Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ қызметкерлері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Соғыс күндері неғұрлым артта қалған сайын, сол күндердің куәгерлері соғұрлым азайып барады, сондықтан соғыс пен Жеңісті есте сақтау біз үшін өте маңызды.

9 мамыр қарсаңында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен дәстүрлі түрде құттықтады. Салтанат иелеріне махаббатқа толы шексіз алғыс сөздер айтылып, құттықтау қағаздары мен брендті сыйлықтар, сондай-ақ азық-түлік өнімдерінің сыйлық жиынтықтары ұсынылды.

Бурабай ауданы бойынша 11 ардагер-майдангер қалды. «Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Ешкім де еш нәрсе ұмытылмайды!» атты жыл сайынғы салтанатты дәстүрін жалғастыруда.

Санаторийдің қызметкерлері дәстүрлі түрде ардагерлердің үйлерін аралады:

  • Тарасова Вера Ивановна;
  • Садчикова Нина Петровна;
  • Анна Безрученко Никаноровна;
  • Бакарасова Екатерина Андреевна.

Біз осы қасиетті, ұмытылмас естеліктерді әрдайым есте сақтап, бағалаймыз.

Біз өзімізді осындай бейбіт өмірге жеткізіп, тамаша, жаңа елордада ұрпақ өсіруге мүмкіндік әперген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі алдында басымызды иеміз.

Барлық қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Оқжетпес» ЕСК»АҚ Сіздерді мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды!

Отан қорғаушылар күні – біздің еліміздің Қарулы Күштерінің туған күнінің мерейтойы. Елбасы- Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қарулы күштер әскери дайындық мен жабдықталудың жоғары деңгейіне қол жеткізді. Отан қорғаушылар әрдайым құрмет пен ерліктің, батырлық пен қайсарлықтың, патриоттық және өз халқына мінсіз қызмет көрсетудің көрінісі болған.

Қазақстандықтар біздің Отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін өмірін қиған барлық батырлардың ерліктерін мәңгі есте сақтайды.

«Оқжетпес» ЕСК »АҚ ұжымы барлықтарыңызға мықты денсаулық, төзімділік пен табандылық, күш-қуат пен мейірімділік, ерлік пен шыдамдылық, барлық істеріңізге жетістіктер тілейді!

Бұл ерлік пен батылдық мерекесі әрдайым бейбітшілік пен қуаныш әкелсін!

Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында әрдайымда тыныштық болсын, еліміз өкендей берсін!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы Сіздерді 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтайды!

Біздің Қазақстан – 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүретін көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісімнің сақталуы – басқа халықтарға, мәдениеттер мен діндерге ашық және төзімді болуды білдіреді. Біздің бірлігіміз – болашақ табыстарымыздың кепілі!

Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен табыстары ең алдымен, барлық қазақстандықтардың ұлттық және діни көзқарастарына қарамастан ұлы және ажырамас достықтың нәтижесі.

Осы есте қаларлық, әдемі, мамыр мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір үйде бақыт пен байлық, қуаныш пен сәттілік, күш пен қуат, махаббат пен сүйіспеншілік мол болсын. Жүректеріңіз мейірімділікке, өзара түсіністік пен жылылыққа және қуанышқа толы болсын!

Сіздерге және отбастарыңызға арман-мақсатқа жеткізетін шығармашылық табыстар тілейміз!

Туған жеріміз бейбіт аспан астында өркендей берсін!

Волейбол бойынша жарыс

Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медицина орталығының ұйымдары арасында «Отанымыздың астанасының 20 жылдығына арналған «волейбол турнирі» өтті.

Бұл жарыстың ұйымдастырушысы «Оқжетпес» ЕСК» АҚ болды. Турнирдің қорытындысы бойынша «Оқжетпес» ЕСК» АҚ командасы құрметті 3-ші орынға ие болды!

Бурабайдағы тұз шахтасы

Тұз үңгірлерінің емдік қасиеттерін  ғалымдар ғасырлар бұрын байқаған. Өткен ғасыр дәрігерлері тұз үңгірлерінің ерекше қасиеті онда қалыптасқан арнайы микроклиматпен байланысты екенін болжады. Тұз үңгірлерінің емдік климаты ондағы тұрақты температура мен атмосфералық қысымның, белгілі бір ылғалдылық деңгейі мен көп мөлшердегі тұздың ұсақ бөлшектерінің және ауадағы теріс иондардың әсерінен қалыптасады.

Содан бері жүздеген жылдар бойы адамдар емдік тұз үңгірлерінің терапевтік әсерін географияның кез келген нүктесінде қолдану үшін оның микроклиматын жасанды түрде қайта жасауға тырысты. Бұл мақсатқа жету өткен ғасырда ғана мүмкін болды.  Сол кезде медицинада жаңа бағыт – галотерапия пайда болды. Галотерапия тұз бөлмелерінде жүргізіледі. Бұл бөлмелердің іші толығымен тұз блоктарынан тұрады, оларға галокамераға тұзды аэрозоль бүркіп тұратын, галогенаторлар деп аталатын арнайы құрылғылар орнатылған.Тұзды аэрозольдің қабынуға қарсы әсері бар, денеден аллергия туғызатын заттарды, патологиялық микроорганизмдерді және микрофлораларды шығарады шырышты сөлді сұйылтады, иммунитетті арттырады, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сонымен қатар, бөлмедегі атмосфера адам денесінің толық босаңсуына мүмкіндік береді. Сондықтан Бурабайдағы «Оқжетпес» ЕСК-нің тұз бөлмесі ыңғайлы арқалы орындықтармен, жұмсақ жарықпен және баяу музыкамен жабдықталған.

Галотерапия кімдерге пайдалы

Галотерапияны толыққанды емдеу және күрделі терапияның көмекші процедурасы ретінде қолдануға болады. Өз бетінше және толық емдеу ретінде аллергия, мұрын қуысының қабынуы, өкпе қабынуы, бронх қабынуы және бронх демікпесі үшін тұз бөлмесіне бару ұсынылады. Кешендегі көмекші процедура ретінде – жүйкенің тозуы, жоғары қан қысымы, буын аурулары, тері аурулары, құяң кезінде қолданылады.Тұз бөлмесінің мүлдем зияны жоқ, сондықтан емшараны тіпті жүкті әйелдер мен кішкентай балалар да вирустық инфекциялардың алдын алу үшін алуға болады. Бурабайдағы «Оқжетпес» ЕСК-де тұз бөлмесінде әртүрлі ойыншықтары бар балаларға арналған бөлме бар, ол балалардың емшарада ұзақ отырып емделуі үшін ұйымдастырылған. Жүктілік кезінде галотерапия жерікті жеңілдетуге көмектеседі.Галотерапияның ең жиі тағайындалатын курсы – күніне немесе күнара 10-25 емшара. Емшараны дәрігер санаториялық-курорттық картамен танысқаннан кейін тағайындайды.

Тұз бөлмелерінде емделудің артықшылықтары:

  • экологиялық таза;
  • табиғи;
  • жоғары тиімділік;
  • қарсы көрсеткіштер мен жағымсыз әсерлердің болмауы;
  • емдеудің басқа әдістерімен оңай үйлеседі;
  • күшті иммун көтеретін әсері бар;
  • емшараны алудың қолайлылығы;
  • босаңсыту әсері.

Бурабайдағы Оқжетпес ЕСК-нің тұз бөлмесінен барынша тиімді әсер алу үшін оның ерекше ережелерін ұстану қажет. Ережелермен  емшара алдында таныса аласыз немесе дәрігерден кеңес алуыңызға болады.

Назар аударыңыз! Галотерапияның бірінші сеансы тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдарда асқыну тудыруы мүмкін, сондықтан емшараны дәрігерлердің бақылауымен алған жөн. Бірнеше сеанстардан кейін жеңілдік пайда болады, әл-ауқатыңыз жақсарып, ауруыңыздан айығасыз.

Қосымша ақпарат алу үшін:

+7 (71636) 78-101

+7 702 059 20 20

«ШИПАЖАЙ-2018» Халықаралық ғылыми-практикалық форум

Астана қаласында 24-25 сәуірде «Салтанат сарайы» қабылдау үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шипажай-2018» үшінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті.

Бұл оқиға Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған. Бұл іс-шараның бас демеушісі болған  «Оқжетпес» ЕСК» АҚ біріккен санаторийлердің брендтік өнімдерінің көрмесін көрсетті.

Талқылау тақырыбы – Қазақстандағы санаториялық-курорттық саланың даму келешектері. Форумға Әзірбайжан, Германия, Македония, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Словакия және Чехиядан келген бальнеология мамандары қатысты. Әркім белгілі бір мәселелерді және оларды шешудегі өз көзқарастарын білдірді.

«ШИПАЖАЙ-2018» форумы санаториялық-курорттық емдеу, медициналық оңалту және туризм саласындағы озық технологияларды дамыту бойынша жыл сайын тәжірибе алмасуға арналған алаң болып табылады.Жұмыс нәтижесінде атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып саланы одан әрі дамыту туралы шешім қабылданды.

Бәріміз сенбілікке

Сенбілік – корпоративтік рухты көтерудің және ұжымдық бірлікті арттырудың тамаша тәсілі. Сенбілік бейресми байланыс пен өзара әрекеттесу үшін жағдай жасайды, әріптестерге бір-бірімен жақсы танысуға мүмкіндік береді.

Көктемде сенбілік өткізу өте қолайсыз. Дегенмен ауа-райы бізге шуақты күндер сыйлап, іргелес аумақтың санитариялық жай-күйін және қолайлы жағдайын сақтау мақсатында 21 сәуірде «Оқжетпес» АҚ-да осы жылдың бірінші сенбілігі өткізілді, оған 180-нан астам адам қатысты.

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ қызметкерлері өткен жылдың қураған шөптері мен жапырақтарын жинап, аумақты тұрмыстық қоқыстардан тазартты және жол жиектерін сырлады. Көктемгі сенбіліктің ұйымдастырылуы бүкіл санаторийдің жақсы дәстүріне айналды.

Көпшіліктің күшімен өткізілген шарадан кейін демалыс аймағы мамыр мерекелерін қарсы алуға толықтай дайын!

Hestourex-2018 Дүниежүзілік Халықаралық көрме

ҚР ПІБ «Оқжетпес» ЕСК» АҚ 5-8 сәуір аралығында  Hestourex-2018 Халықаралық көрмеге қатысты.  Бұл шара әлемнің 150-ден астам елінің өкілдерін жинады.

Көрме әлемдік деңгейдегі медициналық ұйымдардың қызметтерін таныстырудың бірегей алаңына айналды, шетелдік пациенттерді тарту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Hestourex-2018 шарасы қатысушылардың бір-бірімен танысуларына және сәлемдесулеріне мүмкіндік берді. Іс-шара іскерлік байланыстарды орнатуға және тиімді ынтымақтастық үшін жаңа серіктестер табуға мүмкіндік беретін B2B-кездесу форматында барынша мазмұнды өтті.

Бұл көрме біздің еліміздің шетелдік туристерге медициналық және сауықтыру қызметтерін көрсетудегі мүмкіндіктері туралы ақпаратты біріктіреді.

Біз үшін бұл үлкен тәжірибе және шетелдік клиенттерді тарту мүмкіндігі.

22 НАУРЫЗ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды! Наурыз – барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астында біріктіретін ең көне және құрметті мерекелердің бірі.  Жаңа жылды қарсы алу ғана емес, сонымен бірге көктемгі күннің теңесуімен қатар, бұл көктем мерекесі, тіршіліктің оянуы, табиғаттың жаңаруы. Наурыз адамзатты біріктіріп, бейбітшілікке, ізгілік пен өзара көмекке деген ұмтылысты түп-тамырымен жандандырады. Бұл күні басқалардың күнәларын кешіріп, жан-жағымызға қуаныш пен мейірімділік сыйлауымыз қажет.

Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен амандық әкелсін!

Көңіл-күйіміз шат-шадыман, өміріміз жарқын, болашағымыз сенімді болсын!

Әрбір отбасына кең және мол дастархан тілейміз, өйткені бұл келесі жылдың сәтті де табысты болатындығын білдіреді.

Сіздерге денсаулық, бақыт, адал достар, мықты отбасы, еңбекте жеміс, көктемгі көңіл-күй мен өмірлік қуаныш тілейміз!

Наурыз құтты болсын!

«Жеңілдікпен емшара қабылда» акциясы

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ 35 % жеңілдікпен арнайы сауықтыру емін ұсынады!

Электрокардиограмма (ЭКГ) жүрек ауруларына күдік пайда болған кезде қажетті тексеру әдісі. Электрокардиография жүрек бұлшық етінің ишемиялық өзгерістерін диагностикалау кезінде қолданылады. Бұл рәсім мүлдем қауіпсіз, ешқандай ауырсыну туғызбайды  және тиімді де.

Емшараның қолданыстағы бағасы – 1000 тг, жеңілдік бағасы – 650 тг.

Прессотерапия (лимфастим) – бұл лимфалық дренаж аппараты,  аппарат лимфа жүйесіне сығылған ауаның көмегімен әсер етеді, сығылған ауа денеге арнайы костюм арқылы жіберіледі. Бұл емшараның ағзаға оң әсері бар, улы заттарды шығаруға, денедегі ісіктер  мен целлюлиттен арылуға көмектеседі, тері жамылғысын едәуір қатайтады, оны иілімді және серпімді етеді. Емшара денені толық босаңсытудың тамаша тәсілі болып табылады.

Емшараның қолданыстағы бағасы – 1950 тг, жеңілдік бағасы – 1270 тг.

Акция тек жеке тұлғалар үшін жарамды.

Өту уақыты: 2018 жылғы 15 наурыздан бастап 31 наурызға дейін.

Демалысты тиімді өткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Брондау Онлайн төлем Оператор