Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«Сау жүрек» сауықтыру бағдарламасы

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде медициналық қызметтер әрбір қонақ үшін жеке таңдалады. Ауруларды ерте кезеңде диагностикалау үшін емдеу курсынан алдын MINI CHECK UP жүргіземіз. Ол үш түрлі бағытта іске асады: «Классикалық терапевтік скрининг», «Сау жүрек – таза тамырлар», «Еркін тыныс алу» бағдарламасы.

Бүгін біз сіздерді солардың бірі – «Сау жүрек» бағдарламасымен таныстырғымыз келеді. Бағдарлама жүрек пен тамыр тонусын жақсартуға, барлық органдар мен жүйелердің жұмысын оңтайландыруға, гемодинамиканың негізгі параметрлерін қалыпқа келтіруге және липидтер алмасуын қалыпқа келтіруге бағытталған. Емдеу курсының ұзақтығы кемінде 10 күннен 14 күнге дейін.

Бағдарламаға диагностикалық емшаралардан ұсынылатын тізім:

  • Терапевтің алғашқы қабылдауы және динамикалық бақылауы
  • Эндокринолог, рефлексотерапевт, диетолог кеңесі
  • Қанның клиникалық талдауы (қажеттілігіне қарай)
  • Биохимиялық қан анализі: ПТИ, глюкоза, липидті бейіні
  • Электрокардиография

Жоғарыдағы диагностикалық емшаралар мен қосымша (сауықтыру, емдеу) емшараларды біздің шипажайдан өте аласыз. Біз сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.

Брондау Онлайн төлем Оператор