Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

Байқау! Ең үздік емдеу-сауықтыру кешеніне 2 жолдама ұтып алғың келсе, қатыс та, жеңіп ал!

EuroSpa халықаралық сертификатын алған үздік шипажайға 5 күнге 2 жолдама ұтып алғыңыз келе ме? Олай болса, шарттарды орындап, бақ сынап көріңіз!

Байқау шарттары:

* @okzhetpes.borovoe парақшасына жазылыңыз;

* Осы посттың астына 5 досыңызды белгілеңіз; Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CNHTPaXHoK3/

(жалған парақшалар қабылданбайды)

* Соңғы 10 суретке лайк басыңыз;

* Парақшадағы кез келген суретті өз stories-іңізге жүктеңіз;

Байқау кезінде парақшаңыз ашық болуы керек. Жеңімпазды 15 сәуір  кездейсоқ сандар генераторының көмегімен тікелей эфирде анықтаймыз.

Сәттілік!

Инстаграм желісінде сауалнама

Аты аңызға айналған «Оқжетпес» шипажайының 55 жылдығына орай сіздер үшін @okzhetpes.borovoe Instagram-аккаунтында байқау ұйымдастырғымыз келеді.

Шипажай тарихындағы ең ауқымды инста-байқау басталмас бұрын, жазылушылар арасында сауалнама ұйымдастыруды жөн көрдік.

1) Әлеуметтік желідегі байқауға қатысар ма еді?

2) Жеңімпазды қалай таңдаған дұрыс, кездейсоқ сандар генераторы арқылы немесе жеке таңдау?

Өз жауабыңызды төмендегі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://www.instagram.com/p/CNCO-ttHn2n/

Толығырақ білу үшін және брондау үшін:

+7(702)059 20 20

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз – барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астында біріктіретін ең көне және құрметті мерекелердің бірі.  Жаңа жылды қарсы алу ғана емес, сонымен бірге көктемгі күннің теңесуімен қатар, бұл көктем мерекесі, тіршіліктің оянуы, табиғаттың жаңаруы.

Наурыз адамзатты біріктіріп, бейбітшілікке, ізгілік пен өзара көмекке деген ұмтылысты түп-тамырымен жандандырады.

Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен амандық әкелсін!

Сіздерге денсаулық, бақыт, адал достар, мықты отбасы, еңбекте жеміс, көктемгі көңіл-күй мен өмірлік қуаныш тілейміз!

Ата-анаға арналған ең жақсы сыйлық – шипажайға жолдама!

Біздің өміріміздегі ең маңызды адамдар – ата-ана! Біздің шипажайда сіздің ата-анаңыздың жайлы демалуы және олардың денсаулығын кешенді қолдау және нығайту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

* Біздің емдеу корпусымызда физиотерапевтік кабинеттер, сумен емдеу және балшықпен емдеу орны, урологиялық, стоматологиялық, массаж және емшара кабинеттері, Ішекті мониторлы тазалау кабинеті, ингаляторий, фитобар, зертханалық-диагностикалық бөлімше, косметологиялық кабинет бар.

* Емдеу корпусында жүргізіліп жатқан терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық база бар.

* Мониторингтің маңызды әдістерінің қатарына Ультрадыбыстық, Функционалдық, электрокардиографиялық, зертханалық диагностика, ЭКГ және СМАД жатады.

Әрине, қолайлы ауа ортасы, диеталық тамақтану және тәжірибелі мамандардың қолдауы сауықтыруға екі есе ықпал етеді!

Толығырақ білу үшін:

+7(702)059 20 20 номеріне хабарласа аласыз.

Денені қалай сергітуге және жайлы демалуға болады?

SPA – бұл керемет демалудың, толықтай босаңсу, жан-дүниенің үйлесімділігіне жету, күш-қуат пен денсаулықты қалыпқа келтірудің бірегей мүмкіндігі. Сіздердің назарларыңызға «Ай және Күн» – азиялық массаж сфералары бар сергіткіш SPA-күтімін  ұсынасыз.

Бұл процедура тәніңіз бен жаныңызға нағыз рахат сыйлайды әрі теріні қалпына келтіреді. Ол екі түрлі сфераны қолдана отырып, екі массаж әдісін біріктіретін күтім.

Қызғылт сары “Күннің” жылуымен толтырылған сфералар бұлшықет кернеуін жеңілдетеді.

Индиго түсінің «Ай» сфералары үйлесімділік пен тыныштық сезімін қайтарады. Күн мен Айдың бұл одағы әрқайсымызға ерекше күш пен жұмсақтықты символдық түрде біріктіреді.

Нәтижесінде өмірлік энергия мен тері тонусы қалпына келеді, бүкіл денеде сергектік пен жеңілдік сезімі пайда болады. Сонымен қатар, теріні тез ылғалдандыратын әсері бар.

Сіздерді сұлулық пен сауықтыру демалысында күтеміз!

+7(702)059 20 20

Таныс болыңыздар, біздің қызметкерлер!

Көпшіліктің сұрауы бойынша бүгіннен бастап қызметкерлерімізбен танысу айдарын бастаймыз.

Суретте «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің медициналық оңалту бөлімінің меңгерушісі – Любовь Васильевна Коноплева.

Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер және терапевт мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Жалпы еңбек өтілі 40 жыл, оның ішінде ҚР ПІБ МО жүйесінде 18 жыл, «Оқжетпес» ЕСК АҚ -да 3,5 жыл.

Көктем мерекесіне арналған ерекше кеш

Кеше біз шипажайдың әдемі жартысын көктемгі мерекемен құттықтап, шағын тосын сый жасадық. Сіздермен ұмытылмас күннің үзінділерімен бөліспекпіз. Видеоның толық нұсқасын https://www.instagram.com/p/CMMDVZxptu3/ сілтемесі арқылы өтіп, көре аласыздар. ⠀

Жарқыраңыз, гүлдей жайнаңыз! Сіздер қашан да ең жақсысына лайықсыздар, қымбатты ханымдар!

Құрметті ханымдар, мерекелеріңізбен!

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы Сіздерді жылдың ең нәзік мерекесі-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздерге барлық армандарыңыздың орындалуын, көңіл-күйіңіздің әрқашан көтеріңкі болуын тілейміз! Сіздердің нұрлы жүздеріңізді ешқашан мұң шалмасын, дендеріңіз сау, бауырларыңыз бүтін, отбасыларыңыз аман болсын.

Көктемнің жарық күніндей өміріңіз сәнді болғай!

«Оқжетпес» ЕСК Check-up бағдарламасы үшін «Медсканер БИОРС-04» жаңа аппаратын сатып алды

Велнесс бағдарламалық кешені медициналық аппараты  – емделушінің денсаулығын толығымен көрсетіп, диагностиканың 10 түрін, терапияның 8 түрін және дәрі-дәрмек тестін жүргізуге мүмкіндік береді. Шипажай жағдайында қолда бар емдеу базасын ескере отырып, оңалту іс-шараларын сапалы өткізуге арналған бірегей аппарат.

Денені тез және толық тексеру әдісі физиотерапиялық процедураларды орындау үшін қолдануға болатын есептерді алуға, таңдалған физиотерапиялық процедураның және қалпына келтірудің немесе емдеу стратегиясының қаншалықты тиімді екенін бақылауға көмектеседі.

Енді емдік шаралары бұрынғыдан да жақсырақ болады!

Шипажайдағы тамақтану

Тамақтану – бұл емдеу процесінің маңызды компоненттерінің бірі. Сондықтан біз сіздер үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыруда ерекше назар аударамыз.⠀

Біздің емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану режимі, сондай-ақ қымыз қабылдау рәсімі ұйымдастырылған. Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін қонақтар үшін дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақтану белгіленеді немесе жеке тамақтану тәртібі тағайындалады.

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін өз таңдауыңыз арқылы келесі күні алдын-ала тапсырыс беру жүйесін қолданамыз. Тамақтану жиілігі емдік кезеңге және диетолог тағайындаған диетаға байланысты төрт, бес немесе алты рет болуы мүмкін.

Тамақтану тұру құнына кіреді, ал мәзір әр түрлі және оны өзіңіз таңдай аласыз.

Сіздерді сауықтыру демалысына күтеміз!

+7(716 36) 78-101

+7(702)059 20 20

Брондау Онлайн төлем Оператор