Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Бал массажы – емдік тибет массаждарының бірі. Бал массажы жалпы кеңінен танымал. Жабысқақ балдың көмегімен массаж жасау кезінде  организмнен улы заттар шығады және энергия арналары тазарады. Соңғы уақытта бал массажы жалпы ағзаны сауықтыру құралы ретінде ретінде қолданылады.

Массаж кезінде терінің ашық тесіктеріне жағылған тәтті бал тез арада теріге сіңіп, оның әсерінен қан айналымы жақсарады, жасуша деңгейіндегі зат алмасуы белсенеді және тін құрылымы қалпына келеді

«Оқжетпес» ЕСК-дегі арқаға бал массажы көптеген ауруларды емдеу және алдын-алу құралы болып табылады:

  • остеохондроз және тірек-қимыл аппаратының басқа аурулары;
  • құяң;
  • вегетотамыр дистониясы;
  • тыныс алу органдарының жедел аурулары;
  • невралгия;
  • әлсіз иммунитет;
  • күйзеліс;
  • артық салмақ және целлюлит.

«Оқжетпес» ЕСК-де біздің мамандарымыз бал массажының бір ғана емшарасын, сондай-ақ бірнеше сенстан тұратын курсын да өткізе алады. Массаж ішкі ағзалар мен тіндердің қоректенуін жақсартады, қан ағысын және тері арқылы тыныс алуды арттырады, терінің жағдайын жақсартады, тыртықтарды жояды, өйткені массаж әсерінің техникасы белсенді пилингтік элементті қамтиды. Бал массажын қолданғаннан кейін теріңіз жібектей, серпімді болады, тері астындағы қабаттар тегістеледі, дененің жалпы жағдайы жақсарады.

Бал массажы арқадағы ауырсынуды басады, себебі балдың биоактивті компоненттері шеміршек тіндерінде белсенді зат алмасуды қамтамасыз етеді. Бал массажы қатты психикалық күйзеліс пен депрессиялық жағдайды жояды және шаршауды басады. Пайдалы құрамы мен балдың таңғажайып хош иісі жүйке жүйесіне оң әсер етеді, ағза толық босаңсып,  көңіл-күйдің жақсаруына мүмкіндік береді.

Бұл керемет рәсімнің сиқырлы қасиетін әлі бастан кешірмеген болсаңыз, біз Сізді «Оқжетпес» ЕСК-де күтеміз!       Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

Брондау Онлайн төлем Оператор