Бал массажы – емдік тибет массаждарының бірі. Бал массажы жалпы кеңінен танымал. Жабысқақ балдың көмегімен массаж жасау кезінде организмнен улы заттар шығады және энергия арналары тазарады. Соңғы уақытта бал массажы жалпы ағзаны сауықтыру құралы ретінде ретінде қолданылады.
Массаж кезінде терінің ашық тесіктеріне жағылған тәтті бал тез арада теріге сіңіп, оның әсерінен қан айналымы жақсарады, жасуша деңгейіндегі зат алмасуы белсенеді және тін құрылымы қалпына келеді
«Оқжетпес» ЕСК-дегі арқаға бал массажы көптеген ауруларды емдеу және алдын-алу құралы болып табылады:
«Оқжетпес» ЕСК-де біздің мамандарымыз бал массажының бір ғана емшарасын, сондай-ақ бірнеше сенстан тұратын курсын да өткізе алады. Массаж ішкі ағзалар мен тіндердің қоректенуін жақсартады, қан ағысын және тері арқылы тыныс алуды арттырады, терінің жағдайын жақсартады, тыртықтарды жояды, өйткені массаж әсерінің техникасы белсенді пилингтік элементті қамтиды. Бал массажын қолданғаннан кейін теріңіз жібектей, серпімді болады, тері астындағы қабаттар тегістеледі, дененің жалпы жағдайы жақсарады.
Бал массажы арқадағы ауырсынуды басады, себебі балдың биоактивті компоненттері шеміршек тіндерінде белсенді зат алмасуды қамтамасыз етеді. Бал массажы қатты психикалық күйзеліс пен депрессиялық жағдайды жояды және шаршауды басады. Пайдалы құрамы мен балдың таңғажайып хош иісі жүйке жүйесіне оң әсер етеді, ағза толық босаңсып, көңіл-күйдің жақсаруына мүмкіндік береді.
Бұл керемет рәсімнің сиқырлы қасиетін әлі бастан кешірмеген болсаңыз, біз Сізді «Оқжетпес» ЕСК-де күтеміз! Толық ақпаратты +7 (71636) 78 – 101, +7 702 059 20 20 телефондары бойынша алуға болады.
Біздің санаторийде емдік тамақтануды ұйымдастыру жалпы емдеу процесінің бір бөлігі ретінде медициналық қызмет көрсету бойынша негізгі іс-шаралардың қатарына кіреді.
Бізде № 1, 4, 5, 7, 9, 10, 15 тұрақты диеталар орнатылған.
Санаторийде төрт мезгіл тамақтану режимі + қымыз ұйымдастырылған.
Егер медициналық көрсеткіштер бойынша сіз жиі тамақтануға мұқтаж болсаңыз, дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақ немесе ерекше жеке режим белгіленеді.
Тамақтану жиілігі дәрігер диетолог тағайындаған ауру мен диетаға байланысты төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.
Кешенді емдік тамақтану емдеуші дәрігердің қадағалауымен қатаң ұйымдастырылған.
Диеталардың әрқайсысы белгілі бір минералды және витаминді құраммен, сондай-ақ аспаздық өңдеу ерекшеліктерімен сипатталады.
Толығырақ ақпаратты сіз +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефоны арқылы ала аласыз.
Қымыз – біздің ағзамыз жақсы сіңіретін сусын. Қымыздың құрамында А, Е, В және С дәрумендері, темір, мыс, йод, май және тірі сүт қышқыл бактериялары бар.Қымызда антибиотиктердің көп саны бар деп есептеледі, олар туберкулезбен ауыратын науқастарға, іш қатуына және дизентерияға қарсы жақсы күреседі.Сүт қышқылды бактериялар асқазан-ішек жолына, өт қабына оң әсер етеді, қымызбен көбінесе асқазан жарасын емдейді, сондай-ақ қымыз бактериялары әр түрлі зиянды микроорганизмдер мен ішек таяқтарын жояды, ішектің және қынаптың микрофлорасын жақсартады. Сонымен қатар, бұл сусын қанға және жүрекке жақсы әсер етеді, жүйкені тыныштандырады, ұйқыны қалыпқа келтіреді, созылмалы шаршау мен тітіркенуді азайтады.
Соңғы жылдары қымыздың ағзаның және жеке мүшелердің әр түрлі физиологиялық үдерістеріне әсері зерттелді:
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде қымызмен емдеу әдісі ұзақ уақыт бойы қолданылып келеді және барлық қонақтарға қолданылады. Қымызға жасқа байланысты қарсы көрсетілімдер жоқ, бұл балаларға да, ересектерге де, қарттарға да пайдалы.
Қымыз өзінің қасиеттері бойынша ерекше табиғи ашу өнімі. Пайдалы элементтердің рекордтық санына ие. Қымыз иммунитетті арттырып қана қоймайды, сонымен қатар майдың, белоктың сіңімділігін арттырады, зат алмасуын жеделдетеді және жүйке жүйесін қалпына келтіреді.
Осылайша, қымыз туберкулез, цинга (темірдің жетіспеушілігінен қанауға бейім ауруы), асқазан қабынуы, ұйқы безі, қан аздық, жүйке тозуы, жүрек-қан тамырлары аурулары мен іш ішек ауруларын емдеуде қолданылады.
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде демалу – бұл қымыздың ерекше күшін сезіну, жақсы демалу және денсаулығыңызды жақсарту үшін керемет мүмкіндік!
Толық ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.
Медицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай, бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау және нығайту ісіндегі көпжылдық және кәсіби еңбегі үшін жоғары марапатқа ие болды.
«Оқжетпес» ЕСК» акционерлік қоғамында 14 жыл мейірбике болып қызмет еткен Завацкая Валентина Константиновна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен:
Емдеу-оңалту бөлімшесінің мейірбикесі Дощанова Екатерина Ойратовна – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Емдеу-оңалту бөлімшесінің мейірбикесі Сулейменова Кулия Егинбаевна – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Біздің қызметкерлерімізді осы жоғары наградалармен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл біздің санаторий мамандарының жоғары біліктілігінің тағы бір дәлелі болды. Демалу үшін бізді тандағанда, сіздер әрқашан қызмет көрсетудің ең жоғары сервисіне сенімді бола аласыз. Өз денсаулығыңызды – жоғары білікті мамандарға сеніммен тапсыра аласыз!
Сізге деген махаббатпен, сіздің Оқжетпес!
Құрметті медициналық қызмет көрсету саласының қызметкерлері!
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды және сіздер сыйлаған Денсаулық үшін алғысын білдіреді!
Ұлттың денсаулығы әрқашан мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегия басымдылықтарының бірі болып табылады.
Жыл сайын медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жетілдірілуде, жаңа медициналық нысандар ашылып, жұмысшылардың еңбек жағдайлары жақсаруда.
Бұл мамандыққа берілген адамдар біз үшін баға жетпес. Шын мәнінде, адам өмірінің күнделікті құтқарылуынан артық не болуы мүмкін. Өйткені дәрігердің жұмысы тек жауапты және керекті ғана емес, кез келген адам үшін қажет. Адамдардың денсаулығын сақтаудаға көптеген істеріңіз сіздердің күнделікті еңбектеріңізге байланысты.
Осы тамаша күнде сіздерге қуаныш пен шаттық, денсаулық және сарқылмас күш-қуат, бақыт пен зор сүйіспеншілік тілейміз.
Биік асулардан асып, мақсаттарыңызға жете беріңіздер!
Бұл санаторий EuropeSpa бірегей сертификаттаудан өтіп, Еуропалық курорттық қауымдастықтың (ESPA) сапа белгісін алды.
Қазіргі уақытта сертификаттау үш түрлі бағытта жүргізіледі:
EuropeSpa қонақтар мен курорттар мен спа-қонақүйлердің емделушілеріне, туристік агенттіктер мен туроператорларға, сондай-ақ медициналық сақтандыру компанияларына объективті халықаралық стандарттарға негізделген сапаға жоғары баға алған нысандарды таңдауға мүмкіндік береді.
Лимон – жеміс, ол өзінің емдік қасиеттерімен танымал: ол көптеген аурулармен күресуге көмектеседі, тері, шаш, тырнақ жағдайын жақсартады, дененің тонусын арттырады.
Лимонмен су ішу – денсаулық пен сұлулықты сақтайтын өте пайдалы әдет.
Қалай? Бірге шешіп көрейік.
Бұл цитрустың құрамына С дәрумені, калий, сондай-ақ кальций, магний, Р дәрумені және көптеген пайдалы заттар кіреді.
Егер лимонмен су үнемі ішсеңіз, денеңізді қамтамасыз етесіз:⠀
Калий құрамы есебінен жүрек-қантамыр және жүйке жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Лимонмен қарапайым су ағзаға оң әсер етеді!
Деніңіз сау болсың!
Анар дәмді ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы жеміс. Құрамындағы дәрумендер (B, C, E, P) адам денсаулығына оң әсер етеді.
1. Гемоглобинді арттырады. Анардың ең танымал қасиеті – қан аздақпен күресу. Қан аздық кезінде 2 ай бойына тамақтан 30 минут бұрын күніне 3 рет 0,5 шыныаяқпен сұйылтылған анар шырынын қолданыңыз. Гемоглобинді ұлғайту үшін анарды қолдану қажет. Сонымен қатар құрамында темірдің сіңірілуіне ықпал ететін көп мөлшерде С дәрумені бар.
2. Қысымды төмендетеді. Анар тұқымы гипертониялық науқастардың артерия қысымын төмендетеді. Құрғақ және шайға қосылған анар жемісінің жарғақтары жүйке жүйесін тыныштандырады, мазасыздықты болдырмайды және түнгі ұйқыны қалыпқа келтіреді.
3. Гормондардың белсенділігін арттырады. Анар сүйектерінің құрамында гормоналдық теңгерімді қалпына келтіретін майлар бар. Сондықтан анар тұқымдарын лақтырмаңыз, оларды етеккір кезінде ауырсыну, бас ауыру және климакс кезінде жеуге болады.
4. Ауыз қуысы мен тамақты залалсыздандырады. Анар қабығының қайнатпасы немесе оның шырыны тамақты (ангина және фарингит кезінде), ауыз қуысын (гингивит және стоматит кезінде) шаю үшін қолданылады. Илік заттектер ауырсынуды жеңілдетеді, ал органикалық қышқылдар инфекцияны жояды.
5. Инсулинді алмастырады. Анар жемістері – бұл қант диабетімен ауыратын адамдарға рұқсат етіледі және өте пайдалы. Бұл үшін тамақтанудан бұрын күніне 4 рет 60 тамшы шырын қабылдау қажет. Сіз үшінші күні қандағы қант деңгейінің едәуір төмендегенін байқайсыз.
6. Радиацияны шығарады. Анар шырыны радиоактивті изотоптармен жұмыс істейтін немесе жоғары сәулелену аймағында өмір сүретін адамадар үшін б өте пайдалы.
7. Қабынуды басады. Түрлі қабыну аурулары (бүйрек, бауыр, құлақ және көз, буын, гинекологиялық органдар) кезінде анар қабығының қайнатпасын ішу тез жазылуға көмектеседі. Дайындалуы: 2 шай қасық ұсақталған анар қабығына 1 стакан ыстық су құйыңыз, 30 минут бойы су буында ұстаңыз, сүзіңіз, сығыңыз, одан соң қайнаған сумен араластырыңыз. Тамақтанудан 30 минут бұрын күніне 2-3 рет 50 г-нан қабылдаңыз.
8. Теріні емдейді. Егер сіздің теріңізде безеу немесе іріңді бөртпелер пайда болса кілегей немесе зәйтүн майы қосылған, аздап қуырылған, ұнтақталған анар қабығының маскасын пайдаланыңыз. Оны тоңазытқышта сақтау қажет және аптасына 2 реттен артық емес теріге жағыңыз. Кептірілген анар жемісінің ұнтағымен күйіктерді, жарықтарды және болмашы жараларды тиімді емдеуге болады.
Сіздің денсаулығыңызға қамқорлықпен, «Оқжетпес» ЕСК» АҚ!
Барлық майлар денсаулыққа зиянды емес. Бүгін сұлулық пен денсаулыққа әсер ететін омега-3 маңызды микроэлементі туралы әңгімелесетін боламыз.
Омега-3 биологиялық рөлі:
Ең алдымен, бұл теңіз балығы.
Ең көп Омега – 3 құрамында майлы және жартылай майлы балықтар (скумбрия, сардина, лосось, тунец және т.б.) бар. Ең көп пайда жас балықтан, бірақ май қышқылдары мен балық консервациясында май бар.
Омега-3 өсімдіктерінен зығыр тұқымы мен кунжут мақтана алады. Сондықтан зығыр және күнжіт майын көкөніс салаттарына құю ұсынылады.
Омега – 3 ағзаға азық-түлікпен түсуі керек, өйткені организм бұл элементті өз бетінше синтездемейді. Сондықтан сау және әдемі теріге ие болу үшін тамақтану рационына оларды қосымша қосу дұрыс шешім !
Құрметті сайт қонақтары!
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды!
1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн біздің еліміздің тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады.
Мемлекеттік рәміздер біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі болып табылады. Олар Отан Тәуелсіздігінің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді.
Алтын түсті күн мен қанатын жайған қыран құспен көгілдір ту және барлық қазақстандырқар үшін бірлік пен ынтымақ символы ретіндегі шаңырақ бейнесімен Елтаңбада және өмір сүру мақсаттары мен принциптерін білдіретін гимн әлемге Қазақстан Республикасы атты жаңа тәуелсіз мемлекеттінің образын танытты.
Бүгінде біз қазақстандық мемлекеттілікті қалпына келтіру жөніндегі тарихи миссия табысты орындалғанын сеніммен айта аламыз.
Ел рәміздеріне құрмет әр азаматтың азаматтық парызы болып табылады.
Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін сіздерге бақыт, ашық аспан, табыс тілейміз!