Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Халықаралық Қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында бекітілді. 1991 жылдан бастап бұл мерекені жыл сайын 1 қазанда ресми атап өте бастады.

Бұл күннің басты мақсаты – үлкендерге құрмет, көмек, сыйластық және барлығының назарын қарт адамдар тап болатын проблемалар мен қиындықтарға аудару. «Қарты бар үйдің қазынасы бар». Сондықтан, бұл күн бүкіл қоғам үшін үлкен маңызға ие.

Мерекенің өз логотипі де бар. Алақан – мейірімділік пен жанашырлықтың, қамқорлықтың символы. Қарттық – бұл алтын уақыт. Сондықтан, күзгі маусымның ортасында аға буынға арнайы күн бөлу текке емес.

Мерекелеріңізбен, біздің үлгі алар қазынамыз!

Брондау Онлайн төлем Оператор