Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

ШИПАЖАЙҒА ӨЗІҢМЕН БІРГЕ НЕ АЛЫП КЕЛУ КЕРЕК?

Көптеген адамдар сауықтыру демалысына келер алдын өзімен бірге не алуға болатыны жайлы жиі ойланады. Біз сіздерге ең қажетті заттардың тізімін жасадық. Сақтап алуды ұмытпаңыздар!
⦁ Құжаттар (жеке куәлік, санаторлы-курорттық карта).
⦁ 5 жасқа дейінгі балалар учаскелік педиатрдан эпидемиологиялық орта туралы анықтама және туу туралы куәлік);
⦁ Ыңғайлы киім және аяқ киім (Спорттық костюм, джинсы, кроссовки және бассейнге арналған аяқ киім);
⦁ Мейрамханаға немесе караоке-клубқа баруға арналған сәнді киім (қалауы бойынша)
⦁ Гигиеналық керек-жарақтар (тіс пастасы мен тіс щеткасы, сусабын мен кондиционер, сабын, тарақ, ұстара сынды керек-жарақтар);
⦁ Ұялы телефон, зарядтау құрылғылары, фотоаппарат (қалауыңыз бойынша)

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!
Толық ақпаратты сіз мына телефон арқылы ала аласыз:
+7 702 059 2020

АРНАЙЫ ҰСЫНЫС!

«Оқжетпес» шипажайында 2+2=2 акциясы іске қосылды!
Балалары бар отбасыларға арналған бірегей ұсыныс!
Тек демалыс күндері: екі ересек адамға брондау кезінде 3 пен 14 жас аралығындағы екі бала тегін демалады!
• «Оқжетпес» шипажайының көрікті жерлерінде отбасыңызбен демалып, сауығу шараларынан өтіңіз.
• Бірегей ұсынысты пайдалануға асығыңыз және балаларыңызға ұмытылмас демалыс күндерін сыйлаңыз!
Толығырақ ақпарат алу және брондау үшін: + 7 702 059 20 20
Біз сізді асыға күтеміз!

ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМАНЫ ПАЙЫЗСЫЗ БӨЛІП ТӨЛЕУ

«Оқжетпес» шипажайына жолдаманы «Halyk bank» арқылы пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігі пайда болғаны туралы қуана хабарлаймыз.
3 айдан 6 айға дейін пайызсыз бөліп төлеу арқылы жолдаманы рәсімдеуге болады.
Емдеу-сауықтыру демалысын +77020592020 нөмірі арқылы брондауға болады

АСТАНА КҮНІМЕН!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бүгінгі таңда Астана – әлемдегі ең әдемі және жас астаналардың бірі. Ол өзіне әртүрлі елдерден туристер мен қонақтарды тартады, ірі халықаралық іс-шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығы болып отыр. Астананың бейбіт атмосферасы қайталанбас архитектуралық көрініспен, Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен, Қазақстан халқының мәдениеті мен салтының барлық байлығымен ұштастырылады.

Осы маңызды мерекемен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Біздің елордамыз гүлдене берсін, әр отбасының өмірі қуанышты оқиғаларға, шаттық пен болашаққа деген нық сенімге толы болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс пен бақыт тілейміз!

ТИІМДІ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС

 

3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар тегін демалады.

Екі ересек адамға шипажайға жолдама алсаңыз, балаларының шипажайда тегін демалу мүмкіндігіне ие болады.

Демалысыңызды бізбен бірге жоспарлаңыз! Брондау бөлімінің байланыс телефоны: +77020592020

Актуалды жеңілдіктер мен акцияларды мына сілтеме бойынша көре аласыз:

https://www.instagram.com/okzhetpes_/

 

 

 

ШИПАЖАЙ АУМАҒЫНДАҒЫ НЕКЕ ҚИЮ РӘСІМІ

Біздің шипажай аумағында енді жас жұбайлар өміріндегі ең керемет сәтін атап өте алады.

Бурабайдың саф ауасы, ерекше табиғаты, шипажайдың шипалы әрі әдемі маңайы,
дәмді тағамдар, ән мен би – мұның бәрін бізбен бірге ұйымдастыра аласыздар.

Байланыс үшін: +7702-059-2020

 

 

 

 

 

ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУЛАР

Біздің шипажай қонақтарына тірек-қимыл аппаратының қызметін жақсартуға және дененің жалпы профилактикасына бағытталған емдік дене шынықтыру кешендерін ұсынуға асықпыз.

  • метаболизм процестері белсендіріледі;
  • қан айналымы жақсарады;
  • тыныс алу жүйесі жаттығады;
  • терінің серпімділігі жоғарылайды, тонусы жоғарылайды;
  • денеден зиянды қосылыстарды кетіретін лимфа ағыны қалыпқа келеді;
  • целлюлит жойылады;
  • қуаныш гормондарының синтезі жоғарылайды, бұл созылмалы шаршау синдромы мен депрессияны жояды;
  • төзімділік артады.

Таңғы гимнастика күн сайын 10:30-да шипажай алаңында өтеді. Жүздескенше!

САДАҚ АТУ, ҚЫМЫЗБЕН ЕМДЕУ: ШИПАЖАЙДАҒЫ ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫ

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ағзаны сауықтыру – «Оқжетпес» шипажайының негізгі бағыты. Кейінгі жылдары мұндағы емдеу шаралары да, сауықтыру бағдарламасы да қазақи нақышпен қанықтырылып жатқаны туралы жиі айтылып жүр.

Биыл шипажай «Kazakh Nomad Resort» тұжырымдамасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы халық медицинасын ұсынады. Оған: табиғи емдік шөптермен емдеу, қымыз терапиясы, киіз үйдегі релаксация кіреді. Одан бөлек, шипажай аумағындағы этно-ауылда әр бейсенбі қазанда пісірілген ыстық бауырсақ, садақ ату ұйымдастырылған.

Әр бөлме қазақи интерьермен сәнделген. Мұның бәрі – Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасының бір бөлшегі. Қазақи стильде безендірілген бөлмелер, қымыз, бауырсақ, жент пен жаңа ұйытылған айран Kazakh Nomad Resort тәсілінің шипасына тән мен жанды қатар иландырады.

«Біз қазақ мәдениетінің ең бай элементтерін, дәстүрлерін қызметімізге, тамақ мәзіріне, бөлмелерді нақыштауға пайдаландық. Көл жағасындағы 100 метр сайын орнатылған тақтайшалар арқылы сейіл құра жүріп емдік серуенге қалай бойлап кеткеніңізді аңдамай қалуыңыз мүмкін. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат хикаясы да осы тақтайшаларда бейнеленген. Әр тақтайша қазақ тарихының бір кезеңін суреттейді. Мұның бәрі тән мен жанды қатар емдеу үшін ойластырылған», — дейді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Яков Стерлигов.

ШИПАЖАЙДАҒЫ АС МӘЗІРІ

Тамақтану – бұл емдеу процесінің маңызды компоненттерінің бірі. Сондықтан біз сіздер үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыруда ерекше назар аударамыз.⠀

Біздің емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану режимі, сондай-ақ қымыз қабылдау рәсімі ұйымдастырылған.

Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін қонақтар үшін дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақтану белгіленеді немесе жеке тамақтану тәртібі тағайындалады.

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін өз таңдауыңыз арқылы келесі күні алдын-ала тапсырыс беру жүйесін қолданамыз.

Тамақтану жиілігі емдік кезеңге және диетолог тағайындаған диетаға байланысты төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.

Тамақтану тұру құнына кіреді, ал мәзір әр түрлі және оны өзіңіз таңдай аласыз.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз! +7(702)059 20 20

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІМЕН!

Бүгін «Оқжетпес» Бурабай шипажайында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай құттықтау кеші өтті.

Біршама қызметкерлеріміз ел алғысынан бөлек, ҚР Президентінің Іс басқарушысы атынан, ПІБ Медициналық орталығынан, Денсаулық сақтау министрлігі және шипажай басшылығы атынан марапатталды.

Қиын әрі жауапты мамандық өкілдері мен осы салаға қатысы бар барша қызметкерлерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Брондау Онлайн төлем Оператор