Өтіп бара жатқан жыл біздің еліміздегі көптеген емдеу-сауықтыру кешендері үшін нағыз сынға айналды және біз де бұдан тыс қалмадық. Жаһандық коронавирустық пандемия басталғаннан кейін, наурыз айының ортасында елде барлық медициналық ұйымдарға санитарлық-шектеу шаралары енгізілді.
Осылайша, біздің «Оқжетпес» шипажайы осы кезеңде қонақтарды қабылдауды тоқтатты. Біз шипажайға келуді жоспарлаған барлық қонақтарымызға қоңырау шалып, сауықтыру демалысын шегерудің ең ыңғайлы нұсқаларын ұсындық.
1 маусымда біздің есіктеріміз қонақтарға қайта ашылып, Біз барлық сақтық шараларын қарастырдық.
Сіздің демалысыңыздың қауіпсіздігі – біздің міндетіміз!
Сіздерді сауықтыру демалысына күтеміз!