Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Наурыз мерекесімен Сіздерді құттықтаймыз!

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз – Наурыз мерекесімен Сіздерді құттықтаймыз!

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің ұжымы Ұлыстың Ұлы күнінде зор денсаулық, қажымас қайрат, толағай табыс пен отбасыңызға бірлік-береке, өмірлеріңізге жақсылықтар тілейміз!

Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ , МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Құрметті «Оқжетпес» санаторийнің қонақтары!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысымен елдегі төтенше жағдайдың барлық мерзіміне республиканың барлық медициналық ұйымдары үшін санитарлық-шектеу шаралары енгізілді.   Осылайша, «Оқжетпес» санаторийі осы кезеңде қонақтарды сауықтыру демалысына қабылдамайды.  Бірінші кезекте бұл шешім біздің республика азаматтарының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жақын болашақта өмір үйреншікті арнаға оралып, біз тағы да айтамыз «Қош келдіңіз! біздің сүйікті қонақтарымыз».

Осы кезеңде санаторийге нөмірлерге тапсырыс берген барлық адамдарға біз міндетті түрде қоңырау шалып, ең жайлы тасымалдау нұсқаларын немесе төленген бронь үшін сомасы қайтарылады.

Сізге сүйіспеншілікпен, Сіздің Оқжетпес санаторийі!

Пандемия кезінде санаторийге бару қауіпсіз бе?

Құрметті достар, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, біздің санаторийде сіздің қауіпсіз демалуыңыз үшін барлық қажетті шаралар қабылданады:

  • Санаторий аумағына келетін әрбір қонақ дене температурасын бақылау үшін арнайы құрылғы – пирометрмен тексеріледі.
  • Біздің медициналық блоктың мамандары демалушыларды алғашқы қабылдау кезінде барлық қонақтарды мұқият қарайды.
  • Нөмірлердегі және емдеу-сауықтыру кешенінің аумағындағы барлық беттері арнайы дезинфекциялау құралдарымен мұқият өңделеді.
  • Санаторий аумағында дезинфекциялық сұйықтығы бар санитайзерлер орнатылған.

Сонымен қатар, біздің санаторий European Spas Association (ESPA) стандарттары бойынша аккредиттеуден өткен.

Медициналық мекеменің аккредиттеу деңгейі –  оларға көрсетілетін қызметтер деңгейінің тікелей көрсеткіші. ESPA медициналық қызмет көрсету сапасының жоғары көрсеткіші, пациенттің қауіпсіздігі, дұрыс және заманауи емдеу әдістерін  қолдану.

Сіздерді сауықтыру демалысына күтеміз!

Негізгі короновирустық инфекцияның белгілері

Әлем бойынша короновирусты инфекцияның таралуына байланысты біз Сіздерді инфекцияның алдын алу шараларына ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз.

  • Қолыңызды жиі сабынмен жуыңыз, антисептикалық құралдарды қолданыңыз;
  • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеуге тырысыңыз;
  • Адам көп жиналатын жерлерде бірреттік медициналық масқаларды киіңіз;
  • Түшкіру немесе жөтелу кезінде аузыңыз бен мұрныңызды сүрткімен/шынтақпен жабыңыз (сүрткіні қоқыс контейнеріне бірден лақтырыңыз);
  • Азық-түлік қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз (шикі және дайын тағамдарды бөліп/жеке ұстаңыз, жануартекті өнімдерді мұқият термиялық өңдеуден өткізіңіз);
  • Адамдар жаппай жиналатын жерлерге барудан аулақ болыңыз;
  • Тыныс алу жолдарының инфекциясы белгілері бар адамдармен мүмкіндігінше байланыс орнатпаңыз (арақашықтық 1 метрден жақын болмасын);
  • Шетелге, әсіресе короновирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерге бармаңыз;
  • Егер Сіз осындай елдердің бірінен келген болсаңыз, Сізді бұдан әрі медициналық бақылауға алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі дәрігерге жүгінуіңіз қажет.

Коронавирустық инфекцияның негізгі белгілері:

  • Тыныс тарылу;
  • Демігу;
  • Жоғары температура, 38С және одан жоғары;
  • Жөтел, тамақтың ауруы.

Білу маңызды! Инфекцияның симптомсыз ағымы болуы мүмкін. Жиі симптомдар жалпы суық тиюге / тұмауға ұқсас болады

Егер Сіз өзіңізде тән белгілері байқасаңыз, үйде болыңыз және шұғыл турде медициналық көмекке жүгініңіз

Денсаулығыңызға қамқорлықпен, “Оқжетпес” ЕСК!

Стоун-терапия

Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның стоун-терапиясынан рахат алыңыз.

Ыстық тастар – бұл жылы вулкандық тастармен жасалатын кешенді массаж.

Бет пен денеге арналған жалпы сауықтыру және үйлесімділік емшарасы.

Денені толықтай босаңсытудың құпия рәсімі. Дененің әрбір жасушасы тастар мен минералдардың жылы энергиясынан қуат алады.

Жер қабатынанпайда болып, су, күн және желмен жылтыратылған, тастар табиғи және ғарыш энергиясының көзі болып табылады. Тастардағы ерекше энергия күйзеліс пен шаршағанды жояды, теріс энергияны бейтараптайды.

«Окжетпесес» ЕСК» АҚ Сіздерді рахаттану әлеміне шақырады!

Тас терапиясы арқылы неге қол жеткізуге болады?

  • Шеткі және орталық жүйке жүйесіне пайдалы әсер (терең релаксациядан кейін бас аурулары азаяды, иммунитет жоғарылайды, күйзеліске сезімталдық азаяды).
  • Бұлшықет әлсіздігін жойылады және бұлшық ет тонусын жоғарылайды.
  • Денедегі зат алмасу үрдістері күшейеді (май тез қорытылады, қартаю баяулайды). Тері өңі мен серпімділігі артады, тері тазарады және лас заттар шығады.

Ыстық тастармен күтінудің артықшылықтары:

  • Тас терапиясы терең релаксацияға, ішкі күйді үйлестіруге, осылайша шаршау мен күйзелісті жеңілдетуге ықпал етеді.
  • Жылудың әсерінен қан айналымы мен зат алмасу артады және жақсарады. Дененің жасушаларына оттегі және қажетті қоректік заттар келеді.
  • Тас салмағы және жұмсақ тіндерді қолмен уқалау лимфа айналымын күшейтеді, ыдырау мен зат алмасу өнімдері тез шығарылады, ағза улы заттардан тазарады.
  • Бұл күтім салауатты және белсенді өмір салтының бір бөлігі бола отырып, иммундық жүйені және бұлшықетті нығайтуға көмектеседі.
  • Қабынуды азайтуға болады, оңалту үдерістері жеделдетіледі. Жылулық арқасында бұлшықет ауыруы азаяды. Тас терапиясы эндорфинді өндіруге ықпал етеді.

Тас терапиясының көмегімен мына аурулардан құтылуға болады:

  • Буындардағы ауырсыну, бұлшықеттің жоғары тонусы, арқадағы және мойындағы ауырсыну;
  • Анорексия және булемия;
  • Күйзеліс, мазасыздық және қозу;
  • Асқорыту және іш қату аурулары;
  • Күйзеліс және көңіл-күй өзгерістері;
  • Шаршау;
  • Денеде сұйықтықтың тұрып қалуы;
  • Бас аурулары;
  • Ұйқысыздық.

Қосымша толықтай ақпаратты мына ресми сайттан ала аласыздар: www.okzhetpes-burabay.kz және мына телефон арқылы +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.

8 наурыз құтты болсын!

Құрметті ақжаулықты аналар, құлпырған қыз-келіншектер!

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің үжымы көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздердің нұрлы жүздеріңізді ешқашан мұң шалмасын, дендеріңіз сау, бауырларыңыз бүтін, отбасыларыңыз аман болсын. Көктемнің жарық күніндей өміріңіз сәнді болғай!

«ОҚЖЕТПЕС» ШАРШАУ ТУҒЫЗАТЫН ТАҒАМДАР

Тамақты мөлшерден тыс қабылдағаннан кейін қатты шаршау сезімі жиі пайда болады.

Дегенмен, ұйқышылдықтың себебі тым көп тамақ қабылдау ғана емес.

Шаршау сезімдерін туғызатын топ-өнімдер:

Тәттілер.

Көп мөлшердегі қант денеде глюкозаның деңгейін күрт арттырады, ал ол сондай-ақ күрт құлдырағанда, адам өзін жайсыз сезінеді. Осындай әсерді пісірілген нан өнімі және макарон туғызуы мүмкін.

Күркетауық.

Осы құс етінің құрамында адам ағзасына  босаңсыту әсерін беретін белоктың ерекше түрі болады.Сондықтан, түскі асқа негізгі тағам ретінде күркетауықты таңдау керек емес: жұмыс қабілеті кейде азаяды.

Қуырылған тағамдар.

Әсіресе майға қуырылған азықтарды қорытуға адам ағзасы көп күш жұмсайды, сондықтан адамдар тез шаршайды. 

Энергетикалық батончиктер.

Мұндай тағамдарды жаттығулар алдында ғана қабыдаған жөн, себебі олардың құрамында калориялар көп. Егер сіз олардың жылдам қорытылуына мүмкіндік таба алмасаңыз, онда сіз олардың артықшылығынан шаршайсыз.

Газдалған және спирт сусындары.

Газды сусындардың құрамында қант және кофеин жиі біріктіріледі. Сонымен бірге олар тез сіңетін глюкозаның кенеттен көбеюіне әкеледі, ол алдымен қысқа мерзімді қуат береді, содан кейін қатты ұйқышылдыққа әкеледі.Алкоголь ішімдіктерімен жағдай басқаша болады: олар да босаңсытып, ұйқыға шақырады, бірақ ұйықтау уақытында адам денесі энергияны қалпына келтіруге емес, улануға жұмсайды.

Кофе.

Таңертеңгі бір шыныаяқ кофе – бұл сергектік көзі, бірақ қандағы кофеиннің жоғары деңгейі кері әсер беруі мүмкін.Ғалымдардың пікірінше, кофенің мөлшері тәулігіне бір шыныаяқ – көп дегенде екі шыныаяқ.

Дұрыс тамақтаныңыз және салауатты өмір сүріңіз!

«ОҚЖЕТПЕСТЕ» ШАРШАҒАН, КҮЙЗЕЛІСКЕ ҰШЫРАҒАН ТЕРІНІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕМІЗ

Дегенмен, біз өзіміз ғана емес, біздің теріміз де шаршайды. Шаршаған терілер біздің теріс өмір салтымыздың нәтижесі. Шаршаған бет терісі – тері түсінің сұрлануына әкелетін микроциркуляцияның бұзылысы. Көздің астында қара шеңберлер пайда болады, себебі тері өзінің улы заттарымен жаңарады. Оған оттегі жетіспейді. Атония – бұл, тері серпімділігінің болмауы, төмен қарай бағытталған барлық әжім түрлерін халықта «қалталанған тері» деп айтады.

Шаршаған терінің белгілеріне зиянды әдеттері бар адамдар және мегаполис тұрғындары, сондай-ақ еңбекқор адамдар ұшырайды. Терінің шаршауына қарсы күреске арналған негізгі жол – жаман әдеттерден бас тарту және қала сыртындағы таза ауаға жиі сапарлар. Міндетті түрде ұйқыны қандыру, жаттығулар жасау, ваннаның кез-келген түріне барып, витамин мен минералды кешендермен тамақтану қажет. Сіз осының барлығын және тіпті сәл көбірек Оқжетпес ЕСК-нен ала аласыз, таза ауа, түрлі монша, қалыпты ұйқы, дұрыс тамақтану және ең таңдаулы косметологтар Сіздің шаршаған теріңізді қалпына келтіреді.

Телефондар: +7 (71636)78 – 101+7 702 059 20 20.

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ серіктестігімен «Мейірімділік керуені» II Республикалық байқауы

22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен «Мейірімділік керуені» жобасының қатысушылары марапатталды. Жоба «Окжетпес» ЕСК» АҚ серіктестігімен екінші жыл қатарынан өткізілуде.

«Мейірімділік керуені» II Республикалық байқауының финалистерін марапаттау салтанатты рәсіммен өткізілді. «Батыл жүрек» номинациясы бойынша байқаудың финалистеріне марапаттарды табыстаудың құрметті миссиясы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Біріккен санаторийлерінің президенті Қайрат Беркінбаевқа жүктелді.

Тахир Закизьяновқа марапатты табыстау ерекше эмоциялық сәт болды. Өз өміріне қауіп төндіріп, ол жанып жатқан пәтерден 3 баланы құтқарды. Ол кісі марапаттау күніне дейін көзін жұмған болатын. Залда отырғандар батырдың ағасының қайғысына ортақтасып, ду қол шапалақпен көңіл айтты.

Барлық финалистерді естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапаттады, ал жеңімпаздарға «Оқжетпес» санаторийіне жолдамалар табысталды.

Пантовая терапия в Боровом

Панталы ванналар

Панталы ванналар – бұл мықты қалпына келтіретін әсері бар емдік SPA-емшарасы. «Оқжетпес» ЕСК-дегі бұл емшараның мәні пантаның барлық пайдалы қасиеттері адамның денесіне тері тесіктері арқылы еніп, дененің қорғанысын арттырады.

Панталы ванналармен емдеудің тиімділігі негізінен рецептураға және таңдалған шикізаттың сапасына байланысты. «Оқжетпес» ЕСК мамандары көне әдістің құпияларын зерттеді.

Шикізатқа қойылатын қатаң талаптар және оларды дұрыс технологияға сәйкес жинау және дайындау олардың барлық дәрілік қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Панталы ваннаның ерекшелігі оларда маралдың емдік қан сығындысы бар.

Панталы ванналарды қабылдауға арналған нұсқаулар:

  • тыныс алу жүйесінің аурулары: жедел емес бронхит, ЖРА-дан кейін қалпына келтіру кезеңі, жеңіл және орташа-ауыр бронх демікпесі;
  • жүрек-тамыр жүйесі аурулары: артериялық гипотензия, вена жеткіліксіздігі, көктамырлардың кеңеюі.- жүйке жүйесінің аурулары: жалпы невроздар, кәсіби невроздар, вегетациялық функцияның бұзылуы;
  • тірек-қимыл аппаратының аурулары: омыртқа остеохондрозы, кеуде және аяқтың сүйек сынықтарының салдары, белсенді емес кезеңдегі ревматоидты артрит, тірек-қимыл аппаратының өткір қабыну құбылыстарынан кейінгі жағдай;
  • асқазан-ішек жолдарының аурулары: ремиссия сатысындағы ішек және асқазан аурулары, ішектің функционалдық бұзылуы;
  • несеп-жыныс жүйесінің аурулары: әйелдердің климакстық жағдайларына байланысты бұзылыстары, бедеулік, әйелдердің жатыр патологиясымен байланысты бұзылыстары; асқынуы басылған немесе ремиссия сатысындағы простатит;
  • тері аурулары: псориаз, нейродермитит, әртүрлі қышымалар, шиеленісу сатысындағы экзема;
  • қан жүйесінің аурулары және созылмалы улану: созылмалы шаршау синдромы, ауыр металдармен кәсіби улану.

Нәтижесінде иммунитет жоғарылайды, стресске қарсы тұру қасиеті пайда болады, еңбек өнімділігі жоғарылайды, қартаю баяулайды, зат алмасу қалыпқа келтіріледі, ұрпақты болу жүйесінің бұзылулары емделеді, артериалдық аурулар жоғалады, ағза қалпына келтіріледі және жасарады, созылмалы шаршау белгілері жоғалады.

Профилактикалық мақсаттарда, дененің жоғары тонусын тұрақты ұстау үшін «Оқжетпес» ЕСК-нің терапевт-дәрігерлері тағайындайтын панталы емшаралардың емдеу курсынан өту ұсынылады. Осы мақсатта Оқжетпес ЕСК кешенді түрде өтуге болатын дәлелденген рәсімдерді пайдаланады: орау, ингаляция және басқалар.

Толық ақпаратты +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.

Брондау Онлайн төлем Оператор