Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін
semja

Отбасы күнімен!

Бұл мереке біздің республикамыздың мерекелер тізіміне 2013 жылы енгізіліп, сол сәттен бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісі атап өтіледі.

Сіздерді өткен мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық және зор денсаулық тілейміз!

vagnaja_info

Маңызды ақпарат!

Құрметті оқырмандар! Егер Сіз біздің шипажайға сауықтыру демалысына келуді жоспарлап жүрген болсаңыз, 3 күннен аспайтын теріс нәтижелі ПТР-тестін (ПЦР-тест) тапсыруды алдын ала жоспарлауыңызды өтінеміз.

Тағы бір маңызды ақпарат! 5 жастан асқан балаларда да ПТР-тесті болуы керек. 5 жасқа дейінгі балаларда эпидорталықтан анықтама жеткілікті.

Біз үшін ең бастысы – Сіздің денсаулығыңыз! Түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз!

rijik

Біздің тиіндер де сіздерді сауықтыру демалысында күтеді!

Тиін – біздің шипажайдың тұрақты қонағы. Тіпті тұрғынға айналған тиіндер барша шипажайға келген қонақтарымызды қонақжайлылығымен қуантады. Қолдан тамақтандырғанды ұнататын тиіндер сіздерге сәтті апта тілейді!

Қызықты ақпарат: тиін стресстен арылуға көмектеседі.

Олай болса, бізге келіп, тиіндермен тілдесіп, өміріңізді жағымды эмоциялармен толтыруды ұсынамыз!

Брондау бөлімінің байланыс телефоны: +7 702 059 20 20

1-sentebrya

Білім күнімен!

«Оқжетпес» ЕСК баршаңызды білім күнімен шын жүректен құттықтайды!  Жаңа оқу жылы жаңа белестер, пайдалы білім мен жақсы дағдыларды, берік достық пен сенімді достарды әкелсін!

Жаңа шыңдарды бағындыру жолында сіздерге мықты денсаулық тілейміз!

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Бүгін әр тұрғынның құқығын айқындайтын, мүддесі мен меншіктерін қорғайтын Конституция күні. Ата Заң – қашан да биік тұратын тұғырлы құжат.

 «Оқжетпес» ЕСК» АҚ барлық қазақстандықтарды еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бейбітшілік, еңбекте табыс және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілейді!

29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

«Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар шынайы ерлік пен қайсарлық танытты. Олар халық жадында мәңгі сақталады», — делінген Ақорда сайтында жарияланған Тоқаевтың өкімінде.

Қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз…

Шипажай акт залында Конституция күніне арналған салтанатты кеш өтті

Бүгін біздің шипажайдың акт залында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президентінің қатысуымен Конституция күніне арналған шағын концерт өтті.

Барлық сүйікті оқырмандарымызды маңызды мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз және жайлы демалыс тілейміз!

Саналы таңдау: «Оқжетпес» ЕСК» АҚ ұжымы 100 пайыз вакцинацияланды

Бұл туралы БАҚ беттерінде бірнеше мақала жарияланды. Толығырақ төмендегі сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздар:

https://www.inform.kz/ru/osoznannyy-vybor-100-procentno-provakcinirovalsya-kollektiv-ao-lok-okzhetpes_a3827181/amp

https://www.kazpravda.kz/fresh/view/zhiznenno-neobhodimoe-reshenie

https://atameken.kz/ru/news/44657-ne-povod-rasslablyat-sya

http://kokshetau.asia/socialnews-mobile/68625-kollektiv-ao-lok-okzhetpes-100-protsentno-provaktsinirovalsya

«…Дәл осы жерде мені бұрынғы өміріме қайтарды, қорқынышты аурудың салдарын толығымен жойды»

Ата-анамен сауықтыру демалысына!

Біз ересек балалардың ата-аналарын сауықтыру демалысына қалай әкелетініне және бірлескен демалыстың әр минутынан ләззат алатынына жиі куә боламыз. Мұндай сыйлыққа сіздің ата-анаңыз да лайық!

Ата-анаңызбен пайдалы уақыт өткізгіңіз келе ме? Бізге келіңіздер!

Бос орындар туралы толық ақпаратты төмендегі байланыс номері арқылы біле аласыздар:

+7 702 059 20 20

Брондау Онлайн төлем Оператор