Емшалардан бос уақытта шипажай аумағында қайық не катамаранмен серуендеп, жағажайда күн сәулесіне қыздырынып, рахаттана аласыз.
Жағажайда демалу мен катамаран жолдама құнына кіреді.
Шипажай мамандарының кеңесі:
Қазгидромет алдағы күндері ауа температурасының көтерілуін жобалады.
Күн мен сәуле соққыларын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береміз:
• бас киім киюді ұмытпаңыз, бас киім материалы барынша жеңіл әрі ашық түсті болғаны жөн
• серуендеуге таңертең немесе 16:00-ден кейін шығыңыз
• дене белсенділігінің жоғарылауынан аулақ болыңыз
• судың біркелкі мөлшерін пайдаланыңыз
• қосымша су рәсімдерін енгізіңіз
Сізге және денсаулығыңызға деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!
Ароматерапия және музыкалық терапия арқылы оңалту. Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасының маңызды жаңалығы – киіз үй терапиясы. Санаторий аумағында психологиялық арылуға арналған киіз үй-бөлме жайғасқан. Келушілер киіз үйдің шипалы ауасымен тыныстап, денені босаңсытатын саз тыңдайды, медитация жасап, от тұтатып, оның хош иісінен ләззат алады.
Киіз үйде ыңғайлы дивандар мен креслолар, жағымды тыныштандыратын музыкасы бар жеке құлаққаптар және айналасында жағымды хош иіс орнатылған.
Сауықтыру демалысында кездескенше!
+7702-(059)-2020
Емшарадан бос уақытыңызда сіз:
Жеңілдік купондарын ресепшннен алуға болады.
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені денсаулықты оңалтуға арналған 10 сауықтыру бағдарламасын ұсынады.
Оның бірі, «Антикүйзеліс» сауықтыру бағдарламасы.
Қарбалас тіршілікте күйзеліске бой алдырмау қиынның қиыны. Кейде бәрінен бір сәтке алыстап, ағза мен миға жай ғана тыныштық сыйлаудың өзі күйзелістен шығудың бір жолы. Эмоциоционалды жағдайды ретке келтіру үшін «Оқжетпес» ЕСК күйзеліске қарсы бағытталған сауықтыру бағдарламасын ұсынады.
Кешенді сауықтыру бағдарламасының ұзақтығы – 10 күн.
Егер сізде:
Әсері:
Брондау бөлімінің байланыс нөмірі: +7 (702)-059-2020
Біздің шипажайда:
Қазір «Демалыс күндеріне арналған пакет» бойынша акция жүріп жатыр. Барлық нөмірге 10% жеңілдік қарастырылған. Брондау бөлімімен байланысу үшін: +7702-059-2020
Шипажайға келген күні сізді міндетті түрде емдеуші дәрігердің қабылдауына жібереді. Дәрігер сіздің денсаулығыңызға қатысты ақпарат арқылы емшаралар тізімін тағайындайды.
⦁ Ол тізімге міндетті түрде жолдама құнына кіретін қызметтер де кіреді.
⦁ Уақыты мен күні сіздің санаторлық-курорттық картаңызда көрсетілген.
Емдеу-сауықтыру кешенінде жүздескенше! Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7702 059 2020 номеріне хабарласуға болады.
Тамақтану – бұл емдеу процесінің маңызды компоненттерінің бірі. Сондықтан біз сіздер үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыруда ерекше назар аударамыз.⠀
Біздің емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану режимі, сондай-ақ қымыз қабылдау рәсімі ұйымдастырылған.
Сіздерге ыңғайлы болуы үшін өз таңдауыңыз арқылы келесі күні алдын-ала тапсырыс беру жүйесін қолданамыз.
Тамақтану жиілігі емдік кезеңге және диетолог тағайындаған диетаға байланысты төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.
Тамақтану тұру құнына кіреді, ал мәзір әр түрлі және оны өзіңіз таңдай аласыз.
Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз! +7(702)059 20 20
Бүгін шипажайда бу релаксациясы аясында омыртқа ауруларын тракциялық әдіспен емдеуге арналған жаңа аппарат туралы айтып бергіміз келеді.
Емдеудің негізгі әсерлері:
Бу релаксациясы аясында омыртқаны емдеудің 10 сеансын алған кезде, терлеу салдарынан салмақ 5-7 кг-ға азаяды, бұл емделушінің жағдайына жағымды әсер етеді.
Брондау бөлімінің байланыс телефоны: +7 (702)-059-2020
Бүгін «Оқжетпес» шипажайының басшылығы ардагеріміз Безрученко Анна Никоноровнаның үйінде қонақта болып, қал-жағдайын сұрап, мереке қарсаңында құттықтап шықты.
Ардагерлерімізге мұндай қамқорлық тек мереке қарсаңында емес, үнемі көрсетіледі. Денсаулықтарын қадағалап, емдік-сауықтыру шараларына атсалысып, жиі байланыстамыз.
Жасы 93-ке таяған ардагеріміз тыл еңбеккері, 1986 жылға дейін «Оқжетпес» шипажайында сылақшы қызметін атқарған зейнеткеріміз.
Бәріміз ардақ тұтар азғана ардагеріміз аман болсын!
Отан қорғаушылар әрдайым құрмет пен ерліктің, батырлық пен қайсарлықтың, патриоттық және өз халқына мінсіз қызмет көрсетудің көрінісі болған.
Қазақстандықтар біздің отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін өмірін қиған барлық батырлардың ерліктерін мәңгі есте сақтайды.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы барлықтарыңызға мықты денсаулық, төзімділік пен табандылық, күш-қуат пен мейірімділік, ерлік пен шыдамдылық, барлық істеріңізге жетістіктер тілейді!
Ортақ үйіміз – Қазақстан республикасында әрдайым тыныштық болсын, еліміз өкендей берсін!
Сіздердің әрқайсыларыңыз – өз отанын, өз отбасын, өз ошағын қорғайтын азаматсыздар. Сіздердің қаруларыңыз – ақыл, кәсібилік пен қолдау көрсете алу! Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!