс-жылжыту қызметінің бұзылуымен созылмалы асқазан қабынуы
  • Қанауға бейім емес беті қайтқан немесе басылған асқазан және 12 елі ішектің жаралары.
  • Жара ауруына байланысты ота жасалған аурулар, отадан кейін 3 айдан ерте емес.
  • Ішектің қимыл-жылжыту қызметінің бұзылуы.
  • Жиі асқынуға бейімсіз, сарғаюсыз және қан құрамының өзгеруінсіз созылмалы бауыр, өт жолының қабынуы.
  • Өт жолының және өт қабы қызметінің бұзылуы.
  • Асқынған жұқпалы және жиі асқынатын, сондай-ақ отаны қажет ететін түрлерін қоспағанда өттегі тас жиналу ауруы.

«Құлагер-Арасан» минералды емдік ауыз

Курортология және физиотерапия орталық ғылыми-зерттеу институтының қорытындысы бойынша «Құлагер Арасан» суы құрамында бром бар хлоридті-сульфатты, натрийлі-магнийлі тұзды су болып табылады. Су емдік мақсатта жүрек-тамыр жүйесі, тірек-қимыл жүйесінің әртүрлі ауруларын , орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылулары, зат алмасу бұзылулары кезінде, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуде ішекке қолдану үшін 20-50 г/дм-ге дейін минералданған ванналар түрінде қолданылады. Минералды су ингаляция, стоматологиялық, гинекологиялық сулау және басқа да жергілікті емшараларды қабылдау үшін пайдаланады. Санаториялық кешенді емделу кезінде минералды суларды қабылдау өте маңызды.

Пантамен емдеу

Сүйек-бұлшық ет жүйесі ауруларын емдеу кезінде кеңінен қолданылады.

Ересектер мен балалар үшін:

  • Емделуші өзіне-өзі қызмет ету мүмкіндігі бар, аз және орташа белсенді, көбінесе белсенді емес буын және аралас түрлі ревматоидты артрит.
  • Емделушінің өзіне-өзі қызмет ету мүмкіндігі бар,  пішінін өзгертуші буын қабынуы.
  • Омыртқа жотасындағы жіктердің орындарынан қозғалып кетуі.
  • Сіңірдің, буын сұйықтығының, бұлшық еттердің созылмалы қабынулары.
  • Кеуденің және аяқ-қол сүйектерінің сыну салдарынан сүйектің баяу бітуі немесе сүйек сүйелі, науқас өздігінен қозғала алатын жағдайда.  Сондай-ақ, шеткі қан тамырлары аурулары кезінде.

Ересектер үшін:

  • Науқас өздігінен қозғала алатын, жарасыз және шірусіз, аяқ-қол тамырларының тығындалып бітелуі.
  • Аяқ көктамырларының кеңеюі, көктамырдың қабынуы мен тығындалуының қалдық құбылыстары, асқынғаннан кейін  4-5 айдан ерте емес.

13 бірегей мақсатты сауықтыру бағдарламалары қалпына келтіру медицинасының диагностикалық, үйлестіру, ақпараттық-оқу әдістерін бірлестіреді:

«Жеңіл тыныс алу»

Көрсеткіштері:

  • Өкпенің созылмалы бітелу аурулары;
  • Бронх демікпесі;
  • созылмалы қарапайым бронхтың қабынуы;
  • аллергиялық демікпе;
  • аллергиялық мұрын қуысының қабынуы;
  • өсімдік тозаңдарына аллергия;
  • жиі салқын тию аурулары;
  • созылмалы өкпе қабынуы;
  • Құлақ-мұрын, тамақ аурулары.

Әсері:

  • Тыныс алу жүйесі ауруларының басылу кезеңін ұзартады;
  • Жалпы өмір сапасын жақсартады.

«Сау жүрек»

Көрсеткіштері:

  • созылмалы жүрекке қан келмеу ауруы;
  • жоғары қан қысымы;
  • жүйке жүйесінің бұзылуынан ағзаның жалпы нашар жағдайы;
  • қан тамырларының бітелуі;
  • жүрекке шапқан буын аурулары.

Әсері:

  • жүректің жұмысын және қан тамырларының серпімділігін жақсартады;
  • барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысын оңтайландырады;
  • қанның тамырлар бойымен қозғалысының негізгі көрсеткіштерін қалпына келтіреді. (тамыр бүлкілі және АҚ);
  • май алмасуды қалпына келтіреді.

«Сау омыртқа жотасы»

Көрсеткіштері:

  • мойын, арқа және бел омыртқа жіктерінің орнынан қозғалып кетуі ;
  • құяң;
  • омыртқа жіктерінің жарылуы;
  • шораяқ-буындардың пішінін өзгерту ауруы;
  • шеткі жүйке қабынуы;
  • жұлындардан тараған жүйке өрімдері;
  • жүйкенің жұқаруы.

Әсері:

  • ауырсынуды басады;
  • қозғалыс белсенділігін қалпына келтіреді;
  • аурудың басылу кезеңін ұзартады.

«Күйзеліске қарсы»

Көрсеткіштері:

  • созылмалы шаршау белгілері;
  • жүрек және жүрек-тамыр жүйесі қызметінің жүйкелік бұзылуы;
  • жүйке жүйесінің бұзылуынан ағзаның тозуы.

Әсері:

  • көңіл-күй көтеріледі;
  • жұмысқа қабілеттілік жоғарылайды;
  • ішкі мүшелерді басқаратын дербес жүйке жүйесі қалпына келеді;
  • барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысын оңтайландырады.

«Сымбатты дене» (целлюлитке – тері асты май қабаты құрылысының бұзылуына қарсы)

Көрсеткіштері:

  • тері асты май талшықтарының кіші қан айналымы бұзылысы;
  • терінің төменгі серпімділігі;
  • тері босауының алдын алу;
  • дене сымбатын қалпына келтіру.

Әсері:

  • зат алмасуды қалпына келтіреді;
  • ағзаның жасуша деңгейінде тазаруын белсендіреді;
  • артық салмақтан арылуға көмектеседі, денені сымбатты етеді.

«Ағзаны лас заттардан тазарту және бұзылған қызметтерді қалпына келтіру»

Көрсеткіштері:

  • созылмалы өт жолының қабынуы;
  • асқазан-ішек жолының қызметінің бұзылуы;
  • зат алмасудың бұзылуы (семіздік);
  • аллергиялық жағдайлар (жүйке-рефлекстік қызметтің бұзылуынан мұрынның шырышты қабығының суық тиіп ауыруы, бронх демікпесі және т.б.);
  • омыртқа жіктерінің орнынан қозғалып кетуі;
  • буынның қабынуы;
  • созылмалы шаршау белгілері.

Әсері:

  • микрофлора қалпына келеді;
  • асқазан-ішек жолының қызметі қалпына келеді;
  • зат алмасу күшейеді;
  • терінің жағдайы жақсарады;
  • дене жеңілдеп, икемді болады;
  • ағзаның қорғаныш қасиеті артады.

«Буындарды нығайту»

Көрсеткіштері:

  • сүйектер мен буындардың зақымдалуы;
  • бірнеше буындардың бірден қабынуы;
  • буын қабынуы;
  • жүрекке шапқан буын қабынуы;
  • қозғалыстың шектелуі;
  • қозғалыс кезінде буындардың ауырып, сырқырауы.

Әсері:

  • ауырсынуды басады;
  • буынның зақымданған аумағында қан айналысының бұзылуы;
  • бұлшық еттерді босаңсытады;
  • буындардың қозғалысын жақсартады;
  • зат алмасуын қалпына келтеіреді.

«Ерлердің денсаулығын нығайту»

Көрсеткіштері:

  • ерлердің жыныстық жүйесінің созылмалы қабынуы, оның ішінде қуық алды безінің қабынуы;
  • бедеулік;
  • аталық безі қосалқысының қатерсіз ісігі;
  • жыныстық қызметтің бұзылуы.

Әсері:

  • созылмалы қабынуларды жояды;
  • кіші жамбас мүшелерінің қан айналысын жақсартады;
  • жалпы және шеткі қан айналысын жақсартады;
  • бездердің қызметін және зат алмасуды жақсартады;
  • ұрпақ жаңғырту қызметін қалпына келтіреді.

«Әйел денсаулығы»

Көрсеткіштері: әйел жыныстық жүйесінің созылмалы қабынулары, жатырдың қатерсіз ісігі, жатырдың ішкі қабырғасының ұлғаюы, кіші жамбас мүшелерінің жабысып қалу ауруы, сүт бездерінің қатерсіз ісігі, етеккірдің бұзылуы, бедеулік, гинекологиялық оталардан кейінгі оңалту.

Күтілетін нәтижелер:

  • созылмалы қабынуды жояды,
  • кіші жамбас мүшелерінің қан айналысын жақсартады
  • жалпы және шеткі қан айналысын жақсартады
  • бездердің қызметін және зат алмасуды жақсартады
  • ұрпақ жаңғырту қызметін қалпына келтіреді.
  • өмір сапасын жақсартады.

«Ерте қартаюдың алдын алу»

Жас ұлғая келе зат алмасу бұзылады, ішкі мүшелер мен тіндерде өзгерістер, ұмытшақтық және дене салмағының азаюы байқалады, созылмалы аурулар көбейеді. Осындай өзгерістер дұрыс тамақтанбау, жағымсыз әдеттер, аз қозғалыс және қолайсыз өмір шарттары кезінде өрши түседі. Нәтижесінде ағза мезгілінен бұрын қартайып, қозғалыс қиындап, өмір қысқарады..

Күтілетін нәтиже:

  • Жасартады.
  • Қозғалыс жеңілдейді.
  • Сергектік пайда болады.

«Жеңіл жүріс-тұрыс» (аяқтағы көктамырдың варикоздың кеңеюі)

Көрсеткіштері: аяқтың ауырлығы, аяқтың ісуі және шаршауы, жүру кезінде аяқтың шаршауы, аяқтың ауырсынуы және құрысуы (әсіресе түнде), көктамырдың кеңеюі, аяқтағы тамыр жұлдызшалары және торлары, трофикалық өзгерістер (тері асты талшықтарының тығыздалуы, аяқ терісінің қараюы); семіздік; көктамырдың созылмалы аурулары (көктамырдың варикоздық кеңеюі, тамырлардың бітелуі мен тығындалуы).

Күтілетін нәтиже:

  • Аяқтағы ісіктер мен ауырсынуды жояды;
  • Аяқтың жағдайын отасыз жақсартады;
  • Көктамыр ауруларының асқыну қатерін азайтады;
  • өмір сапасын және көктамыр аурулары кезінде жағдайды жақсартады;
  • қозғалыс белсенділігін жақсартады;
  • психикалық-сезім жағдайларын жақсартады.

«Семіздік және шамадан тыс тамақтану салдары»

Көрсеткіштері: зат алмасудың бұзылуы, бастапқы орташа семіздік

Күтілетін нәтиже:

  • зат алмасу жақсарады
  • дене салмағы азаяды
  • көңіл-күй жақсарады
  • психикалық-сезім жағдайларын жақсартады

«Артропатиялар: буынның ұстамалы, тұзбайлану ауруы»

  • Емдеу көрсеткіштері: жүрекке шапқан буын қабынуының жеңіл түрі, 1-2 дәрежелі буын қызметінің жеткіліксіздігі,  бірнеше буындардың бірден қабынуы, буын қабынуының қабыршақты теміреткімен ұласуы, құяң, зақымдардан кейінгі буынның пішінін өзгертуі.

Күтілетін нәтиже

  • Ауырсынуды басады
  • Зақымдалған буын аймағында қан айналасын жақсартады,
  • Бұлшық етті босаңсытады
  • Буындардың қозғалысын жақсартады
  • Зат алмасуды жақсартады

УДЗ

УДЗ

Ультрадыбыстық зерттеу зерттелетін мүшенің құрылымдық өзгерісін бағалауға мүмкіндік береді.

  • өт қабын, ұйқы безін және талақтың ішкі қуыстарынын зерттеу- ультрадыбыстық зерттеу – 6 800 тг.
  • Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу – 4 600 тг.
  • Қуық алды безін және қуықты қалдық зәрді анықтаумен ультрадыбыстық зерттеу – 6 500 тг.
  • Қалқанша безін ультрадыбыстық зерттеу – 4 050 тг.
  • Сүт бездерін ультрадыбыстық зерттеу – 4 250 тг.
  • Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу – 3 950 тг.
Брондау Онлайн төлем Оператор