Ақпаратты таныстарыңызға таратуыңызды өтінеміз. Соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар біздің санаторийге жалған “жолдамалар” сатады.
Алаяқтардан сақ болыңыз! Брондау бөлімімен байланысу үшін: +7(702)-059-2020
Көрсетілген нөмірлер бойынша байланыса алмасаңыз, direct-ке жазуға болады. Кез келген уақытта жауап береміз
Құрметпен, сіздің ” Оқжетпес”!
Емшалардан бос уақытта шипажай аумағында қайық не катамаранмен серуендеп, жағажайда күн сәулесіне қыздырынып, рахаттана аласыз.
Жағажайда демалу мен катамаран жолдама құнына кіреді. Оның үстіне, келесі апта +30 градус.Жаз жалғасады!
Шипажай мамандарының кеңесі:
Құрметті оқырмандар мен қонақтар!
Қазгидромет алдағы күндері ауа температурасының көтерілуін жобалады.
Күн мен сәуле соққыларын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береміз:
Сізге және денсаулығыңызға деген қамқорлықпен, «Оқжетпес» шипажайы!
Біздің шипажай аумағында енді жас жұбайлар өміріндегі ең керемет сәтін атап өте алады.
Бурабайдың саф ауасы, ерекше табиғаты, шипажайдың шипалы әрі әдемі маңайы, дәмді тағамдар, ән мен би – мұның бәрін бізбен бірге ұйымдастыра аласыздар.
Байланыс үшін: +7702-059-2020
«Оқжетпес» ЕСК АҚ «ШИПАЖАЙ-2023» VIII Халықаралық ғылыми-практикалық форумына қатысты.
Форум санаторийлік-курорттық саладағы қазақстандық және халықаралық сарапшыларды, ғылыми-зерттеу институттарының, оңалту орталықтарының, санаторий мекемелерінің, фармацевтикалық компаниялар мен медициналық жабдықтардың өндірушілерін біріктіреді.
Форумға қатысушылар санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру, үздік практикаларды қолдану мәселелері бойынша тиімді диалог пен тәжірибе алмасуды көрсетеді, санаторийлік-курортттық саладағы ұйымдастырушылық, кадрлық, зияткерлік және ғылыми мәселелерді нәтижелі талқылайды.
Форумға біздің шипажайлар да қатысып, іс-шара барысында емдеу-сауықтыру кешенінің жұмыстарымен танысып, білікті дәрігерлеріміз пайдалы ақпараттарымен бөлісті.
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде шипажайдың демалушыларына арналған коворкинг аймағының жобасы аяқталды.
Шипажайда қазір демалушылар кітап оқып қана қоймай, жұмыс істей алатын жеке аймақ бар. Компьютер, тегін WiFi, көптеген кітаптар – мұнда кез келген адам демалып, кітап оқып, компьютерде жұмыс істей алады.
Біздің шипажай қонақтарына тірек-қимыл аппаратының қызметін жақсартуға және дененің жалпы профилактикасына бағытталған емдік дене шынықтыру кешендерін ұсынуға асықпыз.
Таңғы гимнастика күн сайын 10:30-да шипажай алаңында өтеді. Жүздескенше!
Бүгін барша қонақтарымызды танымал жазушы Дулат Исабековпен өтетін кешке шақырамыз!
Дулат Исабеков – жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек Ері.
20:30-да шипажай конференц-залында жүздескенше!
Қымыздың емдік қасиеттері бұрыннан белгілі. Бұл дәрумендердің, микроэлементтердің қоймасы ғана емес, қымызбен емдеу қандағы гемоглобиннің құрамын арттырады және қанның лейкоциттік формуласын жақсартады.
Қымыздың арқасында ағзаның әртүрлі ауруға төтеп беруін қамтамасыз ететін және сауығуға ықпал ететін иммундық ахуалы түзеледі.
Біздің шипажайда барлық қонақтар күнделікті осы емдік сусынды қосымша сауықтыру құралы ретінде қабылдай алады. Ол бесіндік ас кезінде беріледі. Қымызбен емдеу тәсілі шипажайда 2002 жылдан бері қолданылады және оны күн сайын «Қарабауыр» ауылының қосалқы шаруашылығынан алып келеді. Балғын әрі ерекше дәмді қымызды қонақтардың барлығы жақсы көреді.
Сіз де дәмін көргіңіз келе ме? Онда бізге міндетті түрде қонаққа келіңіз!
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бүгінгі таңда Астана – әлемдегі ең әдемі және жас астаналардың бірі. Ол өзіне әртүрлі елдерден туристер мен қонақтарды тартады, ірі халықаралық іс-шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығы болып отыр. Астананың бейбіт атмосферасы қайталанбас архитектуралық көрініспен, Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен, Қазақстан халқының мәдениеті мен салтының барлық байлығымен ұштастырылады.
Осы маңызды мерекемен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Біздің елордамыз гүлдене берсін, әр отбасының өмірі қуанышты оқиғаларға, шаттық пен болашаққа деген нық сенімге толы болсын!
Сіздерге зор денсаулық, мол табыс пен бақыт тілейміз!
Құрметті шипажай қонақтары! Баршаңызды 7 шілде, елорда күніне орай өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз! Кеш қонағы еліміздің танымал шоқ жұлдызы, әнші – Бейбіт Қорған.
Мерекелік кеш шипажай аумағында кешкі 20:30-да өтеді.
Көріскенше!