Бүгін біздің шипажайда қонақтар өз таңдауын жасады.
Таңертеңгі сағат 7-ден бастап біз барлық сайлаушылар үшін өз есігімізді аштық. Өз дауысын беруге келген алғашқы дауыс беруші Жақсыбай Маутов есімді қонағымыз болды. Ең алғаш өзінің азаматтық борышын орындаған қонаымызға өз тарапымыздан естелік кәдесый табысталды. Сондай-ақ, бүгін дауыс берген ең соңғы адам да естелік сыйлығымызға ие болады.
Қазіргі уақытта біздің санаторий қонақтарының арасында 158 адам дауыс берді. Біз өз болашағымызды таңдауда жауапты көзқарас танытқан азаматтарымызды мақтан тұтамыз!