Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«ОҚЖЕТПЕСТЕГІ» ҚЫСТЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР

Бет пен денеге арналған процедураларды мамандар қыс мезгілінде жасаған дұрыс деп есептейді. Ыстық мезгілде олар жанама әсерлер мен асқынуларды тудыруы мүмкін, ал қыстың аязында мұндай асқынулар әдетте болмайды. Бүгін біз сіздерге қысқы кезеңде бет пен денеге күтім жасау бойынша «Оқжетпестегі» үздік емшаралар тізімін жинадық.

Балмен жасалатын массаж. Бал организмнен токсиндерді шығарады. Жабысқақ балдың көмегімен жасалатын массаж ағзадағы токсиндерді кетіріп, энергия арналарын тазартуға көмектеседі. Соңғы уақытта бұл массаж түрі сауықтыру құралы ретінде танымал бола бастады. Осындай массаждың нәтижесінде терінің серпімділігі артады және тері астындағы май капсулалары ериді.

Денеге арналған пилинг. Пилинг – бұл косметологиялық процедура. Оның барысында терінің жоғарғы кератинделген қабаты қабыршақтанады. Пиллингтің арқасында тері жас көрініп, жаңарады. «Оқжетпес» шипажайында кофемен, шоколадпен, кокоспен, бананмен жасалатын пилингтің көптеген түрлері бар.

Орау. Бұл процедура бірнеше пайдалы әсер береді. Ол ағзаның жылынуына ықпал етеді, токсиндерді кетіреді және қан айналымын жақсартады. Ең бастысы, әйелдердің нағыз жауы – целлюлитті жоюға көмектеседі. Біздің шиажайды: шоколад, жүзім және балдырлармен жасалатын орау түрлері бар.

Стоун-терапиясы. Тас терапиясы терең релаксацияға қол жеткізуге, ішкі жағдайдың үйлесуіне ықпал етеді. Cоның арқасында, стресс жойылып, нағыз релакстың шыңына шығуға болады. Жылудың арқасында қан айналымы мен метаболизм жоғарылайды және жақсарады. Дене жасушаларына оттегі мен қажетті қоректік заттар көптеп келеді.

Сізге деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!

Брондау Онлайн төлем Оператор