Әр перзент үшін ең маңыздысы – ата-ана денсаулығы. Бізді таңдап, бізге сенгеніңіз үшін рақмет!
Қонақтарымыздың пікірі:
«Анам ауруханадан шыққаннан кейін, қал-жағдайы туралы сұрақтарыңызға жиі жауап беретінмін. Жасы да жетпіске жақындап қалды. Қант диабетін қоса алғанда көптеген аурулары бар және де коронавирустың ағымы өте қиын болды.
Ауруханадан шыққаннан кейін екі айдан соң анам әлсіздік пен тыныс алудан зардап шекті. Ол үйден шықпады, тек кейде үлкен ағасына қонаққа баратын. Сонда үйде оңалту жеткіліксіз екені түсінікті болды.
Созылмалы аурудан қалпына келтіруге қандай шипажай көмектесе алатындығын зерттей бастадым және таңдау @okzhetpes.borovoe емдеу-сауықтыру кешеніне түсті. Дәл сол жерде, менің ойымша, қажетті мамандар мен заманауи жабдықтардан бастап, емдік ауаға дейін қарастырылған. Осы жерде анам тез арада қалыпты өмірге оралуы үшін қажет нәрсенің бәрі бар екенін түсіндім.
Әкемді серік үшін қоса жібердік, оған да көптеген процедуралар кедергі болмайды. Өзі сондай жерлерге барғанды ұнатады. Таңертең өзі серуендеп, үйректерді бақылап, маған видео жібереді. Ата-аналарымызды аялайық. Өзім толығырақ білгеннен кейін қалпына келтіру туралы мәліметтерді кейінірек жазамын, өйткені қалпына келтіру курсы енді басталды!»⠀
Әлішер Елікбаев.
Белгілі қазақстандық PR-маман және кәсіпкер.