«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Cіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтайды!
Құрбан айт – мұсылманның ұлық мейрамы. Туыс пен бауырға, көрші мен дос-жаранға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп, үлкеннің алғысы мен батасын алу – қасиетті мерекенің дәстүрі.
Құтты мерекеде жасаған барша сауапты амалдарыңыз, қайырымды істеріңіз, тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Жылдан жылға, айттан айтқа амандықпен жетуді жазсын!
Бүгінгі күні диагностикалық аспаптық процедуралардың ең қолжетімді түрі, диагноз қою \ диагнозды растаудың ең сенімді әрі қажетті әдісі ультрадыбыстық зерттеу – УДЗ болып табылады.
УДЗ барысында зерттелетін мүшелердегі құрылымдық өзгерістерді бағалауға және бақылауға болады. Ол дәрігерлерге дер кезінде ем тағайындап, науқастың өмірін сақтап қалуға үлкен мүмкіндік береді. “Оқжетпес” емдеу-сауықтыру кешенінде емделушілерге арналған УДЗ-дің келесі түрлері бар:
Процедураны “Оқжетпес” ЕСК-нің дәрігер-терапевты тағайындайды.
Демалысыңызды сауықтырумен бірге үйлестіріңіз!
Толығырақ ақпаратты сіз +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы ала аласыз.
Құрметті қонақтар!
Карантин шараларын күшейтуге байланысты Ақмола облысының туристік аймақтары шілденің 24-і сағат 00:00-ден бастап, тамыздың 3-іне дейін жабылады. Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарына кіреберіс жолдарда блокпосттар қойылады. Дегенмен, егер сіз медициналық оңалту мақсатында санаторийге бара жатсаңыз және емделуге жолдамаңыз болса, онда сіз емдеу-сауықтыру кешенінің аумағына өте аласыз.
“Ақмола облысының рекреациялық және курорттық аймақтарының аумағында карантиндік іс-шараларды күшейту туралы” №88 қаулыға сәйкес Щучинск-Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарының аумағына кіруге/аумағынан шығуға емдеу-сауықтыру орталықтарында емделушілерге растайтын құжаттар болған жағдайда рұқсат етіледі.
Біздің емдеу-сауықтыру кешенінің аумағында сіздің ем алуыңыз бен жайлы демалуыңыз үшін барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданған!
Сіздерді сауықтыру демалысына күтеміз!
Толық ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.
“Аурудың барлығы күйзеліс пен жүйкеден” – деген тіркесті естіген боларсыз?!
Көптеген психологиялық зерттеулер мұның шын мәнінде солай екенін дәлелдеді. Біздің эмоционалдық күйіміз ағзаға тікелей септігін тигізеді. Күйзеліс кезінде біз түрлі теріс эмоцияларды бастан кешіреміз. Сол уақытта қан ағымы жүрек, ми, бауыр, бүйрек, өкпе сынды маңызды органдарға тікелей құйып, басқа органдарда керсінше қан жетіспеушілік орын алады. Мұндай жағдайдан кейін тері оттегінің жетіспеушілігін сезіп, шаршаңқы реңк береді.
Міне, сондықтан, ұзақ күйзеліс біздің сұлулығымызға зиян келтіріп, бүкіл дененің жұмыс механизмін бұзады. Оң эмоциялар болса, керісінше, денсаулықты сақтауға, аурудың тезірек сауығуына және өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеді. Олар адамның иммундық жүйесіне әсер ететін бақыт эндорфин гормондарының пайда болуына ықпал етеді. Бұл гормондар ауруларды жеңуге жиі көмектеседі.⠀
Сондықтан, қымбатты достар, оң эмоцияларды жиі сезініп, сау болыңыздар!
Ал біз сіздерді біздің шипажайда асыға күтеміз!
Ингаляция – емдік мақсатта биологиялық активті заттарды не дәрі-дәрмектерді дем арқылы ағзаға енгізу әдісі. Бұл суықты және жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған тамаша құрал. Ингаляция емі тыныс алу жолдары ауруларында, суық тигенде және созылмалы өкпе қабынуы сынды ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Процедураның негізгі мақсаты – қақырықты сұйылту және оны өкпе мен бронхтан шығару. Ингаляция емдік шөптер немесе эфир майларын қосу арқылы да жасалады.
Ағзаға енгізілген дәрі-дәрмекке байланысты келесі емдік әсерлерге қол жеткізуге болады:
Әсіресе, коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту бағдарламасында ингаляцияның маңызды және пайдасы зор. Ингаляция курсын басқа да оңалту процедураларымен бірге біздің шипажайда өтуге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы қоя аласыз.
13 шілде – Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні.
Пандемия кезінде туған-туыстарынан айырылған қазақстандықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
«Оқжетпес» ЕСК 50 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді. EuropeSpa бірегей сертификаттаудан өтіп, әлем курорттарының үздіктер тізіміне енген шипажай енді Covid-19, өкпе қабынуы (пневмония) ауруларынан жақында айыққан емделушілер үшін оңалту бағдарламасын ұсынады.
Коноплева Любовь Васильевна
емдеу-оңалту бөлімшесінің меңгерушісі:
“Жақында ғана вируспен күресте болған ағза үшін оңалту бағдарламасын өту маңызды. Иммунитетті көтеріп, ағза қорғанысын қалпына келтіру үшін таза ауа, минералды емдік су, ингаляция, емдік гимнастика, тұзды шахта, фитотерапия және арнайы мәзір керек. Әрине, оның бәрін үй жағдайында жасау қиын. Сондықтан, ең дұрыс шешім — кәсіби мамандардың бақылауында болу. Біздің орталықта оңалту процедураларынан бөлек, С витаминіне бай қымызбен емдеу және жүрек, тамыр аурулары, тыныс алу жүйесі, жүйке жүйесі сынды аурулардың алдын алу және емдеу әдісі ретінде скандинавиялық серуендеуді қолданамыз”.
Санаторийдің негізгі емдік факторы климатотерапия. Бурабай курорттық аймағы — Қазақстанның бірегей жерлерінің бірі, онда толық кешенді емдеу үшін маңызды компоненттер жинақталған: өзінің емдік қасиеттері бойынша қайталанбайтын “Май-балық” көлінің минералды суы, Балпаш-Сор көлінің балшығы, меншікті радон көзі, оның ішінде ауыз су, пантомен емдеу.
Шипажай карантин кезінде де өз қызметін тоқтатқан жоқ. Санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай қажетті шаралар қабылданған.
Санаторийдің барлық бөлмесі антисептикалық құралдары бар дозаторлармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта дезинфекциялық құралдарды пайдаланып, ылғалды тазалық жұмыстары жиі жүргізіледі.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!
Астананың туған күні – әрбір қазақстандық үшін бүкілхалықтық мереке. Елорда көпұлтты мемлекеттің достығы мен тұтастығы, жаңару мен Қазақстан халқының шоғырлану символы, рухани өсу мен жоғары жеңістерге қол жеткізудің көрінісі және қазақстанның жарқын арманының жүзеге асуы болды.
Бүгінгі таңда Астана – әлемдегі ең әдемі және жас астаналардың бірі. Ол өзіне әртүрлі елдерден туристер мен қонақтарды тартады, ірі халықаралық іс-шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығы болып отыр. Астананың бейбіт атмосферасы қайталанбас архитектуралық көрініспен, Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен, Қазақстан халқының мәдениеті мен салтының барлық байлығымен ұштастырылады.
Осы маңызды мерекемен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Біздің елордамыз гүлдене берсін, әр отбасының өмірі қуанышты оқиғаларға, шаттық пен болашаққа деген нық сенімге толы болсын!
Сіздерге зор денсаулық, мол табыс пен бақыт тілейміз!
Бал массажы – емдік тибет массаждарының бірі. Бал массажы жалпы кеңінен танымал. Жабысқақ балдың көмегімен массаж жасау кезінде организмнен улы заттар шығады және энергия арналары тазарады. Соңғы уақытта бал массажы жалпы ағзаны сауықтыру құралы ретінде ретінде қолданылады.
Массаж кезінде терінің ашық тесіктеріне жағылған тәтті бал тез арада теріге сіңіп, оның әсерінен қан айналымы жақсарады, жасуша деңгейіндегі зат алмасуы белсенеді және тін құрылымы қалпына келеді
«Оқжетпес» ЕСК-дегі арқаға бал массажы көптеген ауруларды емдеу және алдын-алу құралы болып табылады:
«Оқжетпес» ЕСК-де біздің мамандарымыз бал массажының бір ғана емшарасын, сондай-ақ бірнеше сенстан тұратын курсын да өткізе алады. Массаж ішкі ағзалар мен тіндердің қоректенуін жақсартады, қан ағысын және тері арқылы тыныс алуды арттырады, терінің жағдайын жақсартады, тыртықтарды жояды, өйткені массаж әсерінің техникасы белсенді пилингтік элементті қамтиды. Бал массажын қолданғаннан кейін теріңіз жібектей, серпімді болады, тері астындағы қабаттар тегістеледі, дененің жалпы жағдайы жақсарады.
Бал массажы арқадағы ауырсынуды басады, себебі балдың биоактивті компоненттері шеміршек тіндерінде белсенді зат алмасуды қамтамасыз етеді. Бал массажы қатты психикалық күйзеліс пен депрессиялық жағдайды жояды және шаршауды басады. Пайдалы құрамы мен балдың таңғажайып хош иісі жүйке жүйесіне оң әсер етеді, ағза толық босаңсып, көңіл-күйдің жақсаруына мүмкіндік береді.
Бұл керемет рәсімнің сиқырлы қасиетін әлі бастан кешірмеген болсаңыз, біз Сізді «Оқжетпес» ЕСК-де күтеміз! Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
Біздің санаторийде емдік тамақтануды ұйымдастыру жалпы емдеу процесінің бір бөлігі ретінде медициналық қызмет көрсету бойынша негізгі іс-шаралардың қатарына кіреді.
Бізде № 1, 4, 5, 7, 9, 10, 15 тұрақты диеталар орнатылған.
Санаторийде төрт мезгіл тамақтану режимі + қымыз ұйымдастырылған.
Егер медициналық көрсеткіштер бойынша сіз жиі тамақтануға мұқтаж болсаңыз, дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақ немесе ерекше жеке режим белгіленеді.
Тамақтану жиілігі дәрігер диетолог тағайындаған ауру мен диетаға байланысты төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.
Кешенді емдік тамақтану емдеуші дәрігердің қадағалауымен қатаң ұйымдастырылған.
Диеталардың әрқайсысы белгілі бір минералды және витаминді құраммен, сондай-ақ аспаздық өңдеу ерекшеліктерімен сипатталады.
Толығырақ ақпаратты сіз +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы ала аласыз.