Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Арқаны тік ұстау – сау омыртқа

Күні бойы отыру, аз қимылдау, жарақаттар біздің денемізге теріс әсер етеді. Әдемі қалыпта болу эстетикалық тұрғыдан ғана емес, денсаулықты жақсы жағдайда ұстау үшін де маңызды.

«Сау омыртқа» –  біздің  «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніндегі сауықтыру бағдарламаларының бірі.

Егер сізде:

  • жатыр мойны, кеуде және бел остеохондрозы;
  • радикулит;
  • дискілердің жарығы;
  • буындардың деформациялық артрозы;
  • невриттер;
  • плекситтер;
  • невралгия болса, осы бағдарламадан өтуге кеңес береміз.

Сауықтыру бағдарламасынан қандай нәтиже күтуге болады?

  • ауырсынуды жою;
  • қозғалу белсенділігін қалпына келтіру;
  • ремиссия кезеңін ұзарту.

Омыртқаның қисықтығы, бүкірею сынды диагнозы бар адамдар ауырсынуды жеңілдету үшін, сондай-ақ қозғалысты арттыру үшін омыртқаға әсер ететін бұлшықеттерді ұзарту және нығайтуы керек.

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз! Толық ақпаратты  +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы алуға болады

Брондау Онлайн төлем Оператор