Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Қонақтарымыздан кері байланыс. Пневмония мен Covid-19 індетінен кейінгі оңалту

«Оқжетпес» шипажайында 1 тамыздан бастап, Covid-19 індетінен кейінгі арнайы оңалту бағдарламасы іске асып келеді. Бағдарлама 14 күнге лайықталған және оған:

  • Ақуызға бай тамақтану;
  • Күнделікті қымыз қабылдау;
  • Шипалы минералды суды қабылдау;
  • Гидротерапия;
  • Фитотерапия;
  • Тыныс алу жаттығулары;
  • Климатотерапия;
  • Ингаляциялар;
  • Тұзды шахта кіреді.

Онымен қоса, терапевт, отоларинголог, диетолог, ультрадыбыстық диагностика мен зертханашы дәрігерінің қабылдауы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда басқа мамандардан кеңес алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ тамақтану тәртібі мен құрамына ерекше назар аударылады. Әр қонақтың ағзасы мен қалауына қарай жеке мәзір, жеке емдеу курсы қарастырылған.

Физиотерапия жаттығулары, оның ішінде тыныс алу жаттығулары – бұл оңалту бағдарламасының негізгі бөлігі әрі денсаулығыңыздың толық қалпына келуіне ықпал ететін тағы бір фактор.

Төмендегі сілтеме бойынша өтіп, Covid-19 бойынша оңалтудан өткен қонақтарымыздың пікірін көре аласыздар.

https://www.instagram.com/p/CETqqohHdSP/

https://www.instagram.com/p/CEvXawBneOO/

Біз үшін әрбір пікір маңызды! Емдеу-сауықтыру демалысына сізді де күтеміз!

Бағдарлама бойынша толық ақпаратты +7(716 36) 78-101 нөмірі бойынша алуға болады.

Брондау Онлайн төлем Оператор