“Аурудың барлығы күйзеліс пен жүйкеден” – деген тіркесті естіген боларсыз?!
Көптеген психологиялық зерттеулер мұның шын мәнінде солай екенін дәлелдеді. Біздің эмоционалдық күйіміз ағзаға тікелей септігін тигізеді. Күйзеліс кезінде біз түрлі теріс эмоцияларды бастан кешіреміз. Сол уақытта қан ағымы жүрек, ми, бауыр, бүйрек, өкпе сынды маңызды органдарға тікелей құйып, басқа органдарда керсінше қан жетіспеушілік орын алады. Мұндай жағдайдан кейін тері оттегінің жетіспеушілігін сезіп, шаршаңқы реңк береді.
Міне, сондықтан, ұзақ күйзеліс біздің сұлулығымызға зиян келтіріп, бүкіл дененің жұмыс механизмін бұзады. Оң эмоциялар болса, керісінше, денсаулықты сақтауға, аурудың тезірек сауығуына және өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеді. Олар адамның иммундық жүйесіне әсер ететін бақыт эндорфин гормондарының пайда болуына ықпал етеді. Бұл гормондар ауруларды жеңуге жиі көмектеседі.⠀
Сондықтан, қымбатты достар, оң эмоцияларды жиі сезініп, сау болыңыздар!
Ал біз сіздерді біздің шипажайда асыға күтеміз!