Қаз
брондау ережелерінің шарттарымен келісемін

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ серіктестігімен «Мейірімділік керуені» II Республикалық байқауы

22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен «Мейірімділік керуені» жобасының қатысушылары марапатталды. Жоба «Окжетпес» ЕСК» АҚ серіктестігімен екінші жыл қатарынан өткізілуде.

«Мейірімділік керуені» II Республикалық байқауының финалистерін марапаттау салтанатты рәсіммен өткізілді. «Батыл жүрек» номинациясы бойынша байқаудың финалистеріне марапаттарды табыстаудың құрметті миссиясы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Біріккен санаторийлерінің президенті Қайрат Беркінбаевқа жүктелді.

Тахир Закизьяновқа марапатты табыстау ерекше эмоциялық сәт болды. Өз өміріне қауіп төндіріп, ол жанып жатқан пәтерден 3 баланы құтқарды. Ол кісі марапаттау күніне дейін көзін жұмған болатын. Залда отырғандар батырдың ағасының қайғысына ортақтасып, ду қол шапалақпен көңіл айтты.

Барлық финалистерді естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапаттады, ал жеңімпаздарға «Оқжетпес» санаторийіне жолдамалар табысталды.

Брондау Онлайн төлем Оператор