Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Қымызбен емдеу тәсілі

Қымыздың емдік қасиеттері бұрыннан белгілі. Бұл дәрумендердің, микроэлементтердің қоймасы ғана емес, қымызбен емдеу қандағы гемоглобиннің құрамын арттырады және қанның лейкоциттік формуласын жақсартады.

Қымыздың арқасында ағзаның әртүрлі ауруға төтеп беруін қамтамасыз ететін және сауығуға ықпал ететін иммундық ахуалы түзеледі.

Біздің шипажайда барлық қонақтар күнделікті осы емдік сусынды қосымша сауықтыру құралы ретінде қабылдай алады. Ол бесіндік ас кезінде беріледі. Қымызбен емдеу тәсілі шипажайда 2002 жылдан бері қолданылады және оны күн сайын “Қарабауыр” ауылының қосалқы шаруашылығынан алып келеді. Балғын әрі ерекше дәмді қымызды қонақтардың барлығы жақсы көреді.

Сіз де дәмін көргіңіз келе ме? Онда бізге міндетті түрде қонаққа келіңіз!

Брондау Онлайн төлем Оператор