Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Шипажайда сұранысқа ие топ-5 емшара

Біз қонақтарымыздың арасында сауалнама жүргізіп, біздің кешенде сұранысқа ие әрі көпшіліктің ең сүйікті медициналық процедураларын анықтадық. Үздік бестікке мына емшаралар кіреді:

  1. Шарко Душы. Бұл сумен емдеу әдістерінің бірі, жоғары қысымды су ағыны арқылы массаж ретінде жасалады. Айтпақшы, бұл процедураның «жұлдызы» – медбике Күлия ханым. Сол кісінің арқасында емшара ерекше сұранысқа ие. Ол туралы тіпті танымал БАҚ-та бірнеше мақалалар бар.
  2. Панталы бу саунасы немесе панталы бөшке деп те аталады – бұл ағзаны жалпы сауықтыруға арналған емшара. Ол марал пантасы сығындысының буымен толтырылған ағаш бөшкеде, көбінесе балқарағай бөшкесінде жүргізіледі.
  3. Озокеритті бастырмалар. Озокериттің емдеу әсері жылу және механикалық шарттар арқылы беріледі. Озокерит әсер ету аумағында 4-5 см тереңдікте қысқа мерзімді (5-40 с.) тарту арқылы терінің температурасын 2-3°С жоғарылатады, соның салдарынан тамырлар кеңейіп қан ағысы күшейеді, қабыну жойылады , зат алмасу жақсарады, бұлшық еттер босаңсып, жұмсарады, ауырсыну басылады.
  4. Балшықпен емдеу. Бұл курорттық терапияның ең танымал және өте тиімді әдістерінің бірі. Балпаш көлінің балшықтары құнды химиялық, биологиялық қасиеттерге ие, зат алмасуын қалпына келтіреді, терідегі жүйке ұштарына және жасуша элементтеріне әсер етеді және қабынуға қарсы әсері бар.
  5. Массаж. Бізде механикалық және қолмен жасалатын массаждың түрлері бар. Сонымен қатар, биоэнергетикалық массаж процедурасы бар.

Емшаралар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, +7702-059-2020 нөміріне хабарласуға болады.

Сауықтыру және емдеу бағдарламаларының түрлері

Біздің сауықтыру кешенінде 10 емдеу бағдарламасы бар:

Covid-19 және пневмониядан кейін науқастарды оңалту. (Емдеу курсы – 7-14 күнді құрайды)

Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу – 10-14 күн

Жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – 10-14 күн

Әйел денсаулығы – 10 күн

Ерлер денсаулығын нығайту – 10 күн

Буындарды нығайту – 10-14 күн

Артропатия: подагра – 10-14 күн

Ағзаны шлактардан тазарту және бұзылған функцияны қалпына келтіру – 6 күн

Сау омыртқа бағдарламасы – 10 күн

Тамыр аурулары – 10 күн

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін біздің сайтымыздан таба аласыз.

Күзде иммунитетті қалай нығайтамыз? Шипажай дәрігерінен кеңес

Күн лезде салқындап, жаппай суық тию маусымы басталды. Ол ағзаның суыққа дайын болмауы мен иммунитет әлсіреуінен дейді мамандар. Ал суық мезгілде иммунитетті нығайту және ауыруды алдын алуға болатын кеңестерді  «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі вице-президенті Лаура Құсайынова айтып берді.

Лаура Құсайынованың айтуынша, шипажайға сауықтыру шараларына келетін қонақтардың да күз мезгілін таңдауы – иммунитетке көмек беру. Сауықтыру кешенінде келушілерге арналған 10 емдеу бағдарламасы қарастырылған.

10 емдеу бағдарламасына физо-терапиялық және бальнеологиялық әдістер, жылумен және нафталанмен емдеу жатады. Мұндай әдістерді Кавказдағы минарлы сулары, Ресейдің Ессентуки, Кисловодск, Железноводск сынды қалаларындағы танымал курортты орындарда пайдаланады.

Суық тиюді алдын алу және емдеу шараларын үй жағдайында да жасауға болады. Бұл мәселені кез келген талғамға сай шешудің 2 нұсқасы бар. Олар: дәстүрлі емдеу және базалық медицина әдістері. Барлығы да тиімді.

Дәстүрлі медицина:

Суық тиюдің алғашқы белгілерін байқаған болсаңыз, кешкісін міндетті түрде аяқты ыстық судың буында бірнеше минут ұстап, жылы киініп, табанға қыша (горчичники) қойып, таңға дейін жылы ұстаса, вирустарды тез шығаруға болады.

Дәрі ішуді ұнатпасаңыз, табиғи шөптен жасалған шайларға құрамында витамин С, В бар жемістерді қосып, ыстық күйінде жиі ішу керек.

Тұз бен суды араластырып, мұрын мен ауызды шаю керек

Денеңізден суықты шығарып, әлсіздікті жою үшін эфир майларымен денені майлап, ысқылап шығу керек.

Дәстүрлі емес әдістерге витаминдер ішу жатады:

⦁ С дәрумені флавоноидамиядан кем дегенде 1000 мг;
⦁ Д3 дәрумені кемінде 10 мың бірлік;
⦁ Аскорбин қышқылы, тек дозасы сәйкес болуы керек, сонымен қатар біз оны құрамында итмұрын, қарақаты бар шайлар арқылы аламыз, оларда С витаминінің ең көп концентрациясы бар.

Екінші әдіс: Еліміздің медициналық саясатының арқасында ҚР әрбір тұрғыны үшін мәртебесіне қарамастан тегін маусымдық тұмауға қарсы вакцинация егу қызметі бар. Бүгінгі күні вакцинация қарқынды жүріп жатыр, осы вакцинаны алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгінуге болады.

Баршаңызға зор денсаулық тілейміз! Деніңіздің сау болуы үшін қаражат емес, салауатты өмір салтына дұрыс көңіл бөлу керек.

СУЫҚ МЕЗГІЛДЕ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

Ауа-райы салқындаған сайын адам ағзасының жұмыс режимі айтарлықтай ерекшеленеді. Тамақтану – біздің ағзамыздың жұмысының маңызды бөлігі. Осыған орай, суық мезгілде тамақтану туралы бірнеше кеңестер ұсынамыз.

 

Кеңес №1. Аштыққа жол бермеңіз!
Қысқы тағамның калория мөлшері жазға қарағанда жоғары болуы керек. Бұған ауыр ақуыздар көп балық, құс еті, ет тағамдарын тұтынуды көбейту арқылы қол жеткізу қажет. Қыста онымен қоса, көмірсудан бас тартпағаныңыз жөн. Оларды диета үшін тамақтану рационынан алып тастау иммунитеттің төмендеуіне және вирустық ауруларды оңай қабылдауға қауіп төндіреді.

 

№2 Кеңес. Витаминдер мен дәрумендер!
Тамақтану тәртібіне дәрумендерге бай тағамдарды қосу керек. Қыста олар өте үлкен рөл атқарады. Атап айтқанда, Е дәрумені теріні ауа-райынан және аяздан қорғауға көмектеседі.

 

№3 Кеңес. Су ішуді ұмытпаңыз!
Тіпті қыста сіз кем дегенде 1.5 литр сұйықтық ішуіңіз керек. Кем дегенде бір литр таза су! Қалған сұйықтық компот немесе жылы шай түрінде болуы мүмкін.

 

№4 Кеңес. Ыстық тамақ!
Ыстық тағамдарды немесе жылы сусындарды ішуді ұмытпаңыз. Егер сіз жолда тамақтануыңыз керек болса, онда тағамды ыстық шаймен ішкен жөн.

 

№5 кеңес. Әртүрлі рацион!
Мәзіріңіздің барынша алуан түрлі болуын қамтамасыз етіңіз. Өнімдерді күн сайын ауыстырған жөн. Ыдыс-аяқтың әртүрлілігі және тамақтанудың бөлшек қағидасы сіздің денеңізге қыс мезгілінде белсенді өмір сүру үшін жеткілікті қуат береді.

 

Сіздің денсаулығыңызға деген қамқорлықпен «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені.

30 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ

Бүгін әр тұрғынның құқығын айқындайтын, мүддесі мен меншіктерін қорғайтын Конституция күні. Ата Заң – қашан да биік тұратын тұғырлы құжат.

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ барлық қазақстандықтарды еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бейбітшілік, еңбекте табыс және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілейді!

ЕСКІ БАҒА – ЖАҢА ЭМОЦИЯ

Жаңа жыл күн өткен сайын жақындап келеді.

Біз сіздерге ескі бағамен жаңа эмоциялар сыйлағымыз келеді.

Жаңа жылдық билеттерді былтырғы бағамен 30 қыркүйекке дейін брондаңыз!

Шипажайдағы жаңа жыл – бұл мерекені жағымды жағдайда өткізуге және сонымен бірге емдеу мен сауықтыру курсынан өтуге тамаша мүмкіндік. Қаңтар айындағы демалыс күндерін әсерлі әрі пайдалы өткізу үшін жолдамаларды алдын ала брондап, жеңілдікке ие болыңыз.

Бағасы 30.12.2024-02.01.2025 аралығында тұру үшін көрсетілген.

Брондау үшін: +7702-059-2020

Новый год не за горами!

ШИПАЖАЙДА ЕМШАРАЛАР ҚАЛАЙ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

Шипажайға келген күні сізді міндетті түрде емдеуші дәрігердің қабылдауына жібереді. Дәрігер сіздің денсаулығыңызға қатысты ақпарат арқылы емшаралар тізімін тағайындайды.

⦁ Ол тізімге міндетті түрде жолдама құнына кіретін қызметтер де кіреді.
⦁ Уақыты мен күні сіздің санаторлық-курорттық картаңызда көрсетілген.

Емдеу-сауықтыру кешенінде жүздескенше! Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7702 059 2020 номеріне хабарласуға болады.

ЖЕҢІЛДІКПЕН ЕРТЕ БРОНДАУ

«Жеңілдікпен ерте брондау» бірегей акциясы туралы қуана хабарлауға асығамыз!
Біз үшін шипажайда демалу тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қолжетімді болғаны маңызды.
Шипажайға жолдаманы ерте алып, 10%-ға дейінгі жеңілдікке ие болыңыз.
Науқан нөмірлердің барлық санаттарына жарамды.
Науқан шарттары: 30 күн бұрын 100% төлем арқылы брондаған кезде барлық бөлме санаттарына 10% жеңілдік беріледі.
Байланыс нөмірлері:
+7 (716 36) 7-81-01
+7 (702) 059 20 20
Кездескенше!

ӨКПЕГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ

Коронавирус белең алғанда адамдар өкпе саулығының маңызын түсінгендей. Жүрек қағысы, ас қорыту, ми жұмысы мен өзге де маңызды мүшелердің қызметі тікелей дұрыс тыныс алумен байланысты.
Тыныс алған сайын ағзаға миллиардтаған маңызды жасушалар еніп, дем шығарғанда қажетсіз заттардан арыламыз. Мыңдаған жыл бойы ғалымдар мен дәрігелер дұрыс дем алудың формуласын жасауға тырысқан. Біздің қонақтарымыз үшін біз де өкпеге арналған жаттығуларды енгіздік.
Жұмыс күндері күніне 3 мезгіл шипажайдың жаңа фитнес-залында білікті маманмен өкпеге арналған арнайы жаттығулар өтеді.

Басталу уақыты:
• 10:30
• 12:30
• 15:30

Сенбі күндері:
10:30 және 12:30-да өтеді.
Жаттықтырушы: Менсұлу Нұрқанова
Жексенбі демалыс. Байланыс үшін: +7702-059-2020

ДЖАМПИНГ ФИТНЕС

Енді біздің кешеннің қонақтары мен қызметкерлері батутта секіретін жаңа фитнес түріне қатысып, бұлшық еттерін нығайта алады.
БАТУТТАҒЫ ФИТНЕСТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
• Батуттың итергіш күшінің арқасында тірек – қимыл аппараты мен тізе буындарына ауыртпалық түспейді
• 400-ден астам бұлшықет жұмыс істейді
• 45 минут ішінде ағзадағы майды ыдыратады
• Дене белсенділігі арқасында жас көрінуге мүмкіндік береді
• Коллаген мен эластин өндіру арқылы тері серпімді бола түседі және сергітеді
• Жаттығулардың жүйелілігі арқылы холестерин деңгейі төмендейді
• Жас бойынша шектеулер жоқ
Бұл ең күшті кардио жаттығулары. Бөксе мен пресске баса назар аудара отырып, бүкіл дененің бұлшық етін нығайтады,
Жаттығулар кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма 18:00-де.

Брондау Онлайн төлем Оператор