Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті жаңа жаста!

Шипажай ұжымы атынан шын жүректен «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ Президенті Беркінбаев Қайрат Шерәліұлын туған күнімен құттықтаймыз! Осыдан бір жыл бұрын Қайрат Шерәліұлы Тәуелсіздік күні қарсаңында ІІІ дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталған болатын.

Ең қызығы, «Оқжетпес» ЕСК АҚ президенті шипажаймен құрдас. Биыл «Оқжетпес» шипажайының салынғанына 55 жыл толады.

Осы сәтті пайдалана отырып, Қайрат Шерәліұлына зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн Тәуелсіздік жылдарында өткен жолдар мен барлық қазақстандықтардың мемлекетті нығайту мақсатындағы бірлескен еңбегі және Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елдің дамуына қосқан зор үлесін еске түсіретін айтулы күн.

Мерекеге орай, баршаңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейміз! Бәрімізге ортақ мемлекетіміз – Қазақстан өсіп, дами берсін!

«Оқжетпеспен» жаңар!

2020 жыл барша адамзат үшін эмоционалды түрде қиын жыл болды. Біздің емдеу-сауықтыру кешеніндегі демалыс жүйке жүйесін қалпына келтіруге және келесі жылға жаңа жоспарлар жасауға көмектеседі.

Сапалы емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсетумен қатар, біздің “Оқжетпес” шипажайы мінсіз жерде орналасқан, мұнда әрбір адам таза тау ауасын сезініп, әдемі қысқы Бурабаймен серуендеуге шыға алады.

Жаңа 2021 жылға дейін 3️6 күн қалды!

Желтоқсан – жаңа жылдық мерекелер алдында қалпына келтіру және демалу үшін ең жақсы уақыт!

Сіздерді сауықтыру демалысында күтеміз!

Суық мезгілде дұрыс тамақтану

Ауа-райы салқындаған сайын адам ағзасының жұмыс режимі айтарлықтай ерекшеленеді. Тамақтану – біздің ағзамыздың жұмысының маңызды бөлігі. Осыған орай, суық мезгілде тамақтану туралы бірнеше кеңестер ұсынамыз.

Кеңес №1. Аштыққа жол бермеңіз!

Қысқы тағамның калория мөлшері жазға қарағанда жоғары болуы керек. Бұған ауыр ақуыздар көп балық, құс еті, ет тағамдарын тұтынуды көбейту арқылы қол жеткізу қажет. Қыста онымен қоса, көмірсудан бас тартпағаныңыз жөн. Оларды диета үшін тамақтану рационынан алып тастау иммунитеттің төмендеуіне және вирустық ауруларды оңай қабылдауға қауіп төндіреді.

№2 Кеңес. Витаминдер мен дәрумендер!

Тамақтану тәртібіне дәрумендерге бай тағамдарды қосу керек. Қыста олар өте үлкен рөл атқарады. Атап айтқанда, Е дәрумені теріні ауа-райынан және аяздан қорғауға көмектеседі.

№3 Кеңес. Су ішуді ұмытпаңыз!

Тіпті қыста сіз кем дегенде 1.5 литр сұйықтық ішуіңіз керек. Кем дегенде бір литр таза су! Қалған сұйықтық компот немесе жылы шай түрінде болуы мүмкін.

№4 Кеңес. Ыстық тамақ!

Ыстық тағамдарды немесе жылы сусындарды ішуді ұмытпаңыз. Егер сіз жолда тамақтануыңыз керек болса, онда тағамды ыстық шаймен ішкен жөн.

№5 кеңес. Әртүрлі рацион!

Мәзіріңіздің барынша алуан түрлі болуын қамтамасыз етіңіз. Өнімдерді күн сайын ауыстырған жөн. Ыдыс-аяқтың әртүрлілігі және тамақтанудың бөлшек қағидасы сіздің денеңізге қыс мезгілінде белсенді өмір сүру үшін жеткілікті қуат береді.

Сіздің денсаулығыңызға деген қамқорлықпен «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені!

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтер

Біздің шипажайда демалушыларға арналған емдеу курсы 6, 10 және 14 күнді құрайды. Дәрігер демалушының денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке бағдарлама жасайды және оған келесі емдік және сауықтыру рәсімдері кіреді:

  • Аппараттық физиотерапия
  • «Майбалық» минералды суымен стоматологиялық суландыру
  • Гидротерапия
  • Бальнеотерапия
  • Минералды су
  • Фитотерапия
  • Оттегі коктейлі
  • Тамақтану
  • Қымызбен емдеу
  • Емдік гимнастика
  • Терренкур бойынша емдік серуендер
  • Ингаляция
  • Таза ауа
  • Қарағай орманы
  • Балпаш-Сор көлінің лайлы балшығы
  • Радон суы, «Оқжетпес» ЕСК аумағындағы бұлақ

Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтердің толық тізімін, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтердің тізімін www.okzhetpes-burabay.kz сайтыынан таба аласыздар.

Толығырақ ақпаратты сіз келесі телефондар бойынша ала аласыз:

+7 (71636) 78 – 101,

+7 (702) 059 20 20.

«Qai aimaq» «Оқжетпес» шипажайында қонақта!

Ағымдағы жылдың ақпан айында «Qai aimaq» жаңа бағдарламасының командасы «Оқжетпес» шипажайында қонақта болып, қысқы демалысты қалай өткізуге болатынын және қыста Бурабай қонақтарын не күтіп тұрғанын көрсеткен еді.

Бурабай аумағында көптеген табиғи көрікті жерлер кездеседі. Сондықтан курорттың айналасындағы экскурсиялар қыста екі есе қызықты. Туристер үшін қысқы балық аулау, шаңғы тебу, сырғанау ұйымдастырылады. Бурабайдың ауасы емдік қасиеттерге ие, ол денсаулыққа және жалпы көңіл-күйге жағымды әсер етеді.

Шипажай аумағы қыста қалай көрінетіні туралы қысқаша ақпаратты “Qai aimaq” бағдарламасының шығарылымынан көре аласыздар.

Тікелей сілтеме: https://youtu.be/ovJ_js8XyqQ

Қысқы демалыс жақын! Өз жоспарыңызға «Оқжетпес» шипажайын қосуды ұмытпаңыз!

Біздің емдеу-сауықтыру кешені туралы 5 қызықты ақпарат

  1. Біздің емдеу-сауықтыру кешеніміз 50 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. 1965 жылы Әулиекөл (Бурабай) көлінің жағасында, қарағайлы орманда Оқжетпес тауының етегінде Целинный крайисполкомының және сол кездегі Тың өлкесінің аудандық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін шағын демалыс үйі салынды. Бір жылдан кейін ол климаттық санаторий ретінде танымал бола бастады. Қызықты дерек –  шипажай Президенті емдеу-сауықтыру кешенімен құрдас.
  2. Шипажайдың ең алғашқы атауы «Ясная поляна». 2011 жылдан бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ» атауын алды.
  3. Ресей Федерациясының бұрынғы Президенті Борис Ельцин біздің шипажайда қонақта болған.
  4. Қазіргі уақытта «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің үш филиалы бар.
  5. 2006 жылы Андоррадағы сумен және климатпен емдеу Дүниежүзілік федерациясының Бас ассамблеясы санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы жетістіктері мен белсенді ғылыми қызметі үшін «Оқжетпес» шипажайына «Әлемнің ең үздік курорты» марапатын табыстады.

Шипажайдағы сауықтыру бағдарламасының басқа тексеруден айырмашылығы неде?

Сауықтыру – бұл кез келген аурудың асқынуын алдын алу, оңалту және шипажайдағы емшараларды қамтитын тексеруден кейінгі шипалық шаралар жиынтығы.

Шипажайда емделушілер отадан кейін ағзасын қалпына келтіріп, табиғи ресурстар мен физиотерапиялық процедуралар арқылы денсаулығын нығайтып, иммунитетін көтеріп, толық сауықтыру кезеңінен өте алады.

Сауықтыру әдістерінің басты мақсаты –  асқынуларды алдын алу.

Бурабай баурайында орналасқан «Оқжетпес» шипажайындағы сауықтыру демалысы – бұл қызмет көрсетудің және емдеудің заманауи медициналық әдістемелерінің жоғары деңгейінің үйлесімі.

Біздің кешен әр қонақтың жеке талаптары мен медициналық көрсеткіштерін толық ескеретін тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынады.

Сауықтыру демалысында жүздескенше!

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы ала аласыздар: +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.

«Оқжетпес» сапа саласындағы жоғары жетістіктері үшін марапатталды

Бүгін «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Дүниежүзілік сапа күні қарсаңында «Оқжетпес» ЕСК  сапа саласындағы жоғары жетістіктері үшін марапаттады.

«Сапа көсбасшысы 2020». Жаңа марапат – жақсырақ болуға тағы бір себеп! Баршаңызға сенім мен қолдауыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

 

Вирустық пневмониядан кейінгі оңалту қаншалықты маңызды? Үй жағдайында өкпені қалай қалпына келтіруге болады? Біздің мамандардан кеңестер.

Вирустық пневмония – бұл өкпеге қатты әсер ететін ауыр ауру түрі. Қалпына келтірудің қажетті компоненттері – толыққанды ұйқы, таза ауада жиі серуендеу және дұрыс тамақтану. Асқазан-ішек жолын қатты жүктемей, тез сіңетін тағамдарды ғана тұтыну керек.

Қалпына келтіру кезеңінде ақуыз тамағы аса қажет. Мәселен: сүзбе, ірімшік, ет, бұршақ дақылдары. Онымен қоса, әрине, жемістермен көкөністер.

Пневмонияның ауыр асқынуларының бірі өкпе фиброзы болуы мүмкін. Өкінішке қарай, өкпеге пневмонияға дейін жұмыс істеуге көмектесетін дәрілер жоқ. Өкпе тінінің өзі қалпына келуі керек, біз оған физикалық қалпына келтіруге көмектесуіміз керек. Оған көп үлесін қосатын – тыныс алу гимнастикасы.

Пневмониямен ауыратындарға спортпен шұғылдануға бола ма?

– Бірден спортпен шұғылдануға болмайды, яғни бірден жүгіруге, жаттығуға, фитнес залға баруға болмайды. Өкпенің зақымдануы міндетті түрде ағзаның физикалық белсенділігі мен науқастың жұмысының төмендеуіне әкеледі. Оның орнына емдік массажы жақсы көмек көрсете алады.

Әсіресе атап өткім келетіні, стресс қалпына келтіруге теріс әсер етеді. Мазасыздық, жағымсыз эмоциялар асқынуды тудырады, қанның тұтқырлығын арттырады. Сондықтан көп нәрсеге алаңдамай, жақсы көңіл-күйде болу маңызды.

Витаминдер мен қосымша қоспаларды қабылдау оңалту процесін тездете ме?

– Қосымша дәрілер мен витаминдердің аса қажеті жоқ. Ең дұрысы, табиғи витамин. Таңқурай, қарақат, қарлыған – дәрумендердің қоймасы.  Олардың пайдасы басқа витаминдерге қарағанда, жақсырақ.

Коноплева Л.В. – «Оқжетпес» ЕСК емдеу-оңалту бөлімінің меңгерушісі.

Брондау Онлайн төлем Оператор