Біздің кешен үшін жыл сайын өзгермейтін дәстүр бар. Қазан айы біз үшін игі істер айы.
Өткен сенбіде бүкіл Қазақстан қарттар күнін атап өтті. Осы күннің құрметіне біз де 30-40 жылдан астам уақыт жұмыс істеген кешеніміздің 59 ардагеріне сыйлық дайындадық.
Біздің қызметкерлер бүгіннен бастап бір ай бойы әр ардагердің үйіне барып, сыйлық себеттерін табыстайды.
Олардың әрқайсына ерең еңбегі мен біздің емдеу-сауықтыру кешеніміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреміз! Мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!