Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Бесіндік ас уақыты!

Бесіндік ас – көптеген қонақтарымыздың сүйікті уақыты. Емшаралардан өтіп, тынығып, асханадан жаңа піскен астан дәм тата аласыз!

«Оқжетпес» демалушыларымыздың ас мәзіріне ерекше көңіл бөледі. Біздің аспазшылар ағзаға керек калориялар мен қоректік және биологиялық белсенді заттарға қажеттілігін қамтамасыз етуге тырысады. Бізде төрт мезгіл тамақтану жүйесі бар. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін адамдар үшін қосымша ас мәзірі қарастырылған. Сондай-ақ, сіз біздің диетолог дәрігердің жеке кеңесін ала аласыз, ол сіздің денеңіздің жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді мәзір жасайды.

Әрқашан жақсы көңіл-күй мен әл-ауқатта болу үшін денсаулығыңызға ерекше қамқарлық жасаңыз!

* Суретте дәрігердің нұсқауы бойынша қант диабеті бар адамдар үшін жасалған жаңғақ қосылған қара бидай алма галеті.

Мәзір бойынша бүгін бізде түскі асқа сүзбе қосылған круассандар және күнделікті қымыз қабылдау бар. Асыңыз дәмді болсын!

Қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі нөмірлерге хабарласа аласыз:

+7 (716 36) 7-81-01

+7 (702) 059 20 20

Брондау Онлайн төлем Оператор