Кеше біздің емдеу-сауықтыру кешеніміздің конференц-залында белгілі қазақ ақыны және қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті.
Ақұштап Бақтыгереева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және басқа да көптеген мемлекеттік марапаттар мен медальдардың лауреаты.
Шығармашылық кеште Ақұштап Бақтыгерееваның танымал өлеңдері оқылып, қонақтармен қоғамдағы біршама мәселелері талқылады. Шипажай қонақтары да белсенді қатысып, ақынмен естелік суретке түсті.
Онымен қоса, «Оқжетпес» шипажайы Еуропалық стандарттарға сәйкес, жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылысы үшін «Еуропалық сапаға лайықты» халықаралық марапатына ие болған.
Сіздерді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде күтеміз!
Бүгін «Хабар» телеарнасының түсірілім тобы «Оқжетпес» шипажайында қонақта болды.
Түсірілім еліміздің танымал брендтері туралы айтатын «Q-Brand» бағдарламасы үшін жасалды. Эфирге келесі сенбі, 31 қазан 10:20-да шығады.
«Хабар» агенттігі биыл өзінің мерейтойын атап өтуде. «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені телеарна ұжымын 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Қонақтарымыздың жайлы демалысы үшін біздің шипажайда емшаралардан бөлек көңіл-көтеруге және бос уақытты тиімді өткізуге арналған түрлі бағдарламалар бар. Мәселен:
Бос уақытты тиімді өткізу арқылы сіз сауықтыру демалысыңызды екі есе пайдалы әрі қызықты өткізе аласыз. Сіздермен қауышуға асықпыз!
Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 (71636) 78-101, +7 702 059 20 20 телефонына хабарласуға болады.
Сиқырға толы мына суреттерге назар аударыңыз! Табиғат тек сұлулығымен емес, ағзаңызға тигізер жақсы әсерімен де тамсандыра алады!
Ағаштар арасында серуендеу арқылы стресстен арылып, ауыр ойларды жеңілдуге болатыны ғылыми дәлелденген. АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары қала тұрғындарының жиі күйзеліске түсуі таза ауа мен табиғаттың жетіспеушілігімен байланысты деп болжап, зерттеу жүргізіп көрді.
90 минут бойы табиғатта серуендеген қатысушылар теріс ойлардың шынымен азайғанын байқаса, қалада 90 минуттық серуенге шыққандар ешқандай өзгеріс байқамағанын атап өтті.
Нәтижесінде, табиғат аясындағы серуен есте сақтау қабілетін де арттыратыны дәлелденді. Онымен қоса, ерекше пейзаж бен таңғалдыратын эмоциялар арқылы интеллектуалды күшті арттырады.
Біз сіздерді шипажайдың таңғажайып әдемі көріністерімен ғана емес, емдік пейзаждарымен де рахаттануға, тамсануға шақырамыз!
Табиғат сұлулығынан шабыт алыңыз, таза ауада жиі серуендеп, сау болыңыз!
Сізге деген қамқорлық, «Оқжетпес» ЕСК!
Құрметті достар, қадірлі қонақтар!
Сіздің сеніміңіз бен жайлылығыңыз біз үшін өте маңызды! Сондықтан әр сәрсенбі сайын біздің емдеу-сауықтыру кешеніміздің әкімшілігі кері байланыс алу және сіздердің тілектеріңіз бен қажеттіліктеріңізді түсіну үшін демалушылармен кездесулер өткізетін болады. Онымен қоса, қандай да бір қосымша сұрақтарыңыз не тілек-ниетіңіз болса, әкімшілікпен жолығып, жеткізе аласыз.
Сізге деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» ЕСК!
Емшаралардан бөлек, шипажай аумағындағы керемет Алтын күз сіз бен бізге ұмытылмас әсер қалдырады. Оған дәлел қонақтарымыздың шабытқа толы мына фотосуреттері.
Бізді таңдап, бізге сенгеніңіз үшін рақмет!
Халықаралық дәрігерлер күні жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісі атап өтіледі. Биыл бұл күн 5 қазанға тұспа-тұс келіп тұр.
«Оқжетпес» ЕСК медицина және денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерін шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтайды! Қамқорлық, кәсіби біліктілік және біздің өмірімізді жақсартуға қосқан зор үлесіңіз бен ерең еңбектеріңіз үшін мың алғыс!
Сіздерге мықты денсаулық, амандық және кәсіби шыңдарды бағындыруға сәттілік тілейміз!
Covid-19 және пневмониядан кейінгі оңалту
Ем алушылардың пікірі
«…Біз ауруханадан шыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы анамызды үйден шығармадық, қатты қорықтық. Осылайша бір ай өтті, екі ай өтті. Ентігу және терлеу тоқтаған жоқ, күші де қалмады. Осы уақытта шипажайда ем алу туралы өзі айта бастады.
@okzhetpes.borovoe емдеу-сауықтыру кешенін таңдаған себебіміз, осы жылдың 1 тамызынан бастап шипажайда Covid-19 және пневмониядан кейін қалпына келтіру бағдарламасы іске қосылды.
Сонымен, 10-14 күнге есептелген бағдарламаға:
Ата-анам таңын күн сайынғы тыныс алу жаттығуларынан бастады – бұл денені толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді, өйткені оңалту өкпенің жұмысын қалпына келтіруге бағытталған.
«Оқжетпес» шипажайының дәрігерлері мен қызметкерлеріне ата-аналарыма көрсеткен қамқорлығы үшін үлкен алғысымды айтқым келеді. Олардың арасында менің оқырмандарым бар екен, оларға шын жүректен сәлем жолдаймын! Сондай-ақ, “Оқжетпес” ЕСК басшысы Қайрат Беркінбаевқа жедел және уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді»
Әлішер Елікбаев.
Белгілі қазақстандық PR-маман және кәсіпкер.
Халықаралық Қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында бекітілді. 1991 жылдан бастап бұл мерекені жыл сайын 1 қазанда ресми атап өте бастады.
Бұл күннің басты мақсаты – үлкендерге құрмет, көмек, сыйластық және барлығының назарын қарт адамдар тап болатын проблемалар мен қиындықтарға аудару. «Қарты бар үйдің қазынасы бар». Сондықтан, бұл күн бүкіл қоғам үшін үлкен маңызға ие.
Мерекенің өз логотипі де бар. Алақан – мейірімділік пен жанашырлықтың, қамқорлықтың символы. Қарттық – бұл алтын уақыт. Сондықтан, күзгі маусымның ортасында аға буынға арнайы күн бөлу текке емес.
Мерекелеріңізбен, біздің үлгі алар қазынамыз!