Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Жайлы сауықтыру демалысы

Күз бен қыс мезгілінде бәріміз жылулық пен жайлылықты аңсаймыз!

Салқын ауа-райында ыстық саунада жылынудан жақсы не болуы мүмкін? Оны сергітетін бассейнде жүзу мен түрлі емшаралармен толықтырсақ ше? Фитобардағы шөптен жасалған емдік шаймен жылыну тіпті бөлек әңгіме. Мұның бәрін біздің шипажайдан таба аласыз!

Сіздің жайлы демалысыңыз үшін біздің шипажайда:

⦁ Бассейн
⦁ Фитнес-зал
⦁ Төрт түрлі фин саунасы
⦁ Инфрақызыл сауна
⦁ Фито-бар
⦁ Спорт залы бар күтеді.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Нафталанмен емдеу

Шипажайға жүрек-қан тамыры, тыныс алу мүшелері, тірек-қозғалыс аппараты, жүйке жүйесі, қан тамыры аурулары сияқты дерттермен келетіндер көп. Дегенмен, басым бағыт тірек-қозғалыс аппараты мен жүрек-қан тамыры жүйесі саналады. Қазіргі уақытта біз емдеудің жаңа түрін енгізіп жатырмыз. Ол – Нафталанмен емдеу. Бұл мұнай өнімі және бұрындары Қазақстанда қолданылған емес. Әзербайжаннан әкелінген Нафталанмен емдеуді «Оқжетпес» ең бірінші болып қолға алды.

Нафталан – мұнайдан жасалған күшті дәрі. 70-тен астам ауруға ем бұл дәріні адамдар 12 ғасырдан бері емдік бағытта қолданып келеді. Ол қанның тұтқырлығын төмендетеді, иммунитетті көтереді. Өкпенің жұмысын жақсартады. Ағзадағы қабыну процестерін тоқтатады.

Анальгетикалық әсері бар. Буын, тірек-қозғалыс жүйесіне әсері мол. Экзема, псориаз сияқты әлемде кездесетін кез келген дерматит ауруларын емдейді. Әзербайжан кеңес заманынан-ақ осы Нафталанмен емдеу жүйесін жолға қойған. Қазақстан азаматтары дәл осы емді алу үшін сол елге баратын. Ал шипажай Нафталанмен емдеуді осыдан жарты жыл бұрын қолға алдық. Күн сайын емшараға сұраныс артуда.

«Оқжетпес» брендіне кіретін шипжайлар желісі биылдан бастап емдеу-сауықтыру шараларына қазақы емді де қосты

Кешенде қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық базамен толықтырылған табиғи бірегей факторлар: қарағай орманының экологиялық таза ауасы, Балпаш сор көлінің емдік балшығы және Май Балық көлінің минералды суы, радонды терапия, «Құлагер — Арасан» минералды суы жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, тірек-қимыл аппараты, асқорыту, қан айналымы және жүйке жүйесі ауруларын, урологиялық және гинекологиялық ауруларды емдеуге және оңалтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, келушілер арасында бұғы мүйізінен алынатын панта терапиясына сұраныс жоғары. Жалпы әлемде бұғының мүйізі мен қаны емдік мақсатта кеңінен қолданылады. Сол пантотерапияның арқасында иммунитет жақсарып, дененің әртүрлі инфекцияларға төзімділігі артады.

Мұнда қазақ мәдениетін, дәстүрлерін қызметке, тамақ мәзіріне, бөлмелерді нақыштауға пайдаланған. Көл жағасында, орман ішімен серуендейтін жаяу жүргіншілер сүр­леуі бар. Сол жолмен жүрген демалушылар 100 метр сайын орнатылған әр тақтайшалардан «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпостық жырының үзінділерін оқып немесе аудио нұсқасын да тыңдай алады. Сондай-ақ, тамақ мәзіріне де қымыз, бауырсақ, жент секілді денсаулыққа пайдалы ұлттық тағамдар қосылған.

Сонымен бірге келушілер киіз үйдің шипалы ауасымен тыныстап, тәтті, сырлы сарынды қазақ күйлерін тыңдап санасын сергітіп, рахаттанып демалады. Бұдан бөлек арнайы дайындалған алаңда садақ атып, қазақтың жауынгерлік рухын сезініп, серпіліп, сергиді. Осылардың барлығы біздің ем алушылардың, әсіресе шетелдік қонақтардың ерекше ықыласын оятып, қызғушылығын тудырды. Біз осылайша алыс-жақынан келген қонақтарымызға халқымыздың салт-дәстүрін, болмысын насихаттай отырып, денсаулықтарының да оңалуына көмектеседі.

Республика күніне орай марапаттар табысталды

Республика күніне орай шипажайда кешен президенті Яков Стерлиговтың қатысуымен салтанатты мерекелік жиын өтті. Іс-шарада емдеу-сауықтыру кешеннің бірқатар қызметкерлері наградаларға, сондай-ақ Президент Іс басқарушының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен: Емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі вице-президент – Құсайынова Лаура Мақсатқызы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен: Емдеу-оңалту бөлімшесінің дәрігер статисті – Логинова Александра Александровна

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Алғысымен: Емдеу-оңалту бөлімшесінің  мейірбикесі– Лебедева Светлана Геннадьевна

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Алғысымен: Мейманханалық шаруашылығының нөмір жинаушысы – Айнке Күлпаш Молдабайқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен: Басқарушы директор  – Акмурзин Аян Ерденұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Құрмет грамотасымен: Бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтері   – Нурканова Айслу СайлаубекқызыТамақтану қызметінің менеджері – Смагулова Толқын Мұхтарқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының  Алғысымен:

Орналастыру, брондау, маркетинг және мәдени іс-шаралар бөлімінің брондау бойынша менеджері – Әлиев Сағыныш Бейсембекұлы

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ президентінің Құрмет грамотасымен:

  1. Баяхметова Айгерим  Жангожиновна – даяшы
  2. Акшалова Алтынай Кадисовна – ыдыс жуушы
  3. Полиенко Вячеслав Анатольевич – электрик
  4. Ахметов Биржан Айтпаевич – қауіпсіздік бөлімінің инспекторы
  5. Нұрғали Заура Наурызбайқызы – кассир

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ президентінің Алғыс хатымен:

  1. Ким Ольга Васильевна – мемлекеттік сатып алулар бөлімінің маманы
  2. Васильева Елена Александровна – бөлме қызметшісі
  3. Мошаев Рахметолла Серикович – слесарь
  4. Цема Анжелика Леонидовна – емдеу бөлімінің клинингі
  5. Ахметова Харахат – аниматор

 

Республика күнімен!

Республика күні – мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символын айқындайтын маңызды мереке. Биыл еліміз бұл мерекені екінші рет атап өтіп жатыр. Біз Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде қабылдауымыз керек.

  • 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Мемлекеттің егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Араға он жыл салып бұл мейрам мемлекеттік ретінде аталып өте бастады. Алайда, 2009 жылы тиісті заңға өзгеріс енгізіліп, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарылды. Ал бірнеше жыл бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мейрамды қайтару қажеттігін мәлімдеді.

Көп ұзамай парламент заңды қабылдап, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.

Әрқайсыңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Ең бастысы, ел мен жеріміз аман, жұртымыз тыныш, тұғырымыз биік болсын! Әр отбасыға шаттық пен бақ-береке тілейміз!-

Жаңа жылды “Оқжетпеспен” қарсы ал!

Жаңа жылға аз ғана уақыт қалды. Егер сіз жаңа жылдық мерекелерді қайда өткізуге болатынын іздеп жүрген болсаңыз, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында  «Оқжетпес» шипажайы сізге жақындарыңызбен пайдалы, жағымды және денсаулыққа қауіпсіз демалыс өткізуді ұсынады! 

“Жаңа жылдық ертегі” пакетіне:

  • Жайлы бөлмелерде тұру
  • Сауықтыру рәсімдері
  • Мерекелік таңғы ас, түскі және кешкі ас
  • Музыка, конкурстар мен сыйлықтары бар сиқырлы жаңа жылдық бағдарлама
  •  Бассейнге, саунаға және фитнес орталығында демалу кіреді

Өзіңізге және жақындарыңызға ұмытылмас мереке сыйлаңыз!

Брондау үшін: +7 702 059 20 20

Жылына 365 күн, аптасына 7 күн емдік шаралар

«Оқжетпес» ЕСК» өз қонақтарына емдеу және сауықтыру рәсімдерін әрқашан ұсынуға дайын. Енді емдеу бөлімі демалыс күндері де жұмыс істейтінін хабарлаймыз! Тіркелу қай күні түсетініне қарамастан, дәрігер сізді қабылдайды және емдеуді тағайындайды.

Емдеу-сауықтыру кешені төмендегілерді қамтиды:

  • Мамандардың қабылдауы: терапевт, диетолог, отоларинголог.
  • Емдік дене шынықтыру (Стрельников жүйесімен тыныс алу гимнастикасы, бодифлекс, тірек-қимыл аппаратының аурулары бар топ, скандинавиялық серуендеу, жеке жаттығу сабақтары);
  • Минералды сумен, дәрілік препараттармен ингаляция;
  • Ванналар (минералды, радонды, маржанды, төрт камералы, қылқанды);
  • Душтар («Шарко» душы, су асты душ-массаж, өрлемелі душ);
  • Балшықпен емдеу;
  • Озокеритті-парафинді емдеу;
  • Ересектер мен балаларға арналған галокамера;
  • Қызыл иекті стоматологиялық суландыру;
  • Оттегі коктейлі, фитотерапия;
  • Физиотерапиялық емдеу және тағы басқалары.

Біз өзіміздің қонақтарымызға қызмет көрсетуді үнемі жетілдіріп отырамыз! Сіздерді «Оқжетпес» ЕСК-де сауықтыру демалысына күтеміз!

«Оқжетпес» шипажайы несімен ерекше?

Ең бірінші – Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең әдемі көлінің жағасында орналасуы.

Радонды терапия. Меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсетуімен;

173 демалушыға арналған нөмірлік қоры бар. Жыл бойы жұмыс істейді, бұл дегеніміз, сіздің бізбен бірге сауықтыру демалысын өткізуіңіз үшін 365 күніңіз бар!

Физиотерапевтік кабинеттер, балшықпен емдеу, урологиялық, стоматологиялық, массаж және емшара кабинеттері бар;

Әр терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық негізге ие;

Мониторингтің ең маңызды әдістері – ультрадыбыстық, функционалды, электрокардиографиялық, зертханалық диагностиканы ұсынады;

Онымен қоса, «Оқжетпес» шипажайы Еуропалық стандарттарға сәйкес, жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылысы үшін «Еуропалық сапаға лайықты» халықаралық марапатына ие болған.

Сіздерді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде күтеміз!

Шипажай бассейні өз қонақтарын күтеді

Шипажай бассейні сейсенбіден жексенбіге дейін 08:00-ден бастап кешкі 20:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 14:00-15: 00-ге дейін.

Судың температурасы 27 градус;

Ұзындығы – 25 м;

Ені -12 м;

Тереңдігі – 1,7 м.

3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға бассейнге ата-анасының қадағалауымен ғана кіруге рұқсат етіледі.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Брондау үшін:

+7 702 059 2020

Ата-ана үшін ең бағалы сыйлық – сауықтыру демалысы

Әр перзент үшін ең маңыздысы – ата-ана денсаулығы.

Сәуір айында ата-анаңызға, ата-әжеңізге 10% жеңілдікпен сауықтыру демалысын сыйлаңыз! Одан бөлек, шипажайда жеңілдікпен демалыс күндеріне арналған арнайы пакетпен өзіңіз де келіп, денсаулығыңызды нығайтыңыз.

Өзіңізге және ата-анаңызға арналған ең жақсы сыйлық – сапалы әрі пайдалы демалыc.

Толық ақпарат алам десеңіз: +7(702)-059-2020

Брондау Онлайн төлем Оператор