Skip to content
Главная страница » «Оқжетпес» ЕСК қызметкерлері тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

«Оқжетпес» ЕСК қызметкерлері тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін Ұлы Жеңіс күніне орай «Ок-Жетпес» ЕСК» АҚ қызметкерлері тыл еңбеккерлерін арнайы құттықтап, олардың соғыс жылдарындағы еңбегі, төзімі мен Отан алдындағы зор үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Мерекелік құттықтаулар мен азық-түлік себеттері келесі ардагерлерге табысталды:

— Елбергенов Өтелбай, 14.03.1936 ж.т.;
— Зейнуллин Бегайдар Мұқанұлы, 19.07.1934 ж.т.;
— Безрученко Анна Никоноровна, 05.12.1931 ж.т.

Біз қиын кезеңдерді бастан өткеріп, Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдерін мақтан тұтамыз. Олардың ерлігі мен қажырлы еңбегі — кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге.

«Ок-Жетпес» ұжымы үшін ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, қамқорлық таныту және олардың ерлігін ұмытпау — маңызды міндеттердің бірі.

Сіздерге бейбіт аспан, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!
Ерен еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Leave a Reply