Су асты душ-массаж – бұл «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-дағы сумен емдеу әдістерінің бірі, оның бірнеше емдеу факторлары бар:
Сіз бұл рәсімді «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да гидромассаждық ванна арқылы аласыз. Сеанс кезінде судың температурасы, ағысы, қысымы үнемі өзгеріп отырады, бұл адам ағзасын сергітеді. Судың тербелмелі ағысы терең және нәзік әсер етіп, нәтижесінде лимфа және қан айналымы жүйесінің жұмысы күшейеді. Осының есебінен тіндердегі тұрып қалған үдерістер бірте-бірте бұлшық еттердің жиырылуы арқылы жоғалады. Зат алмасу күшейеді, бұл семіздікпен күресу үшін өте тиімді әдіс.
Көрсеткіштері:
Бұл емшара ауыр аурулары жоқ адамдарға да ұсынылады. Ол жалпы сауықтыру бағдарламаларынан өту кезінде таптырмайтын ем, емшараны алу үшін жас шектеулері қойылмайды.
Су асты душ-массажының әсері: теріні жұмсартып, серпімді етеді, арықтауға және целлюлиттен арылуға көмектеседі, қан және лимфа ағысын жылдамдатады, ағзадан лас заттарды шығарады, ауырсыну синдромын, ісікті және аяққа күш түсуді басады, бұлшық етті белсендіреді, ағзаны жалпы нығайтады, ой және дене салмағын азайтады, тірек-қимыл аппараты жүйесіне оң әсер етеді, сондықтан бұл емшара кезінде көптеген аурулар тез емделеді.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да басқа су емшараларымен қатар жүргізілетін душ-массаж курсынан өту, сондай-ақ дене шынықтыру және дұрыс тамақтану тұтастай ағзаны босаңсыту емінің толық курсын алғанмен тең.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да сауықтыру демалысына келіңіз!
Толық ақпаратты +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары арқылы алуға болады.